І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет40/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Махамбет Өтемісұлы (1804-1846). Қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туған. Ауыл молдасынан дәріс алған. Исатай батыр бастаған ша­руалар көтерілісі көсемдерінің бірі. Хан озбырлығына қарсы шыққан қоз­ғалысқа дем беруші, басты ұраншысы болды.
Өзінің уытты, насихаттық мазмұнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастарды тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшті ерік - жігері мен қай­сар мінез – құлқын тәрбиелеу ісіне зор маңыз береді. Ұрыс кезінде қорқақтық пен жалтақтықты айыптап, сатқындық барып тұрған қасиетсіздік, туған халқы мен ағайын алдында кешірілмес күнә,- деп есептейді. Жастарды бұқара халыққа қиянат жасайтын жан – сұлтандарға қарсы күрестің мәнін терең түсіне білетін қас батыр етіп шығуы үшін Махамбет тәрбие мәселесін халықтың абыройы жо­лын­дағы күреспен ұштастыруға, өскелең ұрпақтың мұрат – мүддесінің әлеумет­тік мәнін ашуға тырысады.
Доспамбет жырау (XVI ). Дон өзенінің төменгі жағындағы Азау қала­сын­да дүниеге келген. Кіші Орданы билеуші ноғайлардың әскери шонжарлар әулетінен шыққан. Оның толғауларынан өз заманындағы білікті адамның бірі бол­ғандығы, көшпенділер тұрмысымен салт – санасының өзіндік ерекшелік­те­рін жақсы білетіндігі, көпті көргендігі жақсы аңғарылады. Бүкіл Дешті Қыпшақты шарлаған жорық жырауы туыстас түркі тайпалармен елдік, намыс, туған жер, адамның асқақ асыл армандары сөз болған. Мұның қазіргі ұрпаққа тәлімдік жағынан тигізетін әсері жоқ емес. Жыраудың шығармаларында жастарға батыр, ер жүрек адамдары үлгілі болатындығы жақсы жарияланған.
Шалкиіз жырау (XVI ). Жайықтың сол жағалауында (Кіші жүз) дүниеге келген. Орта ғасырдағы қазақтың қоғамдық ой-пікір тарихындағы ең жақын да елеулі тұлғалардың бірі. Дала батырының ұрыстағы қаһармандағы мен ержү­рек­тігін, көшпенділер қару - жарағы – алдаспанның қуаты, тайпалар бірлігін аң­сау – жырау толғауларының басты тақырыбы болады.
Суайттар мен қоян жүрек қорқақтар, мақтаншақ бөспелер адам деген ардақ­ты атқа лайықсыз жандар, деген. Асқар таудың құзар шыңына ұмтылған жаннан қай­ран жоқ. Жақсы адам дос – жараланғанды жауға тастамайды, «тұяғымен жер тар­пы­ған» тұлпары оның жан серігі. Феодалдық заманның перзенті болған жырау алды­мен дала жуандары мен мықтыларының мінез – құлық ерекшеліктеріне на­за­р аударады. Ақынның шығармаларынан жақсы байқалады. Шалкиіз тол­ғау­ларының рухы аса күшті, философиялық ой – толғамдар байлығымен, көр­кем­дігімен, қысқа да болса нұсқалығымен ерекшелінеді.
Қазақ жерінде, әсіресе оның оты­рық­шы аудандарында орта ғасырдың өзінде –ақ (УІІ –УІІІ ғғ.) көптеген діни мек­тептер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары) мен медреселер (діни жо­ға­ры оқу орны) ашыла бастады. Олардың саны және қанша шәкірт оқығандығы белгісіз. Ірі қалаларда мәдени және діни орталығы болып саналатын медресер өз жұмыстарын атқарды. Діни мектептер ауылдың, еді мекендердің көпші­лі­гін­де болды. Бұл мектепте сырттан шақырылған молдалар ұстаздық еткен, олар­дың еңбек ақысын халық жинап берген. Оқу жылы 4 немесе 6 айға созылған. Оқи­тын оқу мерзімі 4 жыл болған, ер балалар 7 жастан бастап қабылданған. Ба­лар­дың білімі Құранды жаттаумен шектелген. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауға негізделген, араб тіліндегі Құранның жолдарын жатқа оқытып үйреткен.
Ал медреседе ислам дінін уағыздайтын молдалар мен сопылар даярланған. Шариғат заңдарын түсіндіре алатын, жоғары лауазымды дін қызметкерлері бі­лім алған. Бұл мұсылман рәміздерін тарататын арнаулы оқу орны ғана болған жоқ. Сонымен қатар медреселер үлкен мәдени міндеттерді атқарды. Медреседе мы­на пәндер жүргізілді: тарих, логика, риторика, математика, астрономия, фи­ло­софия, медицина, жағрафия т.б. Медреселердің ірі кітапханалары болды. Оқу мер­зімі тұрақты болған жоқ, кейде 15-20 жылға дейін оқу үдерісі созылған.
ХУІІІ – ХІХ ғғ. бірінші жартысындағы орыс-ұлттық мектептердің пайда бо­лды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет