Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация жазу, оқулықпен, сөздікпен жұмыстар жатады.
Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін көкемөнер, еңбек, қарым-қатынас, іс-әрекет түрлері бар.
Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға,көбейтуге бағытталған. Түрлері: өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.
Көркемөнер іс-әрекеті эстетикалық дүниетанымды дамытып, әдемілікке сұранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді.
Қоғамдық іс-әрекет оқушының әлеуметпен байланыс орнатуына көмектесіп, азаматтық бет-бейнесін қалыптастырады.
Қарым-қатынастық іс-әрекетке бос уақытты ұйымдастыру арқылы үйретіледі.
Іс-әрекетке үйрену үшін оқушы үлгілерге қарап жұмыс істеп, жаттығулар орындайды.
Білімнің үшінші элементі – шығармашылық жұмыс тәжірибесі «дайын» білімдерді хабарлау, жаттығулар орындау, үлгіге қарап жұмыс істеумен шектелмейді. Шығармашылық жұмысқа оқушыны іздендіретін, оқулықтағы мәселелік әдіспен баяндалған шығармашылық есептер, тапсырмалар үйретеді.
Оқушыларды іздендіретін білім, іскерлік, дағдылырын жаңа жағдаяттарға қолданылатын тапсырмаларды оқулықтардан, басқа деректерден, оқушылардың өз тәжірбиелерінен алуға болады. Оқушылар ғылыми әдістер қолданып, шығармашылық жұмыстар арқылы бағдарламадағы білімдер өз беттерімен, шағын зерттеу жұмыстары арқылы меңгереді. Осы теорияға сәйкес бастауыш сыныптың математика оқулығына шығармашылық тапсырмалар енгізілген.
Білім беру мазмұнының төртінші элементі – тәжірбие, адам, іс-әрекет, құрал, өзара қатынас.
Бұл бөлікте адамның дүниеге, іс-әрекетке, адамдарға берген бағалары болады. Сезім мәдениеті – адамның әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамның білімге, іскерлік дағдыларға іштей сұраныстарын туғызып, түрлі сезімдерге бөлеп, білім беру мазмұнын меңгертуге болады. Білім, іскерлік, дағды, шығармашылық іс-әрекет эмоцияны тәрбиелейді. Бала сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар, сұрақтар мен тапсырмалар да әсер етеді. Оқушы өзі оқып отырған материалға қатынасын сөзі және ісі арқылы білдіреді.
Егер оқушылар білім алуға оң көзқараспен қараса, онда олардың оқуға тапсырысы жақсы болады. Психологтардың дәлеледеуі бойынша жағымды эмоциялар адамда шабыттандырады. Мәселелік оқытудың элементтерін қолданған оқушы өзі үшін жаңалық ашып қуанышқа бөлінеді. Адамның сезіміне өнер де орасан зор әсер етеді.
Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері бір-бірімен байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық іс-әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, мотивсіз, сезім, ерік-жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |