I бөлім. 2011 жылы республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары



бет3/13
Дата12.06.2016
өлшемі3.66 Mb.
#129818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Дереккөз:Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іске асыру бойынша)

Өнеркәсіптегі өңдеуші сектор үлесінің төмендеу үрдісі жалғасуда, оның үлесі бар болғаны 29,4%-ды құрады (2010 жылғы деңгейден 2,3%-ға төмен).

Өнеркәсіптің аталған секторының үлесі мынадай негізгі позициялар бойынша:

- тамақ өнімдерін өндіру 5,7%-дан 4,8%-ға дейін;

- қара металлургия 5,7%-дан 5,0%-ға дейін;

- қайта өңдеу және балықтарды консервілеу 0,1%-дан 0,05%-ға дейін;

- өсімдік майын және тоң майды өндіру 0,7%-дан 0,4%-ға дейін;

- сүт өнімдерін өндіру 1,0%-дан 0,8%-ға дейін;

- басқа тамақ өнімдерін өндіру 0,8%-дан 0,6%-ға дейін азайған;

Өнеркәсіптегі электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау секторының үлесі, 2010 жылмен салыстырғанда, 0,6%-ға азайып, 6,4%-ды құрады.

Өнеркәсіп құрылымындағы негізгі өңдеуші салалар үлесінің төмендеуінің көрсетілген фактілері ҮИИДМБ-ны жедел іске асырудың мақсаттарына сай келмейтінін атап өткен жөн. Сонымен бірге, 2011 жылы құны 1020,1 млрд.теңгенің 237 объектісі іске қосылған.

2011 жылы тек ауыл шаруашылығы саласындағы іс-шараларды субсидиялауға (қолдауға) 23,2 млрд.теңге мөлшерінде бюджет қаражаты бөлінген. Сонымен бірге, мұнай-газ секторының үлесі айтарлықтай ұлғайғандықтан, соңғы 10 жылдың ішінде ЖІӨ құрылымында ауыл шаруашылығы үлесінің төмендеп бара жатқандығы байқалады (2002 жылы – 8,0% болса, 2011 жылы – 5,2% болды).

Жалпы алғанда, 2011 жылы ауыл шаруашылығы өнімін жалпы шығару, 2010 жылмен салыстырғанда 26,7%-ға өсті, өсімдік шаруашылығындағы оның өсімі 58,6%-ды құрап, мал шаруашылығында 0,7%-ға төмендеген.

Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығы саласының дамуын талдау және бағалау үшін экономикалық белсенді халықтың ауыл шаруашылығында айналысатын үлесі, сондай-ақ ЖІӨ құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы сияқты өлшемдер негізге алынады.

Қазіргі таңда, экономикалық белсенді халықтың төрттен бірі аталған салада жүргеніне қарамастан, ЖІӨ-дегі Қазақстанның ауыл шаруашылығының үлесі 5,2%-ды құрайды.

Мысалы, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде экономикалық белсенді халықтың 2-6%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, салада еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан негізделген тәсілдері қолданылады, ол өзінің жоғары өнімділігімен, жаңа технологияларды, атап айтқанда, гендік инженерия мен биотехнологияны, роботтехникасы мен электрониканы пайдалануымен сипатталады.

Қазіргі уақытта, Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының негізгі қорлармен (барлық негізгі қорлардың шамамен 2%-ы) нашар жарақталғаны байқалады. Саланы қазіргі заманғы техникамен және технологиялармен қамтамасыз ету экономикадағы саланың қосылған құны үлесінің артуына ықпал етер еді.

Өндіріс салаларының кенже қалуы және инновациялық технологиялардың жеткілікті дәрежеде қолданылмауы экономика салалары бойынша адам ресурстарын бөлу кезінде біржақты құрылымдық өзгерістерге алып келген.



2 -диаграмма

Қазақстан Республикасы халқының жұмыспен қамтылуы және 2002-2011 жылдары олардың экономика салалары бойынша құрылымы

2-диаграммадан көрініп отырғандай, экономикада жұмыспен қамтылғандардың ұлғайғанына қарамастан, адам ресурстарының құрылымдық бөлінісі өндіріс салаларының, соның ішінде әртараптандырылған салалардың емес, көбінесе қызметтер көрсету (сауда, көлік, байланыс, білім, денсаулық және тағы басқа) саласының басымдығын көрсетеді, осы саладағы өсім 2002 жылғы 48,2%-дан 2011 жылы 54,5%-ға дейін өскен.

Өңірлерде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер тиімсіз пайдаланылуда. 2011 жылы 14 млрд.теңгеден астам қаржы республикалық бюджетке қайтарылды, 30 млрд.теңгеден астам қаржы ағымдағы шоттарға орналастырылған (Есептің 3.2-бөлімін қараңыз).

Есепті кезеңде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға елеулі қаражат бөлінді. Бөлінген бюджет қаражаты уақтылы игерілмеген, ағымдағы шоттарға және банк депозиттеріне салынған, олардың күнделікті шығыстарына жұмсалған. Бұл мемлекет активтерін тиімсіз басқаруға және жылдың соңында залалдардың пайда болуына алып келді (Есептің 3.3-бөлімін қараңыз).

2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 332,4 млрд.теңгеге ұлғайып, 4 985,9 млрд.теңгені құрады. Бұл ретте инвестициялар құрылымында шетелдік салымдардың үлесі 2009 жылдан бастап айтарлықтай төмендеп келеді.

3-диаграмма

2007-2011 жылдары қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы


Дереккөз:Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Дағдарысты 2009 жылмен салыстырғанда, 2011 жылы шетелдік инвестициялар үлесінің 16,1%-ға төмендеуі Қазақстан экономикасын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытуға Үкіметтің инвестициялық саясатты жеткіліксіз деңгейде жүргізіп отырғандығын көрсетеді.

2011 жылы екінші деңгейдегі банктердің кредиттік қаражат көлемі 1 189,8 млрд.теңгеге ұлғайып, жылдың соңында 8 781,4 млрд.теңгеге жетті.



4-диаграмма

Екінші деңгейдегі банктердің 2009-2011 жылдары экономика салаларына берген кредиттерінің құрылымы


Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
2011 жылы көлік саласындағы кредиттердің үлесі 2010 жылмен салыстырғанда (0,7%-ға), өнеркәсіпте (2,6%-ға) және экономиканың басқа да салаларында (3,2%-ға) ұлғайған. Құрылыс саласында берілген кредиттер үлесінің 18,1%-дан 14,9%-ға дейін төмендегені байқалады.

Кредиттерді алудың қиындығына (қымбат болуына) байланысты екінші деңгейдегі банктер беретін тұтыну кредиттері жүйесінің дамымай қалуы жеке тұлғаларға кредит беру үлесінің 2009 жылғы 29,1 %-дан 2011 жылы 26,7%-ға дейін қысқаруына алып келді. 2011 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерге кредит берудің үлесі, 2009 жылмен салыстырғанда, 22,3%-дан 15,3%-ға дейін төмендеген.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, банк жүйесі дамыған елдерде несие портфелінің 70%-дан астамы жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілерінің үлесіне тиеді, бұл «сөзсіз» халықтың өмір сүру деңгейіне, орта таптың нығаюына және экономиканың өсуіне әсерін тигізеді.

Бағдарламалық құжаттарда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса мән берілетіндігіне қарамастан, бүгінгі таңда Қазақстанның ЖІӨ-сіндегі оның үлесі бар болғаны 20,0%-ды құрап отыр. Ал, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 70-80%-ды құрайды.

2011 жылдың оң макроэкономикалық көрсеткіштерін қалыптастыруға мемлекеттің сыртқы сауда қызметі саласындағы жағымды серпін өзінің әсерін тигізді. Мәселен, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша экспорт көлемі дағдарысқа дейінгі деңгейден тұңғыш рет асып, 88,3 млрд. АҚШ долларын, импорт 37,9 млрд.АҚШ долларын құрады. Экспорт пен импорттың серпіні 5-диаграммада келтірілген.

5-диаграмма

Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдардағы эскпорты мен импортының серпіні


Дереккөз:Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Үкіметтің шикізаттық емес экспорттың үлесін ұлғайту жөнінде саясат жүргізіп, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеп жатқанына, әртараптандырылған экономиканың мақсатына қол жеткізудің индикаторларын айқындап отырғанына қарамастан, есепті кезеңдегі экспорт шикізаттық мақсаттағы өнімдердің есебінен қамтамасыз етілген.

ҮИИДМБ-ға сәйкес, оның индикаторларының бірінде шикізаттық емес экспорт үлесін экспорттың жалпы көлемінің кемінде 40%-ы деңгейіне дейін ұлғайту қарастырылған. 2011 жылдың қорытындысы бойынша оның іс жүзіндегі үлесі, 2010 жылмен салыстырғанда, 3,1%-ға төмендеп, 24,5%-ды құрады.

Есепті кезеңде қазақстандық экспорттың құрылымдық бөліктерін құраушы тауарлар позициясы айтарлықтай өзгерген жоқ. 2010 жылдағы сияқты, экспорттың жалпы көлемінің шамамен 77,7%-ын минералдық өнімдер (мұнай, газ, мұнай өнімдері, темір рудасы және басқалар), 13,1%-ын металл және одан жасалған бұйымдар құрап отыр [1.1., 158 бет]1.

Жағдайдың осылайша өрбуі ел экономикасын шикізатқа деген әлемдік бағалардың құбылуына тікелей тәуелді етіп, шикізат секторына тәуелді экономика секторларының (көлік, инфрақұрылым және басқалар) бәсекеге қабілеттілігіне келеңсіз әсер ететін қауіп-қатерлер сақталуда.

Жалпы алғанда, Кеден одағы аясында экспорттық тауарлар позициясын талдау экспорт көлемінің 2010 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда, 2011 жылдың дәл осындай кезеңінде 8,5%-ға ұлғайып, 3 594,8 млрд. АҚШ долларына жеткенін көрсетеді. Бұл ретте өсім экспортталатын тауарлардың физикалық көлемін 23,3%-ға қысқарта отырып, олардың бағасының (41,5%) өсуі есебінен қамтамасыз етілген.

Республикада жалпы сыртқы борыш (бұдан әрі – ЖСБ) көлемінің өсу үрдісі сақталып отыр, 2011 жылы оның мөлшері 18 158,6 млрд.теңгені (123,8 млрд.АҚШ долл.) құрады.

2009 жылмен салыстырғанда ЖСБ жыл сайын 4%-5% шамасында ұлғайып келеді (6-диаграммаға қараңыз).

6-диаграмма

Қазақстан Республикасының

2009-2011 жылдардағы жалпы сыртқы борышы


Дереккөз:Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, сома Ұлттық банк белгілеген ресми айырбастау бағамы негізінде теңгемен көрсетілген
ЖСБ құрылымында басқа секторлар үлесінің артқаны байқалып, 2011 жылы 84,1%-ды немесе 15 277,4 млрд.теңгені құрады (104,2 млрд.АҚШ долл.), банк секторы борышының үлесі 11,8%-ға немесе 2 140,7 млрд.теңгеге (14,6 млрд.АҚШ долл.) дейін қысқарды.

2011 жылы ЖСБ-ның ЖІӨ-ге шаққандағы үлес салмағы, 2009 жылмен салыстырғанда, 98,3%-дан 66,6%-ға дейін төмендеген. Алайда, оның ағымдағы төмендеуінде ЖІӨ-нің шикізаттық құраушы бөліктерінің қалыптасуы экспорттық шикізат позицияларының бағаларына байланысты екенін назарға алған жөн, бұл ЖСБ-ның ЖІӨ-ге шаққандағы қол жеткізілген деңгейін сақтауға белгілі бір қауіп-қатер туындатады.

2011 жылы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздың көлемі, 2010 жылмен салыстырғанда, 149,5 млрд.теңгеге немесе 4,6%-ға өсіп, 3379,6 млрд.теңгені құрады. Оның өсімі сыртқы борыштың артуы есебінен жүзеге асты, сыртқы борыш 2010 жылмен салыстырғанда 21,4%-ға ұлғайып, 726,8 млрд.теңгені құрады.

7-диаграмма

Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдардағы мемлекеттік борышы


Дереккөз:Қаржы министрлігі

Республикадағы ахуалды макроэкономикалық талдау мынаны көрсетті:

республика бюджеті макроэкономикалық көрсеткіштердің төмендетілген болжамдық параметрлерімен бекітіліп, нәтижесінде бюджеттің жоспарлы және нақты параметрлері арасында айтарлықтай алшақтықтар пайда болуда;

кірістерді кемітіп жоспарлау, салық және бюджетке төленетін басқа да түсімдерді ұлғайту үшін ішкі резервтерді тиімсіз пайдалану, дебиторлық берешектің пайда болуы ішкі және сыртқы рынокта едәуір қарыз алуға, үкіметтік борыш бойынша қызмет көрсету шығыстарын ұлғайтуға алып келуде;

ЖІӨ-ні экономиканың шикізат секторы есебінен қалыптастырудағы тәуелділік сақталуда;

шикізаттық емес экспорттың үлесін ұлғайту жөнінде жүргізіліп жатқан саясатқа қарамастан, 2011 жылы экспорт өсімі шикізат есебінен қамтамасыз етілген (75,5%);

экономикалық белсенді халықтың төрттен бірі ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді, осыған қарамастан аталмыш саланың ЖІӨ-дегі үлесі шамалы ғана (5%), бұған еңбек өнімділігінің төмен болуы, саланың ғылыми базасының және техникалық жарақталуының нашарлығы себеп болуда;

2011 жылдың екінші жартыжылдығында Кеден одағы аясындағы экспорттың өсімі 2010 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда экспорттың физикалық көлемін қысқарта отырып, олардың бағасының өсуі есебінен қамтамасыз етілген;

республикада жалпы сыртқы борыштың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздың көлемі өсуде. ЖСБ-ның ЖІӨ-ге шаққандағы үлесінің қысқарғанына қарамастан, ЖІӨ-ні қалыптастыруда шикізаттық құраушы бөліктердің айтарлықтай орын алуына байланысты, ЖСБ-ның өсу қаупі сақталып отыр;

Қазақстан экономикасын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытудың инвестициялық саясаты жеткіліксіз деңгейде жүргізіліп отыр;

банктік кредит беру жүйесінің дамымай қалуына байланысты, екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің жалпы көлемінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін кредиттер көлемінің үлесі қысқарған.
1.2. «2011-2013 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ БАПТАРЫНЫҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

2011 жылы Үкімет «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV Заңының (бұдан әрі – Заң) 25 бабынан 6 бабының (1, 6-1, 16, 17, 19, 21) орындалуын түрлі себептермен толығымен қамтамасыз етпеген, 13 бабын (2, 3, 6, 7, 10, 11, 12, 13-1, 14, 15, 18, 20, 22) толық көлемде іске асырған, 6 бабы (4, 5, 8, 9, 13, 23) нормативтік сипатқа ие.

Үкімет заңды іске асыру мақсатында тиісті қаулылар қабылдаған [1.2., 159-бет ].

Республикалық бюджетті іске асыру бойынша барлық параметрлер «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №1350 қаулысында (бұдан әрі – Үкіметтің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №1350 қаулысы) жазылған.

Заңға Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 ақпандағы және 20 қазандағы заңдарымен екі мәрте өзгерістер енгізілген. Үкіметтің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №1350 қаулысына 25 мәрте өзгерістер енгізіліп, оның 17 қаулысының кіріспесінде енгізіліп отырған өзгерістердің негіздемесі жазылмаған. Бұл ретте, 2011 жылға арналған бюджеттің нақтыланған және түзетілген параметрлері 2011-2013 жылдарға арналған бастапқы бюджеттен айтарлықтай өзгеше.

2011 жылдың тамыз айында Үкіметтің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №1350 қаулысына бес мәрте (2011 жылғы 3 тамызда №901, 2011 жылғы 23 тамызда №946, 2011 жылғы 25 тамызда №958, 2011 жылғы 25 тамызда №959, 2011 жылғы 25 тамызда № 961 қаулылар) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені анықталды. Сонымен бірге бір күнде, атап айтқанда, 2011 жылғы 25 тамызда қаулы үш мәрте өзгеріп, толықтырылған.

Үкіметтің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №1350 қаулысына енгізілген өзгерістерді талдау көрсеткендей, олар бюджеттің Заңда көрсетілген негізгі параметрлеріне сәйкес келмейді.

Мәселен, «2010 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту және 2010 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) сомасын 2011 жылы пайдалану (түгел пайдалану) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 147 қаулысымен Үкіметтің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №1350 қаулысына бекітілген республикалық бюджеттің параметрлеріне (кірістер, шығындар және тапшылық) қайшы келетін өзгерістер енгізіліп, олар Заңға 2011 жылғы 28 ақпанда өзгерістер енгізілгенге дейін қолданыста болған.



5-кесте

Республикалық бюджеттің негізгі бекітілген және түзетілген параметрлерінің алшақтық кестесі

млн.теңге

Р/с



Көрсеткіштер атауы

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңда көрсетілген көрсеткіштер

2011 жылғы

28 ақпандағы өзгерістер енгізілгенге дейінгі редакциясында

«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында көрсетілген көрсеткіштер 2011 жылғы 17 ақпандағы редакциясында

Ауытқу (+,-)

1

Кірістер

3 939 975,7

3 940 019,1

43,4

2

Шығындар

4 322 673,0

4 333 143,7

10 470,7

3

Бюджет тапшылығы

602 457,7

612 885,1

10 427,4

4

ЖІӨ-ге %-бен тапшылық

2,8

2,9

0,1

Осылайша, Үкімет бюджеттің негізгі параметрлерінің бірі – тапшылыққа оның мөлшерін 10,4 млрд.теңгеге, тиісінше, ЖІӨ-нің үлесін 0,1%-ға ұлғайтуға қатысты өзгерістер енгізген.

Үкіметтің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №1350 қаулысына енгізілген өзгерістер нормативтік құқықтық актінің тікелей әсерінің негізгі принциптеріне қайшы келеді. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес, төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс.

Бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бюджет кодексінің 104 және 111-баптарына қайшы келмейді, өйткені оларда бекітілген бюджеттің көрсеткіштері өзгерген жағдайда, Үкіметтің бюджетті түзетуі көзделген. Алайда Бюджет кодексінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде өткен кезеңдегі бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын және бюджет тапшылығының бекітілген мөлшерін сақтай отырып, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді ұлғайтудың әдістемесі қарастырылмаған.

Кемшіліктерді жою мақсатында, республикалық бюджетті қалыптастыру мен атқару кезінде, оны нақтылау мен түзетуді тек ағымдағы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып жүргізген жөн. Есеп комитеті бұл жайтқа бірнеше мәрте назар аударған болатын.

Есепті кезеңде Заңның 1-тармағында көрсетілген республикалық бюджеттің жекелеген параметрлері орындалмай, нәтижелілік принципіне сәйкес келмеуде. Атап айтқанда, 4 647,4 млрд.теңге мөлшерінде жоспарланған шығындар 4 605,0 млрд.теңгеге, немесе 99,1%-ға атқарылған.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдердің көлемі 16,1 млрд.теңгені немесе жоспардың 113,4%-ын құраған, салықтық емес түсімдер 26,1%-ға немесе 22,5 млрд.теңгеге асыра орындалған, соның ішінде 14,8 млрд.теңге мемлекеттік мекемелер салған айыппұлдардан, өсімпұлдардан, санкциялардан және өндіріп алулардан түскен.

Бюджет тапшылығы 575,9 млрд.теңге немесе жоспарланған көлемнен 154,4 млрд.теңгеге (21,2%) аз болып, ЖІӨ-ге үлесі 2,1 %-ды құраған, бұл Заңда белгіленген көрсеткіштен төмен (2,8%).

Заңның 6-1-бабы бұзыла отырып, республикалық бюджетке облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен 18,2 млн.теңге трансферт толық түспеген, сөйтіп дәйектілік принципі бұзылған.

Заңның 17-бабына сәйкес, Төтенше жағдайлар министрлігіне мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 7,2 млрд.теңге бөлініп, оның 6,6 млрд.теңгесі, немесе 91,6%-ы игерілген.

Мәселен, «Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 5,8 млрд.теңге жоспарланғанымен, авиациялық және автомобиль отыны толық жеткізілмегендіктен, 5,2 млрд.теңге (89,7%) жұмсалған.

Бұл ретте жаңартылған материалдық құндылықтарды сатудан бюджет кірісіне түсетін түсімдер 6,5 млрд.теңге деп жоспарланып, 8,3 млрд.теңгеге немесе жоспарланған көлемнен 27,7%-ға жоғары орындалған.

Заңның 12-бабында көзделген бюджет қаражатын пайдалану кезінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың аясында бюджет жүйесінің нәтижелілік принципінің бұзылуына жол берілген.

Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері көрсеткендей, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылу көрсеткіштеріне толық көлемде қол жеткізілмеген [2.10., 206-бет].

2011 жылы Заңның 19 және 21-баптарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 65 млрд.теңге мөлшерінде және мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 50,0 млрд.теңге мөлшерінде белгіленіп, тек 22,2 млрд.теңге немесе 34,1% (2010 жылы – 16,8 млрд.теңге немесе 19,7%) мөлшерінде мемлекеттік кепілдіктер берілген, ал, мемлекеттік кепiлгерлiк берiлмеген. Бұл бюджет жүйесінің нәтижелілік принципін бұза отырып, аталмыш қаржы құралдарының сұранысқа ие еместігін көрсетуде.

Заңның сақталмауына қатысты жоғарыда көрсетілген фактілер, жыл сайынғы бюджеттің және оның параметрлерінің нақты тапсырма ретінде емес, болжам ретінде қаралып отырғанының нәтижесі болып отыр. Бюджетті қалыптастыру кезіндегі мұндай көзқарас Үкіметке бюджет параметрлеріне оңай және жиі қайта қарауға мүмкіндік беруде.



II БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ


2.1. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

2011 жылы Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетіне - 7 546,3 млрд.теңге (трансферттерді есептемегенде), соның ішінде республикалық бюджетке – 3 126,2 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерге – 1 044,9 млрд.теңге, Ұлттық қорға – 3 375,2 млрд.теңге кіріс түсті.

2009 жылғы кезеңнен бастап шоғырландырылған бюджет кірістерінің (трансферттерді есептемегенде) ЖІӨ көлеміндегі үлесі 22,2%-дан 27,6%-ға дейін өскен.

8-диаграмма

2009-2011 жылдардағы ЖІӨ-мен салыстырғанда шоғырландырылған бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде)

2011 жылы – 145,2%, 2010 жылы –138,8% болған республикалық бюджет кірістерінің өсу қарқыны Ұлттық қорға экономиканың мұнай секторынан түскен төлемдердің өсу серпінінен қалып отыр, олар тиісінше 148,6% -ды және 165% -ды құрады. Жергілікті бюджеттер кірісінің өсімі 2011 жылы – 113,5%, 2010 жылы – 110,7% болды.



Республикалық бюджет кірістері бойынша жоспар 102,4%-ға орындалған. Кірістердің ішінде салықтық түсімдер – 3 001,2 млрд.теңге немесе кірістердің көлеміне шаққанда 67,4%, салықтық емес түсімдер – 108,9 млрд.теңге немесе 2,4%, негізгі капиталды сатудан түскен кірістер – 16,1 млрд.теңге немесе 0,4%, трансферт түсімдері – 1 325,4 млрд.теңге немесе 29,8% болды [1.3., 164-бет].

9-диаграмма

2011 жылғы республикалық бюджет кірістерінің құрылымы

млрд.теңге

2010 жылмен салыстырғанда кірістер 825,5 млрд.теңгеге ұлғайды.

2011 жылы республикалық бюджеттің кіріс бөлігін атқару кезінде салықтық және кедендік заңнамада кірістерді қалыптастыруға ықпал ететіндей айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.

Кірістердің нақтыланған жоспары 2011 жылғы кірістердің бастапқы бекітілген мөлшерінен 12,9%-ға көп.



2.1.1. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

2011 жылдың қорытындысы бойынша жоспардағы 2 934,9 млрд.теңгенің орнына республикалық бюджетке 3 001,2 млрд.теңге салық төлемдері түсіп, жоспар 102,3%-ға орындалған. 2010 жылмен салыстырғанда, олардың өсу қарқыны - 144,0%, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 143,6% болды.

2011 жылы салық түсімдерінің негізгі үлесін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге салынатын ішкі салықтар құрап, олар 1 120,3 млрд.теңге немесе салықтардың жалпы көлеміне шаққанда 37,3% болды. Соның ішінде, Ресей Федерациясы (бұдан әрі – РФ) мен Беларусь Республикасы (бұдан әрі – БР) аумағынан импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС-ны қоспағанда, Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) аумағына импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС – 323,6 млрд.теңге немесе жоспарға 104,6%, РФ аумағынан әкелінетін Кеден одағы тауарларына салынатын ҚҚС – 273,1 млрд.теңге немесе жоспарға 103,2%, ҚР аумағында жасалған тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге салынатын ҚҚС – 208,7 млрд.теңге немесе жоспарға 104,9% болды.

Кірістерге салынатын табыс салығы түсімдері 1 050,4 млрд.теңгені немесе салық түсімдерінің 35%-ын құрады, соның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент заңды тұлғалардан түскен корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) – 586,4 млрд.теңге немесе жоспарға 96,1%, мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, резидент емес заңды тұлғалардан түскен КТС – 345,8 млрд.теңге немесе жоспарға 104,7% болды.

Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салық түсімдері 813,8 млрд.теңгені немесе салық түсімдерінің 27,1%-ын құрады.

Салықтың, міндетті төлемдер мен алымдардың сегіз түрі бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалмаған.


6-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет