І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет44/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің әлеппесі мен оқулықта­ры­ның авторы, жаңашыл ағартушысы, араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы.
А.Байтұрсынов – қазақ тілін зерттеуші. А.Байтұрсынов 1985 жыл мұға­лім­дер даярлайтын мектепті бітірісімен бала оқыту ісін қолға алып, 13-14 жыл бойы ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі кластық учи­лищелерінде мұғалім бола жүріп оларға қажетті жағдайлардың жайын ой­лай­ды.
Ең алдымен қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таң­ба­ларын қалыптастыру керек екенін түсінген ол алдымен қазақ тілінің фоне­ти­калық құрамын зерттеуге кіріседі. 1912 жылы Орын­борда қазақша сауат ашатын «Оқу құралы» жарық көрді.
«Біздің заманымыз – жазу заманы ... Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жа­за білуге, сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша бір-біріне қиындасып, жал­ғасатын жүйесін білу керек болғандықтан, «қазақтың бастауыш мектебінде бас­қа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету ке­рек» («Тіл құрал», Тіл танытқыш кітап. Сөз басы) дегенді өзіне міндет етіп алады да, сол міндетті атқару үшін «Тіл құрал» деген атпен үш бөлімнен (үш кітаптан) тұратын оқулық жазуға кіріседі. А.Байтұрсынов терминология мәселесіне қатты назар аударған. Ол тек тіл білімі саласы емес әдебиеттанудың да көптеген терминдерін жасаған. Бұлар да өте сәтті шыққан қонымды атаулар болды. Сондықтан олар да күні бүгінге дейін қолданыс тауып келеді. Ғылымның тек осы екі саласы емес, жалпы мәдениетке, тарихқа қатысты әлеуметтік терминдердің көпшілігі А. Байтұрсынов қаламынан туып, жалпы ха­лық­тық тілге сіңісіп кеткен. Бұл салада ең басты ұстанған принципі – ең алдымен қа­зақ тілінің өз мүмкіншіліктерін пайдалану болды.
Мағжан Жұмабаев – Қазақстандағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі. Өзі­нің "Мектеп және оның негізгі даму жолдары" атты публицистикалық мақа­ла­сында ол ескі мектептін балаларға дұрыс білім бермейтінін, олардың тек құ­ран сүрелерін жаттаумен ғана шектеліп, творчестволық ойлау, даму қабі­лет­те­рінің дамымай, қоршаған орта, мәдениет жайлы ойларының қалыптастыра алмай­тындықтарын жазады. М.Жұмабаевтың пікірінше, жаңа мектепті қалау­шы­лар қазақ халқының ұлттық мінез-құлықтарын, танымын қамтулары керек.
Мағжан Жұмабаевтың ғылыми-педагогикалық қызметіндегі талдап, қорыт­қан кітабы -"Педагогика", оның алғы сөзінде ол осы кітапты жазудағы құжат­тар­дың көбі қысқаша мерзім педагогикалық курстарда оқылған дәріс мате­риал­дары деп жазды. Қазақтың педагогтың 1922 жылы Орынбор қаласындағы алғаш шыққан теоретикалық жұмысын замандастары қабыл алып, үлкен та­быс­қа ие болды.Мағжан Жұмабаев "Педагогикасында" бала тәрбиелеу жүйесі әр мемле­кет­те оның халқының даму тарихының жағдайына байланысты деп көрсетеді, оның мұқтаждығы мен сұранысын сондықтан дене тәрбиесінің басшысы етіп пе­дагог этнопедагогика және этнопсихология идеясын қояды. Бұған байла­ныс­ты бізге профессор Жарықбаевтың айтқан құнды тұжырымы белгілі, осы зерт­теуінде ол былай деп жазады: "Қай халықтың болмасын психологиялық-педа­го­гикалық ойлау тарихының дамуын қарап отырып тәрбиелеудегі әркилы өнді­рі­ліп шығарылған амал мен тәсілдің кейбір кезеңдерін айтпай кетуге болмайды. Екінші бөліміндегі баяндамасында М.Жұмабаев былай' деп жазады: "Жан – адам­ның қалыптасуындағы ең қымбат және жұмбақ рухани тәрбиемен айна­лы­су үшін адамның жанына қатысты білім беретін ғылымды жаксы менгеріп,оқу керек". Психологиялық теорияның себепшісі, педагогикалық процестің негізі деп Мағжан Жұмабаев өзінің психологиялық дәлелін санайды. М.Жұмабаев өз шығармасын "Педагогика" деп атайды. Бірақ оның ішінде психология туралы да сөз бар деп тұжырымдауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет