I бөлім. 2011 жылы республикалық бюджеттің атқарылуының макроэкономикалық жағдайлары


Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының



бет8/13
Дата12.06.2016
өлшемі3.66 Mb.
#129818
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының

2009-2012 жылдардағы серпіні

млрд.тенге

Атауы

Есеп

Нақты-ланған бюджет

Ауытқу
2009ж. (%)


2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2010ж.

2011ж.

2012ж.

Қарыз түсімдерін және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджетке түскен түсімдер

1 695,7

2 529,2

3 351,3

4 036,9

149,2

197,6

238,1

Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстары

3 311,3

4 283,9

5 127, 2

6 016,7

129,4

154,8

181,7

Бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы (профицит)

-1 615,5

-1 754,8

-1 775,9

-1 979,8

108,6

109,9

122,5

Сонымен бірге, Үкімет мұнайға қатысты емес тапшылықты азайтуды қамтамасыз етпеген. 2011 жылдың қорытындысы бойынша ол 2010 жылмен салыстырғанда – 1,2%-ға, 2009 жылмен - 9,9%-ға өсіп, 1 775,9 млрд.теңгені құрады (13-кестені қараңыз).



19-диаграмма

Мұнайға қатысты емес тапшылықтың өсу серпіні

млрд.теңге


Сонымен, республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруды талдау Үкіметтің республикалық бюджет жобасын жоспарлау сатысында мұнайға қатысты емес кірістерді ұлғайтуға ішкі резервтерді жеткілікті дәрежеде зерделемегенін көрсетеді, бұл тапшылықты қаржыландыру үшін мемлекеттік қарыз алу көлемінің өсуіне, сондай-ақ республикалық бюджеттің шикізатқа деген тәуелділігін күшейтуге алып келеді.

Есеп комитетінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі қорытындыға Есепте берген ұсынымы бойынша, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабында көзделген бюджет қаражатының қалдықтарын тапшылықты азайтуға бағыттаудың оң тәжірибесі қалыптасты. Нәтижесінде, жылдың соңында қалдықтар 2010 жылмен салыстырғанда 4,1 есеге қысқарды.



III БӨЛІМ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ


3.1. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында (бұдан әрі - Жолдау) жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын құру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік жаңғырту мәселелерін шешуге ерекше назар аударылған. Білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту салаларына үлкен мән берілген.

Үкімет Жолдауды орындау үшін бірқатар маңызды бағдарламалық құжаттар қабылдады. Есеп комитеті аталмыш құжаттарды бақылау-талдамалық іс-шараларымен қамтып, олардың іске асырылуына бағалау жүргізгенде, бағдарламалық құжаттардың әрдайым тиімді орындала бермегенін көрсетті.

Мәселен, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында есепті кезеңде бөлінген 22,7 млрд.теңгенің 3,2 млрд.теңгесі немесе 14%-ы игерілмеген. 2011 жылға қойылған міндеттер, кәсіпкерліктің негізіне, микрокредит беруге кәсіптік оқуды ұйымдастыру, сондай-ақ қызметтік тұрғын үй салу (сатып алу, реконструкциялау, қалпына келтіру) бөлігінде толық көлемінде шешілмеген.

Есеп комитетінің өңірлерде жүргізген кешенді тексерулерінің барысында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалық құжаттарды іске асыру кезінде орталықтандырылған жабдықтау көздерінен ауыз суды пайдаланатын халық санын ұлғайту, су көздерінің және сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету міндеттері толық көлемінде шешілмегені анықталды.

Өңірлерде денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету және кеңейту, медицина мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелеріне қатысты жүйелі сипаттағы кемшіліктер анықталды. Соңғы бес жылда халықтың қан айналымы жүйелері ауруларымен, қант диабетімен, жүйке жүйелері ауруларымен науқастануының өсу үрдісі байқалды.

Сондай-ақ білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да салаларда бағдарламалық құжаттарды іске асыру кезінде кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталды.
3.1.1. МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2011 жылы Есеп комитеті 3 мемлекеттік және 2 салалық бағдарламаның, сондай-ақ Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының тиімділігіне бақылаужәне жүзеге асырылуына бағалау жүргізді.

Оның ішінде: 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы [2.25., 247-бет], Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [2.21., 236-бет], Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы [2.22., 239-бет], 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы, 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» салалық бағдарламасы.

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға жоспарланған 1385,7 млрд.теңгенің 1380,6 млрд.теңгесі, соның ішінде республикалық бюджеттен – 1185,7 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерден – 193,1 млрд.теңге, бюджеттен тыс қаражаттан – 1,8 млрд.теңге бөлінген [1.8., 173-бет].

Жалпы алғанда, бақылаудың қорытындысы бойынша аталмыш бағдарламаларды іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнамалардың жалпы 21,8 млрд.теңгеге бұзушылықтарына жол берілген, бұл ретте 36,7 млрд.теңге игерілмеген [1.9., 174-бет].

Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалау кезінде анықталғандай, бағдарламалардың үйлестірушілері мен орындаушылары тиісті іс-шараның атқарылуына, нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне тиісті бақылау жүргізбеген.

Сол себепті, бағдарламалық құжаттар бюджет және өзге де заңнаманың талаптарын бұза отырып, толық емес және жеткіліксіз деңгейде атқарылады.

Бюджет және өзге де заңнаманың жетілдірілмеуі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың арасында трансферттер жөніндегі келісімдерді іске асыру кезінде өзара тиімді іс-қимыл жасауды қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша міндеттер орындалмауда.



Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының (бұдан әрі – Тұжырымдама) мақсаты – азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту әрі олардың мемлекетпен және бизнес-секторлармен тең құқылы серіктестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базаны одан әрі жетілдіру. Үйлестірушісі Мәдениет министрлігі болған.

Тұжырымдаманы іске асыруға 3 018,1 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен – 336,3 млн.теңге, жергілікті бюджеттен –


2 681,8 млн.теңге жұмсалған.

Тұжырымдаманы іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылау барысында анықталғандай, көзделген мақсаттарға және күтілген нәтижелерге толық көлемінде қол жеткізілмеген. Жалпы 11,9 млн.теңгенің қаржы тәртібін бұзушылықтары анықталды, соның ішінде көрсетілмеген қызметтерге негізсіз төлем жүргізілген, қабылдаған міндеттемелерін уақтылы орындамағаны үшін өнім берушілерден тұрақсыздық төлемі мен айыппұл өндіріліп алынбаған.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін құқықтық база қалыптастырылмаған, өмір сүру сапасының жоғарғы стандарттарына қол жеткізу міндеті шешілмеген, еңбек қатынастарын үйлестіру, сондай-ақ халықтың бай және кедей жіктері кірістерінің арасындағы айырмашылықты қысқарту жөнінде шара қабылданбаған.

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) 59 тармағынан тек 38 іс-шара ғана уақтылы және толық көлемінде орындалған, 3 іс-шара – орындалмаған, 14 іс-шара – ішінара орындалған, 4 іс-шара – уақтылы орындалмаған.

Жоспардың бірқатар іс-шарасы декларативтік сипатқа ие, олардың тармақшаларын іске асыру жөнінде нақты шара көрсетілмеген, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және өзге де бағдарламалық құжаттарда қарастырылған жекелеген іс-шараларды қайталайды.

Жоспардың 44-тармағында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелерін ақпараттық жария ету бойынша журналистерге арналған іс-шаралар өткізу» көзделген, сонымен қатар аталмыш іс-шараны атқару Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасының аясында қарастырылған [2.23., 241-бет].



«2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық әріптестік деңгейіне шығуын, Еуропа мемлекеттерімен түрлі бағыттағы ынтымақтастығын тереңдетуді, оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-Ға төрағалық етуі үшін жағдай жасауды болжаған болатын.

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен көзделген 7,6 млрд.теңгенің 6,1 млрд.теңгесі бөлінді. Жоспарланған 107 іс-шараның 7-сі – орындалмаған, 5-і – ішінара орындалған.

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын қалыптастыру кезінде жіберілген жекелеген қателіктер мен олқылықтар, сондай-ақ оны іске асыру барысындағы бұзушылықтар, бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін төмендетіп, күтілген нәтижелерге кері әсер еткен.

Атап айтқанда, Мемлекеттік бағдарламада көзделген мақсат пен міндеттер көбінесе айқын және нақты сипатқа ие болмаған, оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында қол жеткізуге бағытталған сапалық және сандық параметрлерді сипаттайтын көрсеткіштер көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен басқа да орындаушылар Мемлекеттік бағдарламадағы іс-шараларды қайталағандықтан, есеп айырысулар жүргізілмегендіктен, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету көлемі негізделмегендіктен, 6,1 млрд.теңгенің 1,3 млрд.теңгесі игерілмеген.

Қазақстан мен Еуропа елдерінің сот және құқық қорғау органдарының арасындағы өзара қарым қатынасты дамытуға, сондай ақ жұмыс барысында тәжірибе алмасуға бөлінген 70,7 млн.теңгенің 23,5 млн.теңгесі игерілмеген.

Мемлекеттік бағдарлама жоспарлау кезеңінде жеткілікті дәрежеде пысықталмағандықтан, салааралық өзара іс қимыл болмағандықтан, іс шаралардың басқа орындаушылардың ағымдағы қызметтеріндегі міндеттерімен қайталануына жол беріліп, бұл Іс шаралар жоспарын іске асыру барысында оған бірқатар өзгерістер енгізілуіне себеп болған. Осы ретте Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы бойынша жеке есеп айырысу жүргізілмеген, күтілген нәтижелерде жазылғандарға қаржылық есептіліктің сәйкессіздігі атап өтілді. Бақылау барысында Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мерзімдерін аяқтау кезеңінде Іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу фактілері анықталды.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында ұйымдастырушылықта жіберілген кемшіліктер мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершіліктерін азайта отырып, республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторинг жүргізуде қиыншылық келтірді [2.25., 247 бет].



2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) өңірлерді демографиялық және әлеуметтік экономикалық дамыту және олардың әлеуетін іске асыру мүддесімен қабылданды. Бағдарламада этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын, сондай ақ еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесу қарастырылған болатын.

Есеп комитеті жүргізген бақылаудың қорытындысы көрсеткендей, Бағдарламаны іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнама талаптарының жалпы 3,1 млрд.теңгеге бұзушылықтарына жол берілген.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Іс шаралар жоспарында көзделген 21 тармақтың 9-ы – орындалған, 3-і – орындалмаған, 9-ы – ішінара орындалған, уақтылы орындалмаған және сапасыз орындалған. Бұған ведомствоаралық өзара іс қимылдың тиісінше жүргізілмеуі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер министрліктерінің тарапынан мониторингіленбеуі, Бағдарламаға тікелей қатысушылардың пікірлерінің ескерілмеуі себеп болған.

Республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын азаматтарды қоныстандыру міндеті экономиканың еңбек ресурстарына деген қажеттіліктеріне сай орындалмаған.

2009-2011 жылдары тұрғын үй алуға арналған квотаға енгізілген 32,2 мың отбасынан тек 2,6 мың отбасына немесе 8% ына ғана тұрғын үй берілгендіктен, этникалық көшіп келушілердің едәуір бөлігінің өмір сүру сапасының артуы бойынша нәтижелерге қол жеткізілмеген.

Бағдарламада бұрын Қазақстаннан кеткен түрлі ұлттардың азаматтарын және жоғары білікті мамандардың елге қайта оралуын ынталандыруға, ұлттық шоғырлану процестерін одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді нығайтуға, демографиялық ахуалды жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыру қарастырылмаған. Бағдарламаға қатысушы көшіп қонушылардың санының аз болуына, олардың бейімделу және кірігу қиыншылықтарына, жұмыссыздыққа және бытырап көшіп қонуға байланысты әлеуметтік қатерлердің туындауының алдын алуда толыққанды нәтижеге қол жеткізілмеген.

Тұрғын үй құрылысының бірыңғай үлгідегі жобасының болмауы өңірлер бойынша құнының әртүрлілігіне алып келген. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың құны асырылып көрсетілгендіктен, Маңғыстау, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 175,7 млн.теңге республикалық бюджет қаражаты, 260,0 млн.теңге жергілікті бюджет қаражаты қосымша жұмсалған.

Бақылау іс шараларының қорытындысы бойынша тұрғын үйлерді сапасыз салу фактілері анықталды, сөйтіп 40 үйді жылыту жұмыстарына жергілікті бюджеттен қосымша 37,5 млн.теңге жұмсалған. Ақмола облысында пәтерлер жеке және заңды тұлғаларға, Маңғыстау облысында әкімшілік үй жайға негізсіз жалға берілген, Сонымен бірге бекітілген ЖСҚ-сы болмағанымен, тұрғын үй және инфрақұрылым салу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу фактілері байқалды.

Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алудың Бағдарламада ұсынылған тетігі тиімсіз болып шықты. Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасу дәрежесі төмен болғандықтан, олардың «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен жасаған 1 760 шартының 1 553 шарты проблемалық болып табылады және олардың 1 222,7 млн.теңге берешегі бар. Бұл ретте 807 шарт жасалмаған. Осыған байланысты, Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысына жұмсалған республикалық бюджет қаражатын қайтару мәселесі оң шешімін таппауда [2.26., 250-бет].
3.1.2. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАРЫН БАҒАЛАУ

Есеп комитеті бақылау талдамалық іс шараларының аясында 10 мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуына бағалау жүргізді.

Жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаражат көлемі стратегиялық жоспарлардың сандық және сапалық көрсеткіштерімен бекітілмеген, бұл бюджет жүйесінің принциптеріне қайшы келеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет заңнамасын бұза отырып, республикалық бюджетті нақтылау кезінде стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізбейді. Сонымен бірге стратегиялық жоспарлардың бюджетті нақтылауға қатысы болмаған көрсеткіштеріне түзету жүргізеді.

Есепті кезеңде стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын бағалау барысында бөлінген бюджеттік бағдарламалар бойынша есептілікті қалыптастырудың бірыңғай нақты және ашық тетігінің қалыптастырылмағаны анықталды.

Мысалы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының аясында іс шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатының игерілуін толық көлемде деп көрсетті, ал осы қаражатты алушы мемлекеттік органдар (бұдан әрі ­– қоса орындаушылар) бойынша оның нақты игерілуі 86%-ды құраған.

Сонымен бірге тиісті бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік етудің нәтижелері қоса орындаушылардың стратегиялық жоспарларында көрсетілмеген, бұл жауапкершілікті және қаржы тәртібін төмендетуге жәрдем етеді.

2011 жылы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық жоспарының аясында 49 бюджеттік бағдарламаны іске асыруға 279,6 млрд.теңгемен 334 көрсеткішті орындау көзделген. Оның 52 көрсеткіші немесе 16% ы орындалмаған, 1,9 млрд.теңгесі игерілмеген.

Технологияларды коммерцияландыру кеңсесін құру бөлігінде «Ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру жобасы бойынша инновациялық жүйенің желілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген. Бюджетті нақтылау кезінде аталмыш бағдарлама бойынша шығындар 5,2 есеге азайып, 564,3 млн.теңгені құраған, оның ішінде 319,7 млн.теңге, немесе 56,6 %-ы игерілмеген. Өткен жылы аталмыш бюджеттік бағдарламаны іске асыру:

мүліктік кешенді реконструкциялауға техникалық тапсырманың болмауына;

ғимаратты Министрліктің балансына беруде ұйымдастырушылық рәсімдерінің ұзақ уақыт жасалуына байланысты тиісті деңгейде жүргізілмегенін атап өткен жөн. Осы себептер 2010 жылы да орын алған.

Есеп комитетінің пікірінше, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің стратегиялық жоспарды іске асыруға деген мұндай көзқарасы Үкіметтен қалыптасқан тәжірибенің себептерін, әсіресе алдағы кезеңдерге бюджет қаражатын бөлу кезінде барынша егжей тегжейлі талдауды талап етеді [2.9., 204-бет].

Бақылаудың нәтижелері көрсеткендей, Алматы қаласында технологиялардың коммерцияландыру кеңсесін орналастыру үшін конкурстық құжаттаманың техникалық өзіндік ерекшеліктерінің талаптарына сәйкес келмейтін «Промбаза» объектісі сатып алынған. Сонымен бірге ғимарат «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көрсетілген тиісті бағалау жүргізілмей сатып алынған, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің сарапшылары мен Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңестің мүшелері аталмыш ғимаратты пайдалануды орынсыз деп таныған.

Есепті кезең ішінде Министрлік нақтылау барысында стратегиялық жоспарына және тиісті бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізіп отырған. Сонымен бірге стратегиялық жоспардың параметрлерін қайта қарау оның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге жәрдем етпей, жекелеген индикаторларды орындаудың кешіктірілуіне, тиісінше, бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына алып келген.

«Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасын іске асыру бойынша Министрлік тарапынан тиісті үйлестіру болмағандықтан, техникалық өзіндік ерекшелікті Дүниежүзілік банкпен келісу мерзімдері ұзарған. Сол себепті, бастапқыда бекітілген 738,2 млн.теңге нақтылау кезінде 46,8% ға қысқарған, бұл ретте бөлінген 392,7 млн.теңгенің тек 5,7 млн.теңгесі немесе 1,5%-ы ғана игерілген.

Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері өздерінің стратегиялық жоспарларына салынған көрсеткіштерге қол жеткізілуіне мониторинг және толыққанды бақылау жүргізбейді, бұл жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджет трансфертін тиімсіз пайдалануға мүмкіндік береді.

Мәселен, «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға, Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 49,8 млрд.теңгені Министрлік толығымен игергенімен, жергілікті атқарушы органдар 2,2 млрд.теңгесін игермеген. Сөйтіп, 3 мектеп және 17 мектепке дейінгі объекті пайдалануға берілмеген.

«Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламасын іске асыруға бөлінген 8,0 млрд.теңгенің 950,7 млн.теңгесі игерілмеген. Сонымен бірге есепті кезеңнің соңындағы дебиторлық берешек 216,4 млн.теңгені құраған. Қарағанды қаласындағы республикалық мектеп интернаттың спорттық сауықтыру кешенінің және Атырау қаласындағы мұнай газ саласының техникалық және қызмет көрсету кадрларын даярлаудың және қайта даярлаудың 700 оқушы орнына арналған өңіраралық кәсіптік оқу орталығының құрылысы барысына Министрлік тарапынан жеткілікті дәрежеде бақылау болмағандықтан, оларды пайдалануға беру мерзімі кешіктірілген.

Министрлік «Назарбаев зияткерлік мектептер» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражатты толығымен игергенімен, стратегиялық жоспардың бюджеттік бағдарламаларының тікелей және түпкілікті нәтижелерінің жекелеген көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз етпеген.

Стратегиялық жоспарға түпкілікті нәтижеге бағдарланбаған көрсеткіштер әдейі енгізілген. «Салынатын объектілердің болжамды саны», «Оқу жабдықтарымен жарақтандырылатын объектілердің болжамды саны» және басқа да көрсеткіштердің жазылуы осыны көрсетіп отыр.

Министрлік аталмыш бюджеттік бағдарлама шеңберінде түзету кезінде Петропавл, Орал, Тараз қалаларында «пайдалануға берілетін объектілердің болжамды саны» деген көрсеткішті алып тастаған, бұл ретте қаражат көлемі өзгеріссіз қалған (33,2 млрд.теңге).

«Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау және білім сапасына сырттай бағалау жүргізу» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде «жоғары оқу орындары студенттерінің арасында сыртқы мемлекеттік бақылауға қатысушылардың болжамды саны» деген көрсеткіштің орындалуы жоспарланған мөлшерінен (105 мың адам) 41,4%-ға (43,5 мың адам) қамтамасыз етілмеген.

«Салынып жатқан объектілердің болжамды саны» көрсеткіші бойынша 16 мектептен Ақтау және Алматы қалаларындағы екі мектептің жұмысы басталмаған. «Оқу жабдықтарымен жарақтандырылған объектілердің болжамды саны» көрсеткіші бойынша жоспарланған 14 объектіден тек 6 зияткерлік мектеп қана жабдықталған.

2011 жылы 13 бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде Бас прокуратураның стратегиялық жоспарында 22,9 млрд.теңгемен 65 көрсеткішті орындау қарастырылған. Оның ішінде 13 көрсеткіш (20 %) орындалмаған, 7,9 млн.теңге игерілмеген.

Есеп комитеті бақылаудың қорытындысы бойынша стратегиялық жоспарды іске асыруда және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуде жүйелі көзқарастың болмағанын анықтады.

Есепті жылы «Қылмыстық процестерге қатысушы тұлғалардың құқығын және бостандығын қорғауды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 58,4 млн.теңге бөлінген. Адамдарды анықтауға, алдын ала тергеуге, прокуратураға немесе сотқа шақыруына байланысты, олардың шығыстарын өтеудің және оларға сыйақы төлеудің тәртібі мен мөлшерінің тетіктері болмағандықтан, республикалық бюджетті нақтылау кезінде аталмыш бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру 45,0 млн.теңгеге азайтылған.

«Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға бағынысты актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасының 134 «Зат түріндегі мүліктік заттарды, басқа да нысандық және арнайы киім-кешектерді сатып алу, тігу және жөндеу» ерекшелігі бойынша бастапқыда 418,8 млн.теңге қолдау тапқан. Қаржыландыру жоспарын түзету кезінде аталмыш ерекшелік бойынша 2011 жылдың соңына қарай 90,5 млн.теңге көзделген. Қаржыландыру мөлшеріндегі 328,4 млн.теңге айырмашылық басқа ерекшеліктерге бағытталған. Аталмыш түзетулердің себебі – прокуратура органдары қызметкерлері 2010 жылы толығымен қамтамасыз етілгендіктен, нысандық және арнайы киім-кешекке деген қажеттіліктің болмауы
[2.8., 203-бет].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет