I бөлім. 2011 жылы республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары



бет6/13
Дата12.06.2016
өлшемі3.66 Mb.
#129818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Нақтыланған көрсеткіштерге қатысты шығыстар бойынша игерілмеген сома 42,4 млрд.теңге мөлшерінде қалыптасты, ал жасалған түзетулерді ескере отырып, ол 0,8 млрд.теңгеге ұлғайып, 43,2 млрд.теңгені құрады.

Үкіметтің есепті деректері бойынша 2011 жылы дебиторлық берешек 74,1 млрд.теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 43,6 млрд.теңгеге азайған.

Дебиторлық берешек, негізінен, аванстық төлемдерді өтеу, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді орындау және тауарларды жеткізу есебінен 33,1 млрд.теңгеге төмендеген.

Есеп комитетінің бағалауынша, талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешектің көбеюі айрықша алаңдаушылық туғызады, оның көлемі 2010 жылға қарағанда 82%-ға өсіп, 2,5 млрд.теңгені құрады.

Бақылау барысында Қорғаныс министрлігінде пайда болған 10,5 млрд.теңге берешектің өтелмегені, ал сот қабылдаған шешімдер бойынша өзге дебиторлық берешектің жетіспеушілігіне ауыстырғаны анықталды. Осылайша оны есептіліктен шығарған, ал өзге дебиторлық берешек жеке ұсынылып, дебиторлық берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген.

Өз кезегінде өзге дебиторлық берешек 2010 жылғы -2,5 млрд.теңгеден 2011 жылы 18,8 млрд.теңгеге, соның ішінде кем шыққан сомалар бойынша 18,5 млрд.теңгеге немесе 7,5 есе ұлғайған. Сонымен, дебиторлық берешек түрінде айналымнан алынған қаражаттың нақты сомасы 2012 жылдың бас кезінде 92,9 млрд.теңгені құрады.

Дебиторлық берешектің ең көп көлемі бұрынғыдай көлік және коммуникация (35,7 млрд.теңге), қорғаныс (14,1 млрд.теңге) министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (10,8 млрд.теңге) үлесінде [1.6., 169-бет].

Мерзімі бір жылдан асатын шарттар бойынша аванстық төлемдерді төлеумен қатар, өнім жеткізушілердің бұрынғыдай шарттағы міндеттемелерін орындамауы дебиторлық берешектің негізгі пайда болу себептеріне жатады.

14 -диаграмма

2009-2011 жылдардағы дебиторлық және кредиторлық берешек

млрд.теңге

Есепті кезеңде кредиторлық берешек 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайып, 8,1 млрд.теңгені құрады, соның ішінде мерзімі өтіп кеткен берешек 39,9 млн.теңге болды, бюджеттік бағдарлама әкімшілері оларды белгіленген тәртіппен есептен шығару жөнінде шаралар қабылдамаған.

Көлік және коммуникация министрлігі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша мердігерлік ұйымдармен жасасқан келісімшарттарға сәйкес жүргізілген жұмыстар бойынша сомалардың 5%-ын ұстау есебінен ең көп кредиторлық берешекке (7,1 млрд.теңге) жол берген.

2.2.1. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

2011 жылы республикалық бюджет шығындарының атқарылуы 42 мемлекеттік орган әкімшілік ететін 650 бюджеттік бағдарлама бойынша 15 функционалдық топ бөлінісінде жүзеге асырылды.

Шығындардың жоспарлы тағайындаулары жасалған нақтылаулардан кейін 324,8 млрд.теңгеге немесе 7,5%-ға ұлғайып, 4 647,4 млрд.теңгені құрады [1.7., 172-бет].

Шығындар мына функционалдық топтар бойынша ең көп ұлғайтылды:

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» - 1,6 есе, немесе 63,7 млрд.теңгеге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының үйлерін салуға және (немесе) сатып алуға, Алматы облысының бюджетіне тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу, жобалау үшін уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыруға нысаналы трансферттерді екі есеге өсіру есебінен ұлғайтылды;

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» - 1,5 есеге, немесе 37,4 млрд.теңгеге, Астана қаласының бюджетіне «Опера және балет театры» ЖШС-ның жарғылық капиталын ұлғайту үшін нысаналы даму трансферттері түрінде шығыстар енгізілді;

«Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану» - 31,6%-ға, немесе 26,1 млрд.теңгеге, «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетикалық жүйелерді дамытуға нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарлы тағайындауларды ұлғайтуға берілді;

«Білім беру» - 28,8%-ға, немесе 66,5 млрд.теңгеге, солардың 46,9 млрд.теңгесі «Назарбаев Университеті» АҚ-ны дамытуға нысаналы салым түрінде бөлінді;

«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары» - 20,7%-ға, немесе 39,1 млрд.теңгеге. Атап айтқанда, сумен жабдықтау жүйелерін, гидротехникалық құрылыстарды салуға және реконструкциялауға (12,7 млрд.теңгеге), өңірлерге нысаналы трансферттер түрінде мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға (5,6 млрд.теңгеге), астықты экспорттау кезінде көлік шығыстарына кететін шығындардың құнын арзандатуға (5 млрд.теңгеге) шығыстар ұлғайтылды;

«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» - 19,4%-ға, немесе 33,7 млрд.теңгеге, соның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры жүргізетін іс-шараларға арналған шығындарды 260,7 млн.теңгеден 10,2 млрд.теңгеге дейін көбейтудің, сондай-ақ бюджетті нақтылау кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыруға 7,3 млрд.теңге, байланыс операторлары желілерінің басқару және мониторингілеу жүйелерін сүйемелдеуге 4,2 млрд.теңге шығыстар енгізудің есебінен ұлғайтылды.

Жасалған нақтылаулардан кейін өңірлерде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шығыстар 4 есеге, яғни 35,8 млрд.теңгеден 9,1 млрд.теңгеге дейін қысқарды [2.10.  206-бет].

Есеп комитетінің бағалуынша, бюджеттің шығын бөлігінің функционалдық топтар бөлінісінде жалпы ұлғаюымен қатар нақтылаулар кезінде жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша көзделген сомаларды айтарлықтай төмендету не алып тастау фактілері орын алған. Бұл бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің шығындарды негізсіз жоспарлағанын және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу кезінде бюджет жүйесінің негізділік және реалистік прициптерінің сақталмағанын көрсетеді.

Атап айтқанда, «Аумақтарды дамыту» бағдарламасының жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету» (50 млн.теңге) және «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына және халықты қоныстандыру жүйесіне жәрдем көрсету үшін облыстық, бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері» (750 млн.теңге) бюджеттік бағдарламалары бойынша бастапқы жоспарланған шығыстар алынып тасталған.

Шығыстарды жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша негізсіз жоспарлау жүйелі сипат алуда, ол 2010 жылдан бері байқалуда.

Республикалық бюджеттің функционалдық топтар бөлінісіндегі нақтыланған шығындарының үлесі олардың жалпы көлемінде төмендегідей қалыптасты.

15-диаграмма

Функционалдық топтар бөлінісіндегі шығындар үлесі

(%)


2011 жылғы іс жүзіндегі шығындар 4 605,1 млрд.теңге көлемінде қалыптасты.


16-диаграмма

2009-2011 жылдардағы шығындар бойынша игерілмеген сомалар

млрд.теңге

2011 жылы бюджеттің түзетілгеніне қарамастан, есепті кезеңнің соңында 30 бюджеттік бағдарлама әкімшісі немесе олардың жалпы санының 71,4%-ы 42,3 млрд.теңгені игермеген, сөйтіп игерілмеген сома 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15%-ға ұлғайған.

Ең көп игерілмеген сома мыналардың үлесінде: Қаржы министрлігі – 10,0 млрд.теңге, Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 9,8 млрд.теңге, Төтенше жағдайлар министрлігі – 6,5 млрд.теңге, Денсаулық сақтау министрлігі – 3,1 млрд.теңге, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – 2,8 млрд.теңге.
2.2.2. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕРДІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ЖӘНЕ ӨТЕЛУІН БАҒАЛАУ

2011 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік кредит берудің көлемі бастапқы бекітілген сомадан 57,8 млрд.теңгеге ұлғайып, 184,5 млрд.теңгені құрады. Бұл ретте оның мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 45,5 млрд.теңгеге немесе 1,3 есе өскен.

2011 жылы бюджеттік кредиттер әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік көмекке, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдауға бөлінді (9-кестені қараңыз).

9-кесте

2011 жылғы бюджеттік кредиттердің негізгі бағыттары

млн.теңге


Р/с№

Республикалық бюджеттік бағдарламаның атауы


Кредит сомасы

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы


1

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін кредит беру

3 569,0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру

45 480,0

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

3

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ға агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін кредит беру

78 000,0

Ауыл

шаруашылығы министрлігі

(82960,6 млн.теңге)


4

Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегі жобаға кредит беру

588,0

5

Жергілікті атқарушы органдарға мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер

4 372,6

6

«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құруға кредит беру

3 587,6

Ұлттық ғарыш агенттігі

7

Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау

1 672,1

Қаржы

министрлігі (2 272,1 млн.теңге)



8

Үкіметтің тапшылықты жабуға резерві

600,0

9

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кредит беру

46 600,0

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі




Жиыны

184 469,3





Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредит беруге 3,6 млрд.теңге бөлінді.

Жергілікті атқарушы органдар осы мақсатқа бөлінген бюджет қаражатын толық көлемінде игерген. Алайда, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға микрокредит беру жөніндегі тікелей нәтиженің көрсеткіші толық көлемінде орындалмаған, 3 000 микрокредиттің 1 435-сі немесе 47,8%-ы берілген.

Бақылау барысында Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы түпкі қарыз алушыларға микрокредиттер тек 2012 жылғы қаңтарда ғана берілген. Жоспар бойынша микрокредиттердің орташа мөлшері 2,5 млн.теңге бола тұрып, іс жүзінде 1,86 млн.теңгені құрады.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасын (28,8 млрд.теңге) және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын (11,0 млрд.теңге) іске асыру жөніндегі іс-шараларға кредит беру үшін 39,8 млрд.теңге бөлінді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға сол қаржының 31,2 млрд.теңгесін жұмсаған. Соның ішінде, 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде – 25,2 млрд.теңге (87,4 %), Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында тек 6,0 млрд.теңге (54,8 %) игерілген.

2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне кредиттік саясатты іске асыру үшін үш республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша 83,0 млрд.теңге бөлінді.

2010 жылы мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін тұрғын үй сатып алуға бөлінген 3,5 млрд.теңгенің тек 1,9 млрд.теңгесі (54%) игерілген, бұл ретте 2 218 кредит берілген. Қалған 1,6 млрд.теңгені игеру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы №1431 қаулысымен 2011 жылғы 25 қазанға дейін ұзартылды. Мерзімі ұзартылғаннан кейін 12 жергілікті атқарушы орган осы қаражаттың 915,4 млн.теңгесін игермеген, сол себепті 2011 жылғы желтоқсанда кредиттік шарттарға қосымша келісімдерге сәйкес бюджеттік кредиттер қаражатының игерілмеген бөлігінің қайтарылуына байланысты негізгі қарыз аталған сомаға азайтылған.

2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне нақты қажеттілігі ескерілместен, қайтадан дәл осындай мақсатта 4 570 маманға кредит беру үшін 4,4 млрд.теңге бөлінген. Алайда, жергілікті атқарушы органдар тек 2 102 маманға 3,7 млрд.теңге (84,1 %) мөлшерінде кредит берген, бұл бір адамға берілетін бюджеттік кредиттің жоспарланған мөлшерімен салыстырғанда 1,8 есеге көп.

Бақылау барысында Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегі жобаға кредит беру үшін (Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің қарызы – 35 млн. АҚШ доллары немесе 5,2 млрд.теңге) ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге және аграрлық рыноктың басқа да қатысушыларына кредит беруге бағытталған қарыздың 3,0 млрд.теңгесі бөлінгені анықталды. Жобаның тиімсіз іске асырылуына байланысты, ол аяқталмай жатып, қарыздың 28,5 млн. АҚШ доллары немесе 4,2 млрд.теңге мөлшеріндегі игерілмеген бөлігі бойынша шарт 2011 жылы өзінің күшін жойды. Нәтижесінде республикалық бюджеттің шығындары төленген біржолғы комиссиялық алым үшін 142,4 мың АҚШ долларын немесе 17,1 млн.теңгені, сондай-ақ күші жойылған соманы резервтеу бойынша комиссия үшін 478,8 мың АҚШ долларын немесе 62,5 млн.теңгені құрады.

Бюджет нақтыланғаннан кейін осы мақсатқа – 588,0 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен қарыздарды қоса қаржыландыру есебінен 294,0 млн.теңге бөлінді. Бағамдық айырмасына байланысты сол қаржының 99,3 %-ы немесе 584,1 млн.теңгесі игерілді. Ауылшаруашылық тауарын өндіруші 14 шаруашылыққа кредит беру жоспарланғанымен, 35 шаруашылық кредитпен қамтамасыз етілген. Бұл ретте 1 түпкілікті қарыз алушыға кредиттің орташа мөлшері 17,2 млн.теңгені құрады, ал жоспарда 40,2 млн.теңге қарастырылған.

2011 жылы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау бойынша іс-шараларды жүргізу үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ға (бұдан әрі – Холдинг) жылдық сыйақысы 0,01% ставкамен 78,0 млрд.теңге мөлшерінде бюджеттік кредит берілген. Кейіннен Холдинг қандай да бір негіздемесіз өзінің еншілес ұйымдарына 0,5% ставкамен кредит беріп, осы операциядан 0,5 млрд.теңге мөлшерінде табыс тапқан. Сонымен бірге, еншілес ұйымдар қарыз алушыларға кредит беру кезінде жылдық 3%-дан 5%-ға дейінгі ставканы қолданған.

Холдинг өңірлік азық-түлік тұрақтандыру қорларын құру үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ға (бұдан әрі – Корпорация) 17,1 млрд.теңге бағыттаған. Корпорация осы сомаға кейіннен жылдық 3% сыйақы ставкамен Тұрақтандыру қорларын құру үшін 16 ӘКК-мен кредит беру жөнінде қарыз беру шарттарын жасасқан.

Үкіметтің өңірлерде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану жөніндегі міндеттерді әлеуметтік-маңызды өнімдерге бағаларды реттеу бойынша тұжырымдамалық мақсаттарға қол жеткізе отырып шешетіндігі күмән туғызады. Бұл, біріншіден, қаражат екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастырылғандықтан, екіншіден, кредиттер көтеріңкі пайыздық ставкамен берілгендіктен туындап отыр.

Мәселен, Корпорация «Шымкент» ӘКК-ге аударған 1,0 млрд.теңгенің 504,5 млн.теңгесі 2012 жылғы қаңтарда қайтарылған, ал Тұрақтандыру қорын құруға арналған 450,0 млн.теңге екінші деңгейдегі үш банктің депозиттеріне салынған.

2012 жылғы 22 ақпанға, Корпорация әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға займ ретінде бағытталған қаржының бар болғаны 8,4 млрд.теңгесін (49,3%) игерген. «Алматы» ӘКК және «Тараз» ӘКК бөлінген кредиттердің 17,0 млн.теңгесіне негізсіз ұн сатып алған. Корпорациядан алынған бюджеттік кредит есебінен «Алматы» ӘКК резидент емес «Баргавач» ЖШҚ үшін 1,2 млн.теңге сомаға ҚҚС төлеген. Бұған қоса, ӘКК-нің 3,1 млрд.теңге мөлшеріндегі жүкқұжат шығыстары кредиттер есебінен қаржыландырылған.

«АКК» АҚ мен Корпорацияға берілген бюджеттік кредиттен АӨК субъектілеріне кейіннен өсімдік өнімдерін сатып алуға және көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жылдық 5%-бен 60,7 млрд.теңгеге кредит берілген. Бюджеттік кредиттерді көтеріңкі ставкамен пайдаланудың нәтижесінде екі еншілес ұйым 2,1 млрд.теңге мөлшерінде қосымша табыс тапқан.

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға бөлінген 19,1 млрд.теңге мөлшеріндегі бюджеттік кредиттердің 15,9 млрд.теңгесі бұрын берілген кредиттер бойынша қайтарым сомалары есебінен өтелген.

Қаржы министрлігінде жүргізілген бақылаудың нәтижесі бойынша мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеуге және оларға қызмет көрсетуге республикалық бюджетте нақтылаудан кейін 1 672,1 млн.теңге қарастырылғаны анықталды. Төленген міндеттемелер мен іс жүзіндегі шығыстар 1 659,2 млн.теңгені құрады, 12,7 млн.теңге игерілмей қалған.

Бұрынғы жылдары мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруге инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде жол берілген қателіктер кейіннен қарыз алушылардың оларды өтей алмауына және, тиісінше, Қаржы министрлігінің республикалық бюджет қаражаты есебінен банктерге негізгі борышты, сыйақыны және жасалған кредиттік шарттар бойынша басқа да төлемдерді төлеуіне алып келді.

Қаржы министрлігі қаржылық жай-күйі күрделі әрі төлемге қабілетсіз деп бағаланатын қарыз алушылардың борыштарын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеуде. Мәселен,1999-2011 жылдар аралығында Министрлік бес қарыз алушы («Байланыс-Құрылысшы» АҚ, «СКТП «Айт-Отель» АҚ, «СКТП «Отель Астана» АҚ, «СКТП «Окан-Казинтер» АҚ және «Горкоммунхоз» АҚ) үшін 166,0 млн. АҚШ долларын төлеген, олар республикалық бюджетке тек 21,5 млн. АҚШ долларын немесе қарыздың 13%-ын қайтарған. Бұған қоса, осы акционерлік қоғамдар Мемлекеттік мүлік тізілімінде тіркелмеген, «Астана қаласының қаржы басқармасы» ММ меншік иесі болып табылатын «Горкоммунхоз» АҚ-ны қоспағанда, оларда акциялардың мемлекеттік пакеттері жоқ.

Қаржы министрлігі олардан республикалық бюджет алдындағы берешектерін өндіріп алу бойынша жеткілікті шаралар қабылдамай отыр.

2010 жылғы қазанда «Ramada Plaza» қонақ үй кешені оған іргелес жатқан жер учаскесімен бірге (бұдан әрі – Кешен) бұрынғы иесі «КТСП «Отель Астана» АҚ-ның сенімді басқаруымен мемлекет меншігіне өткізілді. 2009-2010 жылдары Кешенді мемлекет меншігіне айналдыру рәсімдерін өткізу барысында оның құны 7,1 млрд.теңгеден 16,3 млрд.теңгеге дейін үш рет өзгерді. Бұл ретте шартта сенімді басқару үшін көрсетілетін қызметтердің құны да, Кешен қызметінен алынған кірістердің меншік иесі де белгіленбеген. Осы уақыт аралығында қонақ үй қызметінен алынған кірістер республикалық бюджетке аударылмаған, керісінше «КТСП «Отель Астана» АҚ жинақтаған шығындарды жабуға пайдаланылған.

Сонымен, «СКТП «Отель Астана» АҚ-ның міндеттемелерін өтеуге және оларға қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен 109,6 млн. АҚШ доллары төленген, 2012 жылы тағы 0,3 млн. АҚШ доллары төленетін болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 235 қаулысы негізінде Қаржы министрлігі «Байланыс-Құрылысшы» АҚ-ның берешегін төлеуде, оның акцияларының мемлекеттік пакеті сонау 1998 жылғы шілдеде саудаға қойылып, «Компания Достарстрой» ЖШС-ға сатылып кеткен. 2011 жылы қарыздың 316,5 мың АҚШ доллары өтеліп, 2012 жылғы 1 қаңтарға, «Байланыс-Құрылысшы» АҚ-ның шетелдік банк алдындағы борышының қалдығы 15,4 мың АҚШ долларын құрады.

2011 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кредит беру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бастапқыда кредиттерді игерудің кезеңін 3 жыл мерзімге деп 10,6 млрд.теңге қарастырылған еді. Республикалық бюджет нақтыланған соң қаражат көлемі 4,4 есеге ұлғайып, 46,6 млрд.теңгені құрады. Аталған қаражат 4 инвестициялық жобаны іске асыруға арналған болатын. Солардың ішінде: «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға жылжымалы құрамды жаңарту үшін 19,0 млрд.теңгеге жеңілдікпен кредит беру арқылы «Жолаушылар вагондарын сатып алу», сондай-ақ «ҚазЭкспортГарант» АҚ-ға 6,0 млрд.теңге мөлшерінде бюджеттік кредит беру арқылы «Қазақстандық локомотивтердің экспортын қолдау» жобалары.

Алайда, шарттарға кешіктіріліп қол қойылғандықтан, кредит қаражаты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға 2011 жылғы 28 желтоқсанда түсті, ал жобаны орындаушыларға қаржы 2011 жылғы 30 желтоқсанда аударылған. Сонымен, 2011 жылы «ҚазЭкспортГарант» АҚ локомотивтер экспортын жүзеге асырған жоқ, жаңа жолаушылар вагондарын жеткізуді қамтамасыз етпеген.

2011 жылы мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша 92,9 млрд.теңге түсуге тиіс болғанымен, 91,5 млрд.теңге немесе жоспарланған түсімнің 98,6 %-ы түскен. Жоспар түсімдердің төрт түрі бойынша орындалмаған. Азия Даму банкінің үкіметтік қарыздары есебінен республикалық бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша түсімдердің ең көп түспей қалғаны, «Су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру» жобасына келеді. Жоспардағы 526,0 млн.теңгенің орнына 403,3 млн.теңге немесе 76,7 % түскен.

2011 жылы республикалық бюджетке облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттерінен 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдағы әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бөлініп, 2010 жылы пайдаланылмаған 7,3 млрд.теңге (99,6%) мөлшеріндегі бюджеттік кредиттер, сондай-ақ Алматы облысының әкімдігіне «Премьера» тұрғын үй кешенін салуға бөлінген 5,7 млрд.теңге (77,8%) қайтарылды.


2.2.3. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТЫП АЛУҒА АРНАЛҒАН ШЫҒЫСТАРДЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕРДІ БАҒАЛАУ

Республикалық бюджет шығыстарының серпіні қаржы активтерін сатып алуға бағытталатын бюджет қаражатының тұрақты түрде өсіп бара жатқандығын көрсетеді. Тек соңғы үш жылдың ішінде осы мақсатқа 770,2 млрд.теңге, соның ішінде 2009 жылы – 147,1 млрд.теңге, 2010 жылы – 284,8 млрд.теңге және 2011 жылы 338,3 млрд.теңге жұмсалған.


17 -диаграмма

2009-2011 жылдары мемлекеттің қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған республикалық бюджет шығыстары

млрд.теңге

Есепті жылы бастапқыда жалпы сомасы 194,5 млрд.теңгеге қаржы активтерін сатып алу қарастырылған болатын. Республикалық бюджет екі рет нақтыланғаннан кейін шығыстар 1,7 есеге ұлғайып, 338,3 млрд.теңгені немесе 2011 жылға арналған жалпы шығыстардың 6,2%-ын құрады. Олардың өсуі негізінен бұрынғы жұмыс істеп жатқан акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталдарының ұлғаюына және жаңа акционерлік қоғамдардың құрылуына байланысты болып отыр.



Функционалдық топтар бойынша қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған республикалық бюджет шығыстары 10-кестеде көрсетілген.

10-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет