І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Дәріс № 9. Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымдағы оқыту



бет96/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Дәріс № 9. Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымдағы оқыту
Жоспары:

  1. Дидактика – оқыту теориясы

  2. Оқыту – педагогикалық үдерістің құрамдас бөлігі.

  3. Оқыту заңдары, заңдылықтары және принциптері



Негізгі ұғымдар: педагогикалық үдеріс, дидактика, оқыту үдерісі, тәрбие үдерісі, оқытудың қызметі, студенттердің танымдық іс-әрекеті, прагматизм, ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы, оқытудың заңдылықтары мен принциптері.


1. Дидактика – оқыту теориясы. Жоғарыда айтылғандай, тұтас педагогикалық үдерістің компоненттері оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Екеуі өзара байланыста, тұтастықта жүргізіледі. Дегенмен, бұл компоненттердің өзіндік ерекшеліктері де бар. Педагогикалық үдерісте оқыту үдерісі ерекше орынға ие. Оқыту барысында білім, білік, дағды және жеке қасиеттер қалыптастырады. Оқыту үдерісінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін және т.б. мәселелерін педагогиканың өзекті саласы – дидактика қарастырады. Дидактиканы дамытуда Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов және т.б. үлкен үлес қосты. Бұл ұғымды алғашқы рет ғылыми тұрғыдан ендірген неміс педагогы – Вольфганг Ратке (1571-1635). Дидактика гректің didaktikos – оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан.
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:

  • Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты)?

  • Кімді оқытамыз (оқыту субъектілері)?

  • Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері)?

  • Неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны)?

  • Оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формалары)?

  • Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, дидактикалық бағдрламалар және т.б.)?

  • Оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады (оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері)?

Оқыту теориясы әдетте дидактика деп аталады. Дидактика сөзінің мәні гректің didasko – «үйретемін», «оқытамын» деген ұғымынан бастау алған.
Дидактика «нені оқыту», «қалай оқыту» мәселелерімен шұғылданатындықтан, бұл оқыту тұрғысынан ұғынылып оқыту теориясы тұрғысынан ұғынылып, оқыту үдерісіне қатысты оқушыға білім беру, оқыту заңдылықтарына байланысты ақыл-ой тәрбиесінің негіздері жүйесінен қарастырылады.
Оқыту технологиясы негіздері білім беру мазмұнын айқындайтын оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық пен оқу құралдарын, әдістеме саласындағы білім, тәрбие беру жүйесіндегі заңдылықтарды бір-бірімен бөлмей бірлікте қарайды.
Дидактика оқу орындарында оқытылатын барлық пәндерге қатысты ортақ заңдылықтар мен ережелерді талқылайды. Сондай-ақ, оқытудың негізгі мазмұнына байланысты мәселені меңгеру әдістері мен оны ұйымдастыру түрлерін анықтайды. Былайша айтқанда, дидактика оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістері мен түрлерін білдіреді. Сонымен қатар, дидактика жеке пәндерді оқыту ерекшеліктеріне ерекше зейін қояды. Жеке пәндерді оқыту, білім беру, тәрбиелеуді пәндік дидактика немесе сол пәннің әдістемесі деп те атаймыз. Дәлірек айтқанда, жеке пән әдістемесі жалпы дидактикаға сүйенсе, жалпы дидактика тиісті деректерді жеке пән әдістемесінен алып пайдаланады. Дидактиканың негізгі категориялары – білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттерді, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика – үнемі дамып, өркендеп отыратын сала. Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір талаптарын орындап, уақыт мәресінен шығу мүмкін емес.
Оқыту – танымдық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқыту – ұстаздар мен шәкірттердің бірлескен әрекеті. Оқыту үрдісінің логикасын оның құрылымы анықтайды. Ал құрылымды танымдық іс-әркеттің кезеңдері бойынша сипаттасақ, ол көбінесе мына жүйеде болады:

  • танымдық міндеттерді жете түсіну;

  • жаңа деректер мен түсініктерді қаблдау;

  • ұғыну – жаңа деректер мен түсініктерді көңілге қондырып, ойлану;

  • білімдік мағлұмат атқарылған іс-әрекетке байланысты дағдыны қалыптастырып, оны бекітуді жетілдіреді;

  • меңгерген материалдарын өмір практикасында жүзеге асырып, іс жүзінде нақты қолдана білу;

  • оқушыны ұғым-түсінігі мен атқарған іс-әрекетінің қандайлық дәрежеде екендігін талдап, меңгеген дағдысын тексеру, бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет