Мектеп құжаттамасының басқа түрлері. Тұтас мектеп ұжымы мен жеке мұғалімдердің жұмысы мен іс-әрекеті мектептің жылдық жоспарынан басқа да жоспарлармен белгіленеді. Олардың ішінен мектептің стратегиялық мақсаттары мен оларға жетудің жолдары белгіленген перспективалық жоспарды бөліп қарауға болады. Перспективалық жоспар, әдетте, бес жылға құрылады, осы уақыт аралығындағы басты мәселелік міндеттерді шешіге бағытталады. Онда оқушылардың жылдағы мөлшерін жоспарлау үшін өте маңызды демографиялық сипаттағы болжамдарды қамтылып, педагогикалық ұжымның құрамы жаңаруы қарастырылады. Бұл жоспардың мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша жүргізілуі тиіс міндеттер көрсетілген сараптамалық бөлімі бар. Перспективті жоспар тарауларының атаулары жылдық жоспардың атауларымен сәйкес келуі мүмкін. Перспективті жоспардағы алдыға қойылған мңндеттер; оларды жүзеге асыру деңгейі жылдық жоспарды құру кезінде ескеріледі. Мұғалімнің сыныптар арасындағы оқу пәнінің мазмұнын оқып зерттеудің күнтізбелік жоспары мен әрбір сабақтың жеке жоспары болуы қажет. Тәрбиешілер мен сынып жетекшілері тәрбие жұмысының жоспарын құрайды. Факультативтер, үйірмелер мен секциялар жұмысының жоспарлары құрылады. Жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар комитетінің, оқущылардың қоғамдық ұйымдарының, өзін өзі басқару органдарының іс-әрекеті жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мектеп кітапханасы жұмысының жоспары құрылады.
Мектеп басшыларының күнделікті жұмысының күнделікті және апталық жоспарлары құрылады. Олар еркін түрде құрастырылады. Мектеп басшыларының күнтізбе-жоспары болған жағдайда мектептегі шараларды өткізуді бақылау да оңай болады. Күнтізбе-жоспардың бірінші графасында өткізілетін шаралар тізімі жазылады. Одан кеійн он графа сызылады, оқу жылының әрбір айына жеке-жеке графа арналады. Тиісті тор көзде белгілі бір шараны өткізуге белгіленген айдың күні жазылады. Мұндай жоспар ешбір уақыт шығынынсыз жүргізіліп жатқан жұмыстың бағыты, ұқсас шаралардың қайталану жиілігі бойынша салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Кейбір мектептерде циклограммалар жасалады, циклограмма дегеніміз мектептегң шараларды өткізудің апталық графигі. Циклограммаларды пайдалану іс-әрекеттің нақты ырғағын анықтауға көмектесіп, бақылауда орындауды жеңілдетеді.
Кейбір мектептерде іс-әрекеттің жағдайларына байланысты жұмыс жоспарларының басқа да түрлері құрылады. Мектеп қызметінің белгілі бір шарттарының өзгеруі, алдын-ала жоспарланбаған жаңа жағдайлардың пайда болуы жұмыс жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізуге себеп болады.
Сонымен, әртүрлі жұмыс жоспарлары жалпы мектептің және мұғалімдер
мен тәрбиешілердің іс-әрекеттерінде ерекше орын алады, ал мектептің жылдық жоспары олардың ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Жоспар жекелеген шаралардың жай ғана тізбегі емес, педагогикалық негізделген шаралар жүйесі болуы қажет. Жоспардың барлық түрі бір-бірімен тығыз байланыста және мектеп іс-әрекетінің маңызды мақсаттарына жеткізетін міндеттерді шешуге бағытталулары қажет.
Жоспардан басқа мектепте басқа да құжаттама жүргізіледі, оны шартты түрде үшке бөліп қарауға болады: оқыту-педагогикалық құжаттама, мектеп ішіндегі ақпарат және қаржы-шаруашылық құжаттамалар. Оқыту педагогикалық құжаттама:
-журналдар: сынып журналдары, факультатив сабақтарының журналдары, дайындық сабақтарының журналдары, қалдырып кеткен және орны ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;
-кітаптар; оқушылар тізімінің алфавитті кітабы, бланктер мен беруді есепке алу кітабы (орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар), «Алтын белгі» белгісін есепке алу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын есепке алу кітаптары, мектеп мұғалімдерінің жекелңк құрамын есепке алу кітабы, мектептен шыққан және мектепке келген хаттарды тіркеу кітабы, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстарының кітабы;
-оқушылардың жеке құжаттары;
-оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларды беру ведомості (бастапқы кәсіби оқытуұйымдастырылған мектептерде);
-жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттама;
-мектеп аттестациясының материалдары, мектептің оқыту іс-әрекеті лицензиясы;
-мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері;
-білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа да ұйымдармен хат алысу.
Мектеп ішіндегі ақпарат ауызша және жазбаша болады. Уақытына қарай ақпарат қолма-қол (күнделікті, апталық, айлық), тоқсан сайынға және жылдық болып бөлінеді.
Күнделікті қолма-қол ақпарат бақылау нәтижесінде, пәндік
мұғалімдермен, сынып жетекшілермен, оқушылар мен олардың ата-анасымен жүргізілген әңгіме-сұқбат нітижесінде, сынып журналы мен мектеп ішіндегі басқа да құжаттамаларды оқып зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Онда оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы суралы, олардың тәртібі туралы, мектептің, оқу бөлмелерінің, оқу шеберханаларының санитарлық күйі туралы мәліметтер бар. Күнделікті ақпарат басқарудың шапшаң шешімдерін қабылдау үшін қажет.
Апталық қолма-қол ақпаратты мектеп директорының оқу-тәрбие
жұмысы бойынша орынбасары жинастырады. Онда бір апта бойындағы күнделікті ақпарат, шапшаң мәжілістердегі пікір алмасу нәтижелері, мұғалімдерден, сынып жетекшілерінен келіп түскен мәліметтер есепке алынады, Апталық ақпаратта ерекше бақылауға алынған оқушылардың және сыныптардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, сыныпта және мектептен тыс шаралар туралы, сынып журналдарын, оқушылар дәптерлері мен күнделіктерін жүргізудің жай-күйі туралы мәліметтер болады.
Айлық қолма-қол ақпарат апталық ақпараттарды қорынтындылап,
олықтырады. Онда оқу бағдарламасының орындалу барысы туралы, пәндік мұғалімдер мен сынып жетекшілері жұмысының сапасы туралы, жекелеген сыныптардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі туралы, арнайы тексеру мен бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы туралы мәліметтер болады.
Сыныптар мен оқу пәндері бойынша үлгерімі туралы тоқсандақ
ақпаратты мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша түрде дайындайды, оны мектеп дирекциясы сараптайды, жұмыс барысындағы пайда болған кемшіліктерді түзету жолдарын анықтау мақсатында педагогикалық және әдістемелік кеңестерде (пәндік бірлестіктерде) талқыланады.
Жылдық ақпарат тоқсандық ақпарат деректері, сыныптан сыныпқа өту
мен мектеп бітіру емтихандарының нәтижесінде қалыптасып, оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігі деңгейіндегі динамиканы айқындауға мүмкіндік жасайды. Бұл ақпарат мектеп жұмысының жылдық жоспарының сараптамалық тарауын құрудың негізі болады.
Қаржы-шаруашылық құжаттаманың құрамында мектептің техникалық
құжаты, мұғалімдердің көрсеткіштік тізімі, негізгі құралдардың тізімі, материалдардың қоймалық есебінің кітабы, құндылығы төмен тез тозатын заттар қозғалысын қолма-қол есепке алу ведомості, мектеп кітапханасы қорының инвертарлы кітабы, материалдық құндылықтарды қолданыстан шығару актілері бар.
Мектеп құжаттамасын нақты және дұрыс жүргізуді ұйымдастыру мектеп
ішіндегі тиімді басқарудың маңызды шарттары болып табылады. Аталған құжаттарды дер кезінде және оларды жүргізудің нұсқауларына сәйкес толтыру қажет. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлық бағыты бойынша қажетті нақты ақпарат алуға болады. Ал бұл істің жай-күйіне объективті баға беріп, басқаруда тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |