І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет42/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демо­кра­ты, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлін материалистік тұр­ғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз бо­луы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, ба­тыр, алғыр болады деген нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қа­ра­ма-қарсы болды. Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, эти­ка­лық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сү­ре­ді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмір­дің сәулесі ғана.Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде ту­ған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, пара­сат­ты­лық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. Гуманист – ақын Абайдың ХІХ ғ.орта шенінде халқымыздың бойындағы жа­ғым­сыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзек­ті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап ашуға болады. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі білім беру жүйесінің гумандық бағытына үндесіп жатыр.
1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады. Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы гума­нист, ақын-ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу жайы туралы және Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің да­му тарихында алатын орны туралы айтқанымызда ұлы ғұлама ойшылдың пе­да­гогикалық мұрасын алғашқы зерттеушілер, педагогика тарихы саласындағы көр­некті қазақстандық ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторлары, про­фес­сорлар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қа­лиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.Ұлы гуманист-ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні мен маңызы бүгінгі таңда да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет