І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың бағдар жолы



бет133/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың бағдар жолы:

  1. Нормативті құжаттамаларды, жоспарлау мәселелері бойынша

психологиялық-педагогикалық әдебиеті мен жаңа педагогикалық технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді оқып үйрету.

  1. Мектептің өткен уақыттағы оқу-тәрбие үдерісі туралы жинақталған

ақпаратқа жан-жақты талдау жасау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген қателерді айқындап, мектеп ұжымының іс-әрекетіндегі маңызды жетістіктерін анықтау.

  1. Мектеп дамуының болашақ жоспарларын, сондай-ақ келер жылғы іс-

әрекеттің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

  1. Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен

құралдарды анықтап, оң нәтижелерді ары қарай дамыту. Мақсатқа жетудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.

  1. Негізгі, жалпы мектептік маңызы бар шаралар мен сыныптар бойынша,

сынып топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды анықтау. Жоспардың жұмыс нұсқасын жасау.

  1. Жоспардың жұмыс нұсқасына ұжымдық талдау жасау. Ұсыныстарға

сәйкес жоспарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

  1. Мектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын жасау мен оны қабылдау.

Бұл бағдаржолдың тармақтары бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірінен
соң бірі орындалуы тиіс. Жоспарды дұрыс жасау үшін қажетті әдебиеттерді оқып зерттеу қажет. Мақсат пен міндеттерді, жолдар мен құралдарды таңдап, бекіту де осылайша жүзеге асады.
Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау. Мектептің оқу-тәрбие
үдерісі туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы (мектеп жұмысының талдауы) жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылады. В.А.Сухомлинский: «Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрі жан-жақты талдау жасалғанына байланысты»,-деп санаған. Жұмыстың талдауы мектеп ұжымының алдағы іс-әрекетіндегі себеп-салдарлық және қызметтік байланыстар мен өзара тәуелділікті айқындауы қажет. Талдау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты нәтижелері қандай, педагогикалық мақсаттарға жетудің жолдары мен құралдары қаншалықты мақсатты болғанын, қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтауы қажет, қысқаша айтқанда, мектеп жұмысын талдауы «мұғалімдер ұжыиын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат негізінде» (Ю.А.Конаржевский) жүргізілуі қажет.
Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың көптеген әдістері бар. Ю.А.Конаржевскийдің әдісі бойынша талдауда мектеп іс-әрекетінің мынандай тараулары туралы қажетті ақпараттар болуы қажет:
-мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;
-мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі;
-ілім берудің жай-күйі, білім беру деңгейін көтеру бойынша мұғалімдер ұжымының жұмысы;
-мұғалімдер ұжымының оқушылар ата-аналарымен жұмысының жай-күйі;
-қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдердің көмегі;
-оқушылардың тәрбиелік деңгейі;
-оқушылардың сабақтарға қатысуының жай-күйі;
-оқушылардың білім, білік және дағдыларының жай-күйі;
-жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.
Мектеп жқмысына талдау жасау кезінде оқушылардың тәрбиелілік пен білімділігінің деңгейін, сондай-ақ жалпы міндетті орта білім алу туралы ережелердің орындалуын бірінші орынға қою қажет. Ал басқа тарауларды олардың негізгі үш тарау бойынша қажетті жоғары нәтижелерге жетуге қаншалықты әсерлі әрі үйлесімді ықпал еткендері жағынан қарастыру қажет. Мектептегі әдістемелің жұмыс оқушылар ата-анасымен жқмыс сияқты аясы тар мақсат болмауы керек, олар педагогикалық үдерістің жоғары нәтижелеріне жетудің құралдары болуы қажет. Бұл нәтижелер оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігінің көрсеткіші болады.
Мектептің алдағы уақыттағы маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау объективтілік, перспективтілік және нақтылық сияқты мектептің жылдық жұмыс жоспарын құрудың принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектептің оқу жылының мақсаттары мектеп үшін стратегиялық мәні бар негізгі мақсаттан туындайды. Міндеттер мақсаттармен тығыз байланыста болып, сол мақсатқа жетудің бір ізді сатыларын құрап, мектеп жұмысы талдауының нәтижелерінен бастау алулары қажет. Міндеттер тәрбие мен оқытудың, сыныптағы және сыныптан тыс іс-әрекеттің, сондай-ақ педагогикалық үдерістің әртүрлі бөлімдері мен мектептің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Міндеттер мектептің барлық мұғалімдерінің, жанұя мен қоршаған ортаның басқа да бөліктерінің әрекеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталулары қажет. Мектеп міндеттерінің шешімі мұғалімдер мен тәрбиешілердің жеке дара және ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін ынталандырып, өз еңбегінің нәтижесіне деген қызығушылығын арттыруы қажет, олардың бар күшін жалпы мектептің мақсатын жемісті жүзеге асыруға бағыттап, тәрбие мен оқытудың негізгі мәселелерін шешудің ортақ әдісін қалыптастырып, педагогикалық үдерістегі оқушының белсенділігін, ынта-ықыласын арттыруға жағдай жасауы қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет