І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Оқыту заңдары, заңдылықтары және принциптері. Оқыту формасы, құралдары, әдістері



бет98/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

3. Оқыту заңдары, заңдылықтары және принциптері. Оқыту формасы, құралдары, әдістері.
Қазіргі таңда оқу орындарының жаңарып қайта құрылуына байланысты оқыту, білім беру тұрғысындағы басты мақсат та, міндет те алдыңғы саптағы дамыған елдердің деңгейіне сәйкес белгіленген мемлекеттің стандарт дәрежесінде ғылым негіздері меңгеріліп, уақыт талабына үйлесімді тәрбиеленген адамдарды қалыптастыру болып табылады. Жас ұрпақтың қалыптасуы шәкіртке берілетін ғылыми білімнің мазмұнына тәуелді деп білсек, оның жүзеге асуы оқыту арқылы орындалады және белгілі бір заңдарға, заңдылықтарға және принциптерге сүйенеді.
Яғни, оқыту үдерісі белгілі бір заңдар, заңдылықтар мен принциптерді ұстану арқылы іске асырылады.
И.Г.Песталоцци өз кезінде, белгісізден белгіліге, түсініксізден түсініктілкке өту заңын ұсынған. Неміс педагогы Э.Мейман өзіндік тұрғыдан төмендегідей заңдылықтарды ұсынады:
- жеке адамның табиғи ерекшеліктері дамытылады;
- алдымен баланың өмір сүруге қажетті қабілеттері дамытылады;
- балалардың дене және рухани дамуы біркелкі дамымайды.
Оқытудың жалпы заңдылықтары:

  • оқыту мақсаты;

  • оқыту мазмұны;

  • оқыту сапасы;

  • оқыту әдістері;

  • оқытуды басқару;

  • оқытуды белсендендіру.

Оқытудың жеке заңдылықтары:

  • жеке дидактикалық (оқыту нәтижелері қолданылатын әдістер, құралдар және оқыиушының кәсіби біліктілігіне және т.б. байланысты);

  • гносеологиялық (оқыту нәтижесі студенттің танымдық белсенділігіне байланысты);

  • психологиялық (оқыту нәтижесі әр студенттің қабылдау, меңгеру деңгейіне байланысты);

  • әлеуметтік (индивидтің дамуы, оның басқа да индивидтермен қарым-қатынасына байланысты);

  • ұйымдастырушылық (оқыту нәтижесі оны ұйымдастырушының студенттерді қызықтыра алуына, белсендіруіне байланысты).

Оқыту принциптері:

  • оқытудың ғлымилық пинципі (оқытылатын ғылымның тілі мен қисыны, бүгінгі күн талабына сай ғылымның негізгі теориялары мен ұғымдары, ғылымның нақты әдістері; қоғамдық және табиғи құбылыстардың ғылыми-танымдық әдістері);

  • көрнекілік принципі. Я.А.Коменский бұл приципті «Дидактиканың алтын ережесі» деп атаған. Көрнекілік принципінің құралдары: нақты объект; көлемді құралдар (модель, макет, муляждар және т.б); аудио, видеоаппараттар және т.б.

  • жеткіліктік принципі;

  • саналылық, белсенділік принципі;

  • жүйелілік, бірізділік принципі;

  • өмірмен байланыстылық пинципі.

Оқыту ісінің табысты болуы білімдік негіздер мен оның күрделі құрылымын білумен шектелу емес, меңгерген таным-түсініктерді жүзеге асыра алумен және оның заңдылықтарын орындауға қалыптастыру арқылы орындалады. Білімдендіруде ескерілетін заңдылықтар:

  • Оқыту арқылы тұлғаның өздігінен ір жақты еңбектеніп дамуына бағдар берумен ынталандру;

  • Белсенді іс-әрекетке баулу;

  • Даму белсенділігіне қажетті мотивтер туғызу;

  • Оқыту барысында шәкіртке талап қоя білу және оларға сенім білдіре отырып, құрметпен қарау;

  • Білімді меңгеру барысындағы қиндықты жеңудегі шәкірт қуанышын, ынтасын қолдай білу;

  • Оқушының шығармашылық нышандарын демеп, оны ілгері жетілдіре түсуін қолдау;

  • Оқыту барысында тұлғаның жас ерекшелігін және дербес өзгешелігін есепке алу;

  • Оқытуда жеке оқушы мен ұжымның белсенділігін көтерудегі ынтымақтастықты сақтауға ықпал ету;

  • Оқытуда ұстаз, отбасы, бұқара көпшіліктің бірыңғай талап қоюына ыждаһаттылықпен қарау.

Оқыту барысында шәкірттің меңгерілген білімін қазына деп білсек, оны ілгері дамытып, өрістетуге бағдар беріп, жөн-жосығына үйрету – оқыту әдісімен сабақтас. Оқыту әдісі – өте күрделі ұғым, өйткені бұл әрекетті, категорияны айқындайтын мәселенің аумағы да, қамтитын жүйесі де сан салалы. Сондықтан да педагогика ілімінде әдістемеге байланысты нақты тұжырымдалған анықтама боларлық бірыңғай ереже жоқ десе де болады. Әдістеме ғылымының әр саласын зерттеуші ғалымдар бір-біріне жақын пікірлер ұсынып, оқыту, білгізу және оын жүзеге асыру жөнінде білімдендіруді ұйымдастыру әдістерін өз тарапынан қойылған мақсатқа жету тұрғысынан қарастырады.
Әдіс – оқыту барысында ұстаз бен шәкірттің ынтымақтаса еңбектену нәтижесінде қойылған мақсатқа жетуін реттейтін тәсіл. Оқыту әдісінің көмегімен оқушы белгілі деңгейдегі білімді, іскерлік әрекеттің машық, дағдысын игереді, дүниетанымын қалыптастырады, қабілетін өрістетеді. Ал оқыту барысында әдісті таңдайтын және оны нақты әрекетке айналдыратын – оқытушы ұстаз. Сонымен оқыту әдісінің атқаратын қызметі – білімдендірудегі тиісті мақсатқа жету, ал мақсатқа жету оқытушының шеберлігіне, білімдарлығына, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыра білуіне, шәкірттерді ынталандыра алуына байланысты.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдарына дейін оқыту әдістерін екі жүйеде қарайтын. Атап айтқанда: 1) Сөздік әдістер тобы – әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, дәріс, кітаппен жұмыс. 2) Көрнекілік әдістер тобы – демонстрация, иллюстрация, бақылау. Бұл әдістерді пәндерді оқыту ерекшеліктеріне байланысты талдап, нақты тақырыптар жүйесінде деректемелер ұсынылатын.
Жаңа ғасырдың бастауына дейінгі педагогикалық және жеке пән әдістемесі саласындағы зерттеулер мен практикалық тәжірибелерді ескере келіп, оқытудағы әдістеме мына тұрғыда жүйеленді:

  1. Түсіндірме илююстративті әдіс.

  2. Репродуктивті әдіс.

  3. Проблемалы баяндау әдісі.

  4. Ішінара іздену немесе эвристикалық әдіс.

  5. Зерттеу әдісі.

Оқыту әдістерін жіктеуде мына мәселелер ескеріледі:
1) Әрбір әдіс оқыту үдерісі қойып отырған негізгі ой түйінін терең меңгеруге бағытталған дидактикалық принциптерді шешерліктей болуға тиіс.
2) Ұстаздар мен шәкірттердің бірлескен әрекеті таным қабілетін дамытуға және белгілі ой-түсінікті біліп қана қоймай, оны өздігінен пайымдай алуға машықтандыруға жаттықтыруы керек.
3) Қолданылатын әдістің қай-қайсысы болмасын оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталып, шәкірттің ізденіп, әрекеттеніп, еңбектене білуін қамтамасыз етуге тиіс.
Ұстаздың оқыту әдісін таңдай алуы алға қойған мақсатына үйлесімді болса, оның нәтижесінде қойылған талапты өтей алады. Оқыту әдісін таңдағанда ұстанар өлшем (критерий), еске тұтар қағида мынау:
1) Таңдаған әдістің оқыту заңдылықтары мен үдерісіне сәйкес.
2) Әдістің оқыту технологиясының дидактикалық мақсаттары мен міндеттеріне үйлесімділігі.
3) Оқыту әдісінің сабақтың тақырыптық мазмұнын ашуға сәйкестігі.
4) Оқыту әдісінің оқушының танымдық мүмкіндігіне де сәйкестігі мен үйлесімі.
5) Оқыту әдісін таңдағанда оқытушы өз мүмкіндігін де ескеруі тиіс (тәжірибесі, дүниетанымы, қабілеті, білім деңгейі, ұстанымы, қарым-қатынас жасау әдеті, т.б.).
6) Оқыту әдісінің оқу орнының материалдық-техникалық мүмкіндігіне сәйкестігі.
7) Әдістердің оқу орын орналасқан ішкі құрылымы мен экономикалық объектісіне сәйкестігі. Мұнда оқушылардың жалпы білімі, түсінік деңгейіне сәйкес таным дағдылары мен іс-әрекетті атқаруға деген ықылас-ынтасын үйлестіруге де мән беру керек.
Оқу орындарындағы сабақ және оның типологиясы мен құрылымы – кеңестік кезеңде өте көп жазылған, алуан түрлі пікір сайыстарда тоқтлмастан сөз болған тақырып. Сондықтан да сабақтың мазмұны, типтік құбылысы, атқарылатын еңбектің түріне байланысты оның сан түрлі атауға ие болуы да – заңды құбылыс (ойын сабақ, саяхат сабақ, пікірсайыс сабақ, көкпар сабақ, аукцион сабақ, ірі блокты сабақ, театрланған сабақ).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет