2002-2011 жылдардағы ЖІӨ құрылымының өзгеруі
2011 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің жалпы құрылымында тауарлар өндірісінің үлес салмағы, 2010 жылмен салыстырғанда 45,1%-дан 43,5%-ға дейін төмендеп, көрсетілетін қызметтердің үлесі 51,7%-дан 51,8%-ға дейін арта түскен.
ЖІӨ құрылымындағы өнеркәсіптің үлес салмағы 2010 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға төмендеп, 31,7%-ды құрады.
Есепті кезеңде экономиканың шикізаттық бағытқа қарай ойысу үрдісі нығая түскен.
Мәселен, Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ҮИИДМБ) іс-шараларын іске асыру жөніндегі статистикалық деректерге сәйкес, барлық құраушы секторлары бойынша өнеркәсіптің үлесі азайған тұста, тек тау-кен өндіруші өнеркәсіпте ғана өсім байқалуда, өнеркәсіп құрылымындағы оның үлесі 3,1%-ға ұлғайып, 64,2% болды, шикі мұнай мен табиғи газды өндірудің көлемі 3,5%-ға өсіп, 54,7%-ды құрады.
Бұл республикалық бюджет кірістерінің шикізаттық сектордан түсетін түсімдерге деген тәуелділігін күшейтуге әсер етті (2010 жылғы 56,7%-дан 2011 жылы 60,1%-ға дейін), сонымен бірге шикізаттық емес сектордан түсетін салықтық түсімдердің үлесі 3,4%-ға төмендеген.
3-кесте
Экономика секторлары бөлінісінде 2010-2011 жылдардағы салық және басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің үлесі*
Р/с
№
|
Салалар
|
Үлесі, %
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
1
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібі
|
56,7
|
60,1
|
2
|
Өңдеуші өнеркәсіп
|
7,8
|
7,1
|
3
|
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызметтер көрсету
|
7,3
|
6,2
|
4
|
Сауда, автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланудағы заттарды жөндеу
|
5,5
|
6,9
|
5
|
Басқалар
|
5,1
|
6,1
|
6
|
Көлік және байланыс
|
4,8
|
3,6
|
7
|
Құрылыс
|
4,7
|
3,7
|
8
|
Қаржы қызметі
|
2,1
|
1,7
|
9
|
Электр энергиясын, газды және суды өндіру және бөлу
|
1,7
|
1,4
|
10
|
Мемлекеттік басқару
|
1,2
|
0,7
|
11
|
Білім беру
|
1,1
|
0,9
|
12
|
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтерді көрсету
|
0,9
|
0,7
|
13
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерді көрсету
|
0,6
|
0,5
|
14
|
Қонақүйлер мен мейрамханалар
|
0,3
|
0,3
|
15
|
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы
|
0,2
|
0,09
|
16
|
Балық аулау кәсібі, балық шаруашылығы
|
0,01
|
0,01
|
|
Барлығы, Қазақстан Республикасы бойынша
|
100,0
|
100,0
|
* кедендік төлемдерді қоспағанда, салықтық және басқа да түсімдер, сондай-ақ Ұлттық қордан түсетін трансферттер
Өз кезегінде, республикалық бюджет шығыстарының көлемі ұлғайып келеді, алайда олардың мультипликативтік әсері барабар деңгейге жетіп отырған жоқ.
Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде ҮИИДМБ-ны іске асыруға бөлінген қаражатты пайдаланудың сенімді тетігі болмағандықтан, әрі басқа да себептерге байланысты, аталмыш қаржы тиімсіз игерілуде (Есептің 3.1.2-бөлімін қараңыз).
4-кесте
2009-2011 жылдардағы өнеркәсіптің құрылымы
Р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
2009
жыл
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
1
|
Өнеркәсіп, соның ішінде:
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
2
|
-тау- кен өндіру өнеркәсібі, %, соның ішінде:
|
60,3
|
61,3
|
64,2
|
3
|
шикі мұнай мен табиғи газды өндіру
|
50,9
|
51,2
|
54,7
|
4
|
- өңдеуші сектор, %
|
32,3
|
31,7
|
29,4
|
5
|
- электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, %
|
7,4
|
7,0
|
6,4
|
Достарыңызбен бөлісу: |