І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет35/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

1990 жылдары жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларында тәрбиенің негізгі бағыттары қарастырылды: берік адамгершілік қағидаларды, жалпы алынған рухани құндылықтар негізінде қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байльпъш меңгеру, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің арасыңда қарым-қатынасты қалыптастыру.
Азаматтық тәрбие міндеттері де жаңаша шешілді. 80-жылдары жаңашыл мұғалімдер Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, Т.И.Гончарова және т.б. оқытуды жетілдіруде және оны ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеуде, әдістемелік белсеңді ізденістері педагогика ғылымын дамытудағы алатын орны ерекше болды. Мәселен, бастауыш мектепте оздыра оқытудың әдістемесін Л.Н.Лысенкова ұсынды. Бұл әдістемеге сәйкес балалар үшін қиын тақырыптар бағдарламадағы сағатта жоспарланған уақытынан бұрын өткізілді, әрбір сабақта аз мөлшерде болса да болашаққа дайындық іске асып отырды. Софья Николаевна Лысенкова Москва қаласының 587 мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі, оның оздырта оқыту туралы іс-тәжірибесі "Қашан жеңіл оқылады?" атты еңбегінде баяндалады.
Жаңашыл-мұғалімдердің ішінде Донецкінің мұғалімі Виктор Феодорович Шаталовтың есімін ерекше атауға болады, оның азаматтық кәсіби қажырлығы білім берудің өткір және өзекті мәселелерін шешудің кілтін табуға талпыныс жасауы болып табылады. Бұл мәселелерге оқушылардың жүктемесінің ауырлығын жою, оқуға олардың қызығуын, белсенділігін және дербестігін тәрбиелеу В.П.Шаталовтың "Қайда және қалай үштіктер жойылды?" кітабінің баспадан шығуына байланысты еңбекке кіріспе сөзінде белгілі психолог ғалым В.В.Давыдов былай деп жазды: "Оқу- тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктерінің қатарында В.П.Шаталовтың есімі де зерттеуге және зерделеуге лайықты".В.П.Шаталовтың еңбектерімен қатар "Педагогика" баспасы басқа да жаңашыл-педагогтардың еңбектері мен іс-тәжірибелерін мұғалімдер жұртшылдыққа ұсынды. Олардың ішінде іс-тәжірибелері мен әдістемелік ізденістері жинақталған және жан-жақты талдау жасалған. Москва облысының Реутово қаласының нөмірі 2 мектебінің мұғалімі И.П.Волковтың іс-тәжірибесінің негізінде "Шығармашылыкқа үйретеміз" кітабы, Ленинград қаласының нөмірі 516 мектебінің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильиннің іс-тәжірбиесі "Қарым-қатынас өнері" еңбегінде және Ленинградтың нөмірі 536 мектебінің тарих пәні мүғалімі П.Н.Гончарованың іс-тәжірибесі "Тарих сабагы - өмір сабагы" атты еңбегінде жинақталған.Жаңашыл мұғалім, әрі көрнекті психолог ғалым Ш.А.Амонашвилидің пікірінше, алты жасар балалармен жұмыстың мазмұны мен қағидаларының жағдайы мектеп тәжірибесінде ғылыми негізделген және тексерілген. Алтыжасарлармен жұмыста оқудың әлеуметтік жағымды түрткілерін қалыптастыруға, олардың жан-жақты дамуына көмектеседі.Москваның бастауыш сынып мұғалімі, РСФСР мектептерше еңбек сіңірген мұғалім С.Н.Лысенкова бастауыш мектеп оқушыларының оқуын басқарудың тиімді жүйесін талдады, оздыра оқытудың ғылыми-негізделген жүйесін ұсынды.В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі бірден-бір өте күрделі педагогикалық міндеттерді тиімді шешуге, яғни, әрбір оқушыны күнделікті қиын ақып-ой еңбегіне үйретуге, танымдық дербестікке көмектеседі.Ленинградттық әдебиетші Е.Н.Ильин оқушылардың рухани дамуын жетілдіруге жол таба білді, әдебиет сабағын өзін-өзі және өмірді тану, адамгершілік сабағына айналдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет