І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Дәріс №10. Қазақстандағы XIX-XXғ. Білім беру мен педагогика ғылымы



бет41/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Дәріс №10. Қазақстандағы XIX-XXғ. Білім беру мен педагогика ғылымы.
Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі
Жоспары:

  1. Қазақстанның Ресейге қосылуы. Қазақ халқын ағарту саласындағы патша саясаты.( Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов,А.Құнанбаевтың )

  2. Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстар.Алаш-Ордалықтардың педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттері. (А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов)

  3. Білім мазмұны және мұғалім кадрлерін даярлау.Мектеп құрылысы мәселесі Ә.И.Сембаев еңбектеріндегі кеңістік кезеңіндегі Қазақстан педагогикасына сипаттама.

  4. Білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар ҚР «Білім туралы» заңы.Білім берудің мемлекеттік стандарты.Білім беру тұжырымдамалары.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – қазақ даласындағы қоғамдық – ағартушы­лық қозғалысты басқарған қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, ағартушы-пе­да­гог, ойшыл. Орыс-қазақ халқының өзара достық қатынасты бағыттаушы. Ш. Уәлихановтың қазақ халқының ұлттық бейнесі, психологиясы, салт-дәстүрлері туралы. Қазақ халқының діни көзқарасының ерекшелігі туралы. Ресейлік отар­шы­лық-«ағарту» саясатты сынға алу. Тәрбиенің адамның жеке тұлғалық қа­сиет­терінің қалыптасуындағы рөлі. Қазақ балаларына орыс мектептер ашу ту­ра­лы ойлары. Мұсылмандық мектептің «қараңғылығын» сынға алу. Қазақ хал­қы­ның ағартушылық бағыттағы болашағы туралы ой-пікірлері.
Шоқан Уалихановтың пікірінше, халықтардың ұлттық психологиясын көр­се­те­тін белгілердің бірі - сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қа­сиет­тері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор дарынның, керемет қабілеттің, ақын­дық қуаттың белгісі деп санады. «Халықтың тұрмысы мен әдет – ғұрпы, – деп жазды ол, – бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өткенді қастерлеу және аңыздардың молдығы - терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл».Ғұлама – ғалымның осы пікірлерін кең байтақ өлкемізде өткен замандарда бол­­ған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Олар халқымыздың салт – са­­насы мен әдет – ғұрпындағы өнегелі де айшықты жақтарын, атап айтқанда, сөз өнеріне жетіктік, шешендік пен парасаттылық , суырып салмалық, нақыш­тап сөйлеуге жаны құмарлық тағы басқа қасиеттеріне ауызының суы құрып таң­­данған. Шоқан туған халқының әдет – ғұрпының түрлі жақтарын талдай келе, қа­зақ арасындағы кйбір жағымсыз әдеттерді сынап, бұларға қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан әдеттер деп қарады. Мәселен, осындай феодалдық өмірдің басты кінәраттардың бірі барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін бас айтты. Ол: «мынадай кәсіппен айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, ал, белгілі бір кәсіппен айналысу уақытты, зор ынтаны керек етеді» деп, дүрыс түжырымдады. Осылайша ол жастарды мұндай сұрқия кәсіптен бойын аулақ салуға шақырып, бұл жексұрын әдеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, ондай әдеттің сайып келгенде қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына кедергі келтіретініне тоқталады. Шоқанның психологиялық пікірлері оның кейбір тәлім – тәрбиелік педо­го­ги­калық көзқарастармен тығыз ұштасып жатады. Ол өмір сүрген заман педа­го­ги­касында орыстың революцияшыл демократиялық идеясының өрлеп тұрған ке­зі еді. Осы озық идеямен нәрленген педагогикада тәрбиешілерден жас буын­дар­ды қоғамдағы зұлымдық атаулымен күресе алатын, адамгершілігі мол жеке мақ­сатты халық мүддесіне бағындыра білетін, озат прогессивті көзқарасы бар адам етіп тәрбиелеуді талап етті. Орыс педагогикасының осынау жаңашыл идеал­дары Шоқанның осы өршіл педагогиканың негізін салуға ат салысқан Чер­нышевский мен Добролюбов ілімдерінен де тәлім алған еді. Ағартушы – ға­лым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде қрып, оқу білімінің та­би­ғаттың сырларын ашуға бағытталуын, сөйтіп туған халқының алдыңғы қатар­лы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Ол халқымыздың өркениеті үшін та­тар молдалары сабақ беретін медреселердің, сондай – ақ патша өкіметі ашқан ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын оқу орындарының қажет­сіз­ді­гін, оның орнына Еуропа жұртында кең таралған дүниежүзілік жалпы білім бе­ре­тін мектептердің ашылуы зор маңыз алады дей келіп, отарлау саясаты көз­де­ген шараларды мықтап сынға алды. Ол «Қазақ даласындағы мұсылмандық ту­ралы» атты еңбегінде осы мәселеге ерекше мән беріп, татар молдаларының схо­лла­стикалық оқу жүйесін сынай келіп, «тек ақиқат білім ғана құруға үйретеді» – дейді.
Шоқан еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Бұл ғалымның тәлімдік пікірлерінің таптық сипатын жақсы аңғар­та­ды. Өз халқының келешегінен зор үміт күтетін Шоқан озық мәдениетке же­ту­де ғылымы мен мәдениеті мықты дамыған елдерден үйрену керектігін , бұл үшін орыс оқуына бой ұру қажеттігін, мның өзі халқымыздың жалпы адамдарға деген достығын күшейтетін игілікті іс екендігін ескертті. Шоқанның ағартушы – ғалым демократ ретінде көздеген негізігі мақсты – халқына қайткенде де білім беру, оқыту, дүние тануға жетелеу еді, оны реформа арқылы іске асырмақ бол­ды. Оның өз халқына деген сүйіспеншілігі, бүкіләлемдік озат өркениетті ғұла­ма­ларға деген шын мәніндегі адал көңілдегі терең сүйіспеншілігімен тығыз ұшта­сады. Әрине, Шоқан орыс атаулының бәрін бірдей жақсы көрмеді. Ол пат­ша­ның озбыр саясатымен, отаршылдық езушілігімен келісе алмады, Ресейдің теңсіздіктің дүниесіне жиіркене қарап, орыстың алдыңғы қатарлы, озат ойлы ұлдармен бірге отаршылдық саясаттың өзгеруін қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет