І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет33/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

В.А.Сухомлинскийдің(1918-1970) шығармашылығына әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шет елде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек байытып қойған жоқ, теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және кеңестік педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі дәрежеде ерекше ықпал етті.
1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны қорғау үшін "Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері" тақырыбында баяндамасын аяқтады. В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шет елдерде белгілі және кеңінен тараған "Балаға жүрек жылуы", "Азаматтыңқалыптасуы", "Коллективтің құдыретті күші", "Павлыш орта мектебі", "Мұғалімдерге жүз кеңес", "Мектептің жас мұғалімімен әңгіме" т.б. кітаптарын ерекше атауға болады.Бүкіл әлемге ерекше танымал болған ВА.Сухомлинскийдің "Балаға жүрек жылуы" еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек терең білгеңде ғана мүмкін екендігін анық та айқын көрсетіп берді.
Балаларды мадақтау және жазалау идеясы тәрбие құралы ретіңде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп ғасырлық даму тарихы бар, барлық педагогикалық жүйелерде қызығушылық танытты.В А.Сухомлинский — гуманистік дәстүрлердің лайықты ізбасары болып табылады. Павлыш мектебінде жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық ұжымның педагогикалық қағидасы болып табьшады. "Он жыл мен, - деп жазды ВАСухомлинский,- өзімнің тәрбиеленушілерімді жазалаусыз тәрбиеледім және олар белгілі адамдар болып шықты".В.А.Сухомлинский баға туралы жазалау құралы ретінде айта келіп, оны тек қана жоғары сыныптарда қолдануға болатындығын, ал бастауыш сыныптарда қанағаттанғысыз баға қою баланың жүрегін жаралайды, психологиясына әсер етеді, өзіне деген сенімі жоғалады. Сухомлинскийдің айтуынша, барлық балалар I сыныпқа бір ғана мақсатпен, жақсы оқу үшін келеді.Тек баланың оқудағы жетістігі, оның әрбір күн сайын алға басқан қадамы оған күш-жігер береді. В.А.Сухомлинский төрт жыл бастауыш сыныпта оқығанда бірде-бір қанағаттанғысыз баға қоймапты. Бірде бір бала екімен жазаланбапты. Баға В А.Сухомлинскийше, жазалау емес, жалқаулығы үшін жазалау емес, әруақытта да оптимистік түрде еңбегі үшін марапат деп түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет