I бөлім. 2011 жылы республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары



бет12/13
Дата12.06.2016
өлшемі3.66 Mb.
#129818
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Халықтың жан басына шаққандағы ең жоғары кірістері, яғни 84,3 мың теңгеден 112,9 мың теңгеге дейінгі кірістер ЖӨӨ-сі жоғары төрт өңірде (Астана және Алматы қалалары, Атырау және Маңғыстау облыстары) байқалуда. Бұл ретте дамудың республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша аталмыш өңірлерге бөлінген қаражаттың үлесі басқа өңірлермен салыстырғанда жоғары және 28,1%-дан 67,8%-ға дейін құрайды.

Жан басына шаққандағы ең аз кірістер – Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, тиісінше, 34,2 мың теңге және 31,7 мың теңге.

Халықтың жан басына шаққандағы ең көп және ең аз өңірлік кіріс деңгейінің арасындағы айырмашылық 3,6 есе болды.

Қала және ауыл халқының кедейшілік деңгейінің арасында күрт айырмашылық байқалып, республика бойынша 2,7 есеге жеткен. Ең көп жікке бөліну көрсеткіші мына облыстарда: Атырау облысында – 9,7 есе, Қостанай облысында – 4,1 есе, Маңғыстау облысында – 3,6 есе, Ақтөбе облысында – 3,5 есе.

Үкіметтің трансферттерді, субсидиялар мен субвенцияларды, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді пайдалана отырып, бюджетаралық қатынастарды реттеуге қатысты қабылдап жатқан шаралары өңірлердегі және өңірлер арасындағы халықтың әлеуметтік жағдайын теңдестіруді қамтамасыз етпейді.

Өңірлердің арасындағы және өңірлердің ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан келтірілген айырмашылықтар шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейінің жеткіліксіздігін, жергілікті атқарушы органдар өңірлердің әлеуетін нашар пайдаланып отырғанын көрсетеді. Бұл Үкімет жүргізіп отырған өңірлік саясаттың кемшіліктері - жергілікті жерлердегі істің жағдайын алдын ала жан-жақты зерделемей және олардың пайдаланылуын бақылаудың әзірленген тетігін жасамай, өңірлерге республикалық бюджет қаражатын бөлетінін көрсетеді.



Мұндай факторларды жергілікті бюджеттің кірістерінен көруге болады. Түсімдердің 70%-ға дейінгі негізгі үлесін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының және олардағы халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуінің деңгейін көрсететін жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС) және әлеуметтік салық (бұдан әрі – ӘС) қамтамасыз етеді.

16-кесте

2009-2011 жылдардағы

жергілікті бюджеттердегі ЖТС және ӘС

млрд.теңге

Өңірлер

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

ЖТС, әлеу.

са-лық

*ЖБ

Үлес (2-б../ 3-б.)

%

ЖТС, әлеу.

са-лық

*ЖБ

Үлес (5-б./

6-б.)

%

Өсу қарқ. (5-б./

2-б.)

%

ЖТС, әлеу.

са-лық

Жерг.бюд.

Үлес (9-б./

10-б.) %

Өсу қарқ.(9-б./

5-б.)

%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 12

Ақмола обл.

13,9

22,7

61,2

14,7

25,3

57,9

105,4

18,0

30,9

58,3

122,8

Ақтөбе обл.

21,1

57,3

36,8

23,6

58,4

40,4

111,9

28,3

64,2

44,0

119,8

Алматы обл.

17,8

43,2

41,3

20,3

55,5

36,5

113,8

24,8

69,0

36,0

122,4

Атырау обл.

59,6

92,9

64,2

71,4

103,5

68,9

119,7

80,3

113,8

70,5

112,5

Шығыс Қаз. обл.

27,3

42,2

64,6

29,8

45,4

65,6

109,3

37,0

52,9

70,0

124,2

Жамбыл обл.

10,3

16,2

63,4

11,7

20,5

56,8

113,7

15,0

26,0

57,9

128,8

Батыс Қазақстан обл.

29,3

51,2

57,3

31,0

45,6

68,0

105,6

31,1

39,4

78,9

100,3

Қарағанды обл.

37,3

63,8

58,4

39,1

67,4

58,0

104,8

46,8

79,8

58,6

119,8

Қызылорда обл.

10,8

33,7

32,0

12,5

21,2

59,1

116,4

14,3

23,6

60,8

114,4

Қостанай обл.

17,5

28,7

60,9

19,2

32,6

59,1

110,0

23,5

39,0

60,2

122,1

Маңғыстау обл.

32,3

55,5

58,2

37,9

59,8

63,2

117,2

46,3

72,9

63,4

122,2

Павлодар обл.

20,8

44,4

46,8

23,1

46,7

49,5

111,3

27,8

52,3

53,2

120,4

Солтүстік Қазақстан обл.

10,8

16,2

66,4

11,2

17,8

63,2

104,2

13,9

20,8

67,0

123,8

Оңтүстік Қазақстан обл.

22,8

40,0

57,0

26,3

48,0

54,8

115,4

33,0

55,4

59,6

125,5

Алматы қаласы

123,0

15,9

77,6

139,5

192,8

72,4

113,4

164,6

209,3

78,7

118,0

Астана қаласы

47,1

65,3

72,1

55,0

80,3

68,5

116,8

68,4

95,7

71,4

124,3

Қазақстан Республикасы

501,6

831,8

60,3

566,2

920,9

61,5

112,9

673,1

1 044,9

64,4

118,9

*Жергілікті бюджеттің кірістері

2011 жылы жергілікті бюджеттердегі ЖТС мен ӘС үлестерінің орташа алғандағы республикалық мәні 64,4%-ды құрады. Жамбыл (57,9%), Павлодар (53,2%), Ақтөбе (44%), Алматы (36%) және басқа да облыстардағы көрсеткіштер бұл деңгейден төмен. Ең жоғары көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында (78,9%), Алматы қаласында (78,7%), Астана қаласында (71,4%), Атырау (70,5%) және Шығыс Қазақстан (70%) облыстарында байқалды.

2010 жылмен салыстырғанда, ЖТС мен ӘС өсуінің ең жоғары қарқынын Жамбыл (128,8%) және Оңтүстік Қазақстан (125,5%) облыстарында, Астана қаласында (124,3%), Шығыс Қазақстан (124,2%) және Ақмола (122,8%) облыстарында көрсетті.

Өңірлердің 2009-2011 жылдардағы және 2011 жылы жан басына шаққандағы бюджеттері 28-диаграммада берілген.



28-диаграмма

Өңірлердің 2009-2011 жылдардағы және 2011 жылы жан басына
шаққандағы бюджеттері


Диаграммада көрсетілгендей, мемлекеттің қаржылық қолдауы жыл сайын жалпы ішкі өнімдегі жалпы өңірлік өнімнің ең көп үлесін қамтамасыз ететін, сонымен бірге халықтың жан басына шаққанда 193,2-468,6 мың теңге болып, бюджет қаражатының ең жоғары мәніне ие өңірлерге (Алматы және Астана қалалары, Атырау және Маңғыстау облыстары) көрсетіледі. Ал басқа өңірлердегі аталмыш көрсеткіш 117,0-164,2 мың теңге арасында өзгеруде.

Өңірді дамытуға арналған республикалық бюджет қаражатын бөлген кезде елдің әлеуметтік-экономикалық саласында өңірдің салыстырмалы түрдегі артықшылықтары мен кемшіліктерін, инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу деңгейін, сауда-коммерциялық әлеуетін, ұдайы өндірістік базасының жағдайын, өндірістік күштерді аумақтық-салалық ұйымдастыруды дамыту деңгейін, шаруашылықтың озық нысандарының дамушылығын ескеру қажет.



4.2. ӨҢІРЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Есепті кезеңде Қазақстанның өңірлерінде тек жекелеген өңірге ғана емес, сонымен бірге республиканың барлық аумағы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар 1900-ден астам инвестициялық жоба іске асырылды.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған республикалық бюджет шығыстарының серпіні соңғы үш жылда мынадай болып қалыптасқан: 2009 жылы – 758,0 млрд.теңге, 2010 жылы – 928,5 млрд.теңге және 2011 жылы – 1008,6 млрд.теңге.

29-диаграмма

2009 -2011 жылдары

инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатының игерілуі

млрд.теңге


2011 жылғы бекітілген республикалық бюджетпен салыстырғанда, инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемі нақтыланған кезде 239,4 млрд.теңгеге ұлғайып, 1008,6 млрд.теңгені құрап, 31,1%-ға өскен. Соның ішінде орталық мемлекеттік органдар іске асырып жатқан инвестициялық жобаларға – 359,9 млрд.теңге, нысаналы даму транферттеріне – 596,1 млрд.теңге және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік кредиттерге – 52,6 млрд.теңге бөлінген.

Қаржының 988,6 млрд.теңгесі немесе 98%-ы, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар іске асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша – 340 млрд.теңге (94,5%), нысаналы даму трансферттері бойынша – 596,0 млрд.теңге (99,9%) және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік кредиттер бойынша – 52,6 млрд.теңге (100%) игерілген.



30-диаграмма

2011 жылғы инвестициялық жобаларды қаржыландыру және игеру

млрд.теңге
Өткен жылдармен салыстырғанда, 2011 жылы инвестициялық жобаларды іске асыруға арналып республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінің ұлғайғанына қарамастан, 2010-2011 жылдары оларды іске асыруға бөлінген қаражаттың игерілмей қалған қалдығы 18,5 млрд.теңгеден 19,9 млрд.теңгеге дейін ауытқыды.

Есепті жылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген 19,9 млрд.теңге игерілмей қалды, бұл игерілмей қалған жалпы қаражаттың 47,1%-ын құрайды (42,3 млрд.теңге) [1. 11., 176-бет].

17-кестеде көрсетілгендей, қаржының ең көп игерілмеуіне жол берген республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшілері мыналар:

17-кесте

Жекелеген мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игермеуі

млн.теңге



Мемлекеттік органдардың атауы

Жоспар

Іс жүз.

Ауытқу

(+,-)

Жос-парға %-бен орынд.

Инвест-жоба

лардың игерілмеуінің жалпы сомасына %-бен

1.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

13832,1

4210,8

-9621,3

30,4

48,2

2.

Денсаулық сақтау министрлігі

8609,5

5789,7

-2819,8

67,2

14

3.

Төтенше жағдайлар министрлігі

12758,5

11080,3

-1678,2

87

8,5

4.

Білім және ғылым министрлігі

8616,7

7346,3

-1270,4

85

6,5

5.

Қаржы министрлігі

13902,9

12967,7

-935,2

93,3

4,5

6.

Ауыл шаруашылығы министрлігі

45669,0

44758,7

-910,3

98

4,5

Қаражаттың игерілмеуінің басты себептері:



  1. бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан қаражатты іске асыруға тиісті мониторинг пен бақылау жүргізілмегендіктен, инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерінің бұзылуы;

  2. ТЭН-нің және ЖСҚ-ның сапасыз болуы әрі уақтылы дайындалмауы;

  3. қаржыландырылатын жобалардың мемлекеттік сараптамасының болмауы;

  4. шарттық міндеттемелердің уақтылы орындалмауы.

Денсаулық сақтау министрлігі жалпы құны 8,6 млрд.теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобаның 2,8 млрд.теңгесін немесе 32,5%-ын игермеген. 2011 жылы аяқталуы жоспарланған құны 29,9 млрд.теңге болатын 7 инвестициялық жобаның құны 7,2 млрд.теңге болатын 2 жобасын іске асырмаған.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруға 2,3 млрд.теңге бөлініп, оның 1,7 млрд.теңгесі игерілмеген. Оның ішінде құрылымдалған кабельдік жүйені монтаждау бойынша ЖСҚ болмағандықтан, құны 1,2 млрд.теңге тұратын IТ-жабдық сатып алынбаған.



Ауыл шаруашылығы министрлігі 2011 жылы 63 инвестициялық жобаны аяқтауды жоспарлап, іс жүзінде құны 44,1 млрд.теңге тұратын 34 жобаны ғана орындаған, бұл жобаларға 2011 жылы 9,8 млрд.теңге бөлінген.

Құны 4,1 млрд.теңге тұратын 29 инвестициялық жоба іске асырылмаған, оның ішінде ЖСҚ-сы уақтылы әзірленбегендіктен, «Сумен жабдықтау жүйесін салу және реконструкциялау» атты бюджеттік бағдарлама шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетіне қарасты 24 жоба жүзеге асырылмаған.

Мердігер 23,7 млн.теңгенің шарттық міндеттемелерін орындамағандықтан, 2011 жылы құны 651,2 млн.теңге тұратын, құрылысы 2006 жылы басталған «С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университетінің техникалық факультетінің оқу корпусын салу» инвестициялық жобасы іске асырылмай қалған.

ҮИИДМБ іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасын (бұдан әрі – Индустрияландыру картасы) бекітті.



Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің деректері бойынша Индустрияландыру картасы құрылысы кезеңінде 205 мыңнан астам жұмыс орнын және пайдалану кезінде 180 мың жұмыс орнын (Республикалық карта – 142 жоба (8,6 трлн.теңге), өңірлік карталар – 467 жоба (1 трлн.теңге) қамтамасыз ететін, жалпы құны 9,6 трлн.теңге 609 жобадан тұрады.

Индустрияландыру картасына инвестициялық жобаларды, соның ішінде аяқталмағандарының іске асыру мерзімдерін ұзарту бойынша үш мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Атырау облысында құны 6,5 млрд.теңге тұратын «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын салу және аумағын қоршау» жобасының ТЭН-і жеткілікті дәрежеде сапалы дайындалмағандықтан, аталмыш жобаны іске асыру жұмыстары басталмаған. 2011 жылы бекітілген бюджетте 351,2 млн.теңге қарастырылып, аталмыш қаражат бюджетке қайтарылған, нақтыланған бюджетте ТЭН-ді түзетуге қайтадан 6,5 млн.теңге бөлінгенімен, игерілмей қалған.

«Қарағанды облысындағы Индустриялық парктің инфрақұрылымын салу» инвестициялық жобасының аясында жобаларды іске асыру және металлургия өнімдерін, сондай-ақ машина салу өнімдерін өндіруді ынталандыру бойынша инвесторларға қолайлы жағдай жасау міндеті орындалмаған. Аталмыш жобаны іске асыру үшін 2007-2010 жылдары «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ға 21,5 млрд.теңге бөлініп, оның 15,2 млрд.теңгесі 3 жыл бойы екінші деңгейдегі банктердің депозиттік шоттарында жатқан.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның соттық дауларының нәтижесінде 2010 жылы Қарағанды қаласындағы индустриялық парктің инфрақұрылымын салу тоқтатылған. 2011 жылғы 31 желтоқсанға жұмыстар тек 2,9 млрд.теңгеге немесе 18,5%-ға орындалған.

Сметалық құны 2,4 млрд.теңге тұратын кіреберіс теміржолдың, Қарағанды-Павлодар және Қарағанды-Қарқаралы автомобиль жол торабының құрылысы басталмаған.

«Қарағанды облысындағы Индустриялық парктің инфрақұрылымын салу» жобасын аяқтау мерзімі екі мәрте 2011 жылдан 2012 жылға, соңғы өзгерістер ескеріле отырып, 2013 жылға ұзартылды [2.13., 213-бет].

2011 жылы жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің есебінен 2264 инвестициялық жоба іске асырылып, есепті кезеңде оның 672,0 млрд.теңге тұратын 1522 жобасының аяқталуы жоспарланған. Іс жүзінде 1355 жоба немесе жалпы құны 517,6 млрд.теңгені құрайтын, 89%-ы іске асырылған.



Төмендегі кестеде көрсетілгендей, бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру және олардың облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда игерілу көлемі бойынша негізгі көрсеткіш Алматы қаласының (46,3 млрд.теңге, 28 жоба) және Ақтөбе облысының (20,2 млрд.теңге, 42 жоба) үлесінде. Бюджеттік инвестицияның ең аз көлемі Алматы (3,9 млрд.теңге) және Атырау (4,4 млрд.теңге) облыстарына бөлінген (18-кестені қараңыз).

18-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет