І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Мектептің жылдық жұмыс жоспарының сыртқы көрінісі



бет135/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
дәріс кешені Педагогика2014

Мектептің жылдық жұмыс жоспарының сыртқы көрінісі. Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде (жоспардың мәтіндік түрі) болуы мүмкін. Бұл мәтінде жоспардыңнегізгі бөлігін құрайтын барлық шаралар суреттелінеді. Жоспардың бұл түрі жоспарграфикпен толықтырылуы мүмкін (жылдық жоспарды жоспар-график түрінде де құрастырады). Жоспарграфиктің ең қарапайым түрі үш графадан тұратын кесте түрінде болады, бірінші графа-шаралар тізімі, екінші графа-осы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты адамдар тізімі, үшінші графада осы шараларды өткізу уақыты жазылады.Жоспар-графиктік басқа түрлерінде, сондай-ақ, мақсат графасы (мақсат бағыты), жоспардың осы тарауының орындалу барысын бақылау графасы, тараудың орындалғаны туралы графа (немесе өткізілген шараның қысқаша талдауы мен бағасы) болады.
Жоспарлаудың күнтізбелік графикалық түрінде апта (мысалы 21-27 қыркүйек) уақыт бірлігі ретінде алынады. Жоспардың осындай түрінің бірінші графасында осы уаұыт мерзімі көрсетіледі. Жоспардың келесі графалары іс-әрекеттің белгілі бір бағытына арналады (мысалы, жалпыға міндетті білім, материалдық-техникалық базаны нығайту, мектеп ішіндегі бақылау). Торкөздерде іс-әрекеттің белгілі бір бағыты бойынша белгіленген уақыт аралығында өткізілуі тиіс шаралары белгіленеді.
Жылдық жоспардың аталған түрлерінің бәрінің ортақ бір кемшілігі бар, ол-оның жеке-жеке элементтерінің өзара байланысы мен тәуелділігінің анық еместігі, ол тұтас тәрбие мен оқу үдерісін басқаруда белгілі бір қиыншылықтар туғызуы мүмкін. Жоспардың жүйелі түрінің мұндай кемшіліктері жоқ. Жоспардың жүйелі түрі дегеніміз барлық үдерістердің уақыт пен олардың өткізілуінің реті бойынша графикалық көрінісі. Онда жалпыға ортақ шартты белгілер қолданылады. Ұзын сызықты тіл, мысалы, шынайы жұмысты білдіреді (уақыт пен қаржы шығынын қажет ететін еңбек үдерісі). Нүктелі сызық пен үзік-үзік сызықты тіл уақыт шығынын қажет етіп, бірақ еңбек шығынысыз орындалатынжұмысты білдіреді. Нүктелі сызықты тіл бір жағдай мен екінші жағдай арасындағы қисынды байланысты, тәуелділікті білдіретін жалған жұмысты белгілеу үшін қолданылады. Шеіберлермен немесе тор көздермен жұмыстың бітуін, яғни оқиға деп аталатын соңғы нәтижені белгілейді.
Кез-келген жұмыс (немесе тіл) екі оқиғаны-бұрынғы (бастапқы) және соңғы оқиғаларды байланыстырады. Сондықтан жүйелң жоспардың сыртқы көрінісі өзара тілдермен қосылған нөмірленген шеңберлердің (оқиғалардың орындалу реті бойынша) жиынтығынан тұрады. Егер қандай да бір шеңберге бірнеше тілдер жүргізілген болса, бұл тілдердің басында орналасқан барлық бастапқы оқиғалардың нәтижесі деген сөз. Тілдерде осынәтижеге (оқиғаға) жету үшін жұмсалған уақыт мөлшері жазылады. Жүйелі жоспарға бастапқы ақпарат кестесін қосқан жөн. Бұл кестеде әр бір оқиғаның нөмірі, оның атауы және жобаланған жұмыстар көрсетіледі. Бастапқы ақпарат көмегімен мектептің кез-келген қызметкері жүйелі жоспарда көрініс тапқан өзара тәуелділікті түсіне алады. Жүйелі жоспар көмегімен жұмыстың үлкен педагогикалық жұмыс мөлшерін қажет ететін түрлетімен қоса, тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттерін шешуге ықпал етпейтін түрлерін де айқындауға болады. Сондытан мектеп жұмысының жүйелі жоспары зерттеушілер мен практик-мұғалімдердің жоғары бағасына ие болып отыр.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет