Дәріс №9 .Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой- пікірлердің дамуы(XV-XVIIIғғ.Қазақ хандығы кезеңі)
Жоспары:
Қазақстан территориясындағы тәрбие мен қоғамдық дамудың ежелгі көздері
Қазақ хандығы дәуірі кезеңіндегі рухани мәдениеттің дамуы
Ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік ой – пікірлері (Асан-Қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Шал, Ақтаберді т.б.жырауларының тәрбиелік идеялары).Бұқар-жырау өлеңдеріндегі патриоттық, ақыл-ой және адамгершілік тәрбие ойлары
Медресе мен діни мектептердің ағартушылық іс-әрекеттері.
Негізгі деректер. Ежелгі Шығыс ойшылдарының тәлім-тәрбиелік ой – пікірлері. Тасқа қашап жасалынған түрік елдерінің ескерткіші – ата-бабаларымыздың рухани байлығын танытқышы, баға жетпес құндылығы. Қазақ жеріндегі алғашқы мектептердің пайда болуы. Абыздардың алғашқы педагогикалық әрекеттері туралы. «Күлтегін», «Білге -Қаған», «Тоныкөк» дастандарының тәрбиеге байланысты тақырыптары. Түркі қағанатының тарихы, ер жастарды тәрбиелеу жолдары, өз жерін құрметтеу, халық қамын ойлау, ер - жүрек жастарды тәрбиелеу мәселелері. УІІІ-ІХ ғғ. төңірегінде жазылған «Қорқыт-ата кітабы»- оғыздар тайпаларының өзара қатынасы, туысқандық сезім, бауырмалдық, тұрмыс-тіршілік жасау, адам мәнін түсіну - деген философиялық мәселелерді сипаттауы. Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» адамгершілік, тәлімдік тақырыптары, маңызды мәселелерді зерттеуі. Ғұлама – ғалымдардың шығармаларындағы тәрбиеге, жас ұрпақты өмір сүруге даярлау туралы ой – пікірлері. Халық мәдениеті, рухани құндылығы. Отанын, жерін сақтау, қорғай білу тәлімдік мәні бар тақырыптарды өз шығармаларында өсиет сөздерге айналдыруы. Әл-Фарабидің педагогикалық мәселелер туралы пікірлері. Жазба шығармаларындағы адам, оның бақытқа жету жолдары. Білім, ғылымға деген қызығушылықты тәрбиелеу мәселесі. Ғылыми жолындағы баға жетпес жетістіктері. Әл-Фарабидің дүнижүзілік мәдениті мен ғылымның негізін қалауға өз үлесін қосқан ұлы ойшылдардың бірі. Шығыс ойшылдардың тәлімдік ой-пікірлері.
Достарыңызбен бөлісу: |