1980-1991 жылдардағы кеңес мектебімен педагогикасы .Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі багыттары
80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесі және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшелеңці. Партия "Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттарын" (1984) дайындады. Бұл құжатта жастарды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасалынды, қазіргі жағдайда оларды өмірге және еңбекке даярлау, бірыңғай, еңбек, политехникалық мектеп туралы идея одан әрі дамыды, білім беру саласьщцағы партияның стратегиялық бағыты белгілеңді.
70—80-жылдары мектептің жағдайы күрт төмендеді, дағдарыс пен тоқыраудың белгілері байқала бастады. Оңай жағдайда оқушылардың сабаққа деген қызығуы болмады, балалардың тәртібі мен қойылатын талап түсіп кетті, отбасының тәрбиелік жауапкершілігі әлсіреді, мектеп еңбектен қол үзді, тәрбие жұмысындағы формализм, процент қуушылық, бағдарламалардың ғылыми негізделмегендігі, шамадан тыс ауырлығы, ескі әдістер мен тәсілдер кеңінен орын адды.
Көпшілік ақпарат құраддарының дамуы балаларды жан-жақты хабардар етті. Қоғамдық өмірді демократияландыру, әлеуметтік белсенділік, өздерінің азаматтық құқтарын түсіну, қоғамдық оқиғаларға қатысу, ынтасы бойынша ерікті бірігу үшін жағдайлар жасадды.
Акселерация балалардың физиологиялық жағынан жетілуін тездетті. Мектепте, бір жағынан, өскелең талаптарымен, әлеуметік-психологиялық және дене мүмкіншіліктерімен өзгерген балалар қалыптасты, екінші жағынан, оқу-төрбие жүмысының ескі мазмүны, формалды түрде қалыптасқан түрлері мен өдістер сол күйіңде қалды. Мектептер өмірдің жаңа талаптарына дайын болмады.
Осындай негізгі қайшылықтардың шиеленіскен жағдайында мектеп реформасының қажеттігі идеясы күн тәртібіне қойылды. Оны іске асырудың түрақтап қалуы, ілгері баспауының себебі, оны іске асыру қоғамдық өмірдің барлық саласын қайта қүрудан бүрын жүргізілді, тек бір ғана сала - білім беруде қолға алынды.
Реформаның негізінде мектептерде оқу-өндірістік комбинаттары кеңінен ұйымдаса бастады. Сол кезде мектептерде ұйымдасқан оқу-өндірістік комбинаттар (УПК) материалдық игіліктерді өндіруден алшақ болды, оның орнына оқушылардың өндірістік оқуына баса көңіл бөлді. Кейін өмірдің өзі оның дәрменсіздігін көрсетті.
1980 ж. тоқырау жылдары деп аталса, бұл кезенде, яғни 1970-жылдардың аяғы мен 1980—жылдардың бас кезінде мектептерде және жоғары оқу орындарында Л.И.Брежневтің "Тың", "Өрлеу", "Кішіжер" еңбектерін міндетті түрде оқып-үйрету іске асты. Брежнев қайтыс болғаннан кейін, 1984 жылы, мектеп реформасы жүргізілді, реформа өзінің ойланылмаған ұйымдастырушылық қадамдарымен білім беру саласында тек тоқырауды қиындата түсті.
1980 ж. аяғында жалпы сенімсіздік жағдайында демократияға, жариялыққа, рухани және экономикалық өрлеуге, білімге үмтылыс кенеттен түсіп кетті. Мәселен, 1989 жылы мектеп бітірушілердің тек кана 10 пайызы оқуға қызығушьшық білдірді, оны әлеуметтік қүндьшықтардың тізімінде тек орта түсында атады. 1980—1990 ж. аралығында жалпы білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Міндетті оқытудың мерзімі қысқарды: бастауыш мектеп жөне толық орта мектептің арасында аралық саты қалыптасты, мемлекеттік емес (жекеменшік) оқу орындары пайда болды.
Жекеменшік оку орындары ақылы оқытылды, кейбіреулері өте қымбат түрды. 1994—95 оқу жылында Ресейде шамамен 450 мемлекеттік емес бастауыш жене орта мектеп болды. Онда 40 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алды, бүкіл оқушылардың шамамен 0,1 пайызын құрайды.Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрды:1-саты — бастауыш мектеп (3-4 жьш); 2-сатысы — негізгі жалпы білім беру мектебі (5-6 жьш); 3-сатысы — толық орта мектеп (8-12 жыл). Мемлекеттік және муниципалды мекемелердің барлық үш сатысында жалпы ұлттық білім беру стандарттарының шеңберінде азаматтарға оқытудың жалпыға бірдейлігі мен тегіндігі қамтамасыз етілген.
Пәндерді терендетіп оқыту мектептерінде (лицейлер, гимназиялар және т.б.) конкурстық негізде қабылданды. Негізгі мектепте оқыту стандарт бағдарламасын және тандау бағдарламасын қамтиды. Ол міндетті жалпы кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының бірнеше түрін қамтиды: кәсіптік-техникалық училищелер (1-2 жыл), техникумдар (2 жыддан 4 жылға дейін), техникалық лицейлер (1-2 жыл) және техникалық колледждер (2-ден 4-ке дейін). Кәсіптік мектептердің оқу-жоспарлары мен бағдарламалары жалпы білім беретін және арнаулы болып бөлінеді.
Жоғары оқу орындарының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты олардың өмірі елеулі өзгерді. Көптеген жоғары оқу орындары ақылы жұмыспен айналысты. Жоғары мектепте тегін білім алумен қатар ақылы оқыту кең epic алды. 1980 ж. аяғына дейін Ресей әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің ішінде жекеменшік жоғары оқу орындары болмаған бірден-бір ел болды. 1980—1990 ж. Ресейде мемлекеттік емес (ақылы) жоғары оқу орындары пайда бола бастады. Ресейде мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін арнаулы шаралар алынды, мәселен, "Жыл мұғалімі" аймақтық, ұлттық сайыстар өткізілді. Жалпіресейлік сайыстың жеңімпазы атағы белгіленді.
Достарыңызбен бөлісу: |