Эмпирикалық зерттеу әдістері. Эмпирикалық зерттеу әдістерінің құрылымы өте күрделі, грек тілінде еmpeiria – тәжірибе деген ұғымды береді.
Алғашқы тобына бақылай отырып зерттеуді жатқызуға болады. Бұл мақсатқа сай заттар мен құбылыстарды зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді санамен қабылдау және ақпараттарға өзіндік тұрғыдан талдау жасау, зерттеу нысанасының сыртқы көрінісі мен қасиеттері, белгілері туралы мәліметтер жинақтау дегенді білдіреді. Бақылай отырып зерттеуге, алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу нысанасы, бақылай отырып зерттеудің шарттары, сондай-ақ бқылай отырып зерттеудің шарттары, сондай-ақ бақылай отырып зерттеудің құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар, қажетті құрылғылар және өлшеу құрал-жабдықтары жатады.
Бақылаушы бақылау көзін, сондай-ақ қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтап алу керек. Зерттеу барысында бұл зерттеу түрлерінің төмендегідей жіктемесін беруге болады:
педагог-зертеуші бақылай отырып зерттеудің, оқу-тәтбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер болғанымен бейтарап адам; педагог зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіреді.
жанама бақылай отырып зерттеу тікелей бақылай отырып зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмысқа қатынасушылар арқылы жүзеге асады.
жасырын немесе елеусіз бақылай отырып зерттеу тұйық телидидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамераларды бар мектептерде іске асырылады.
үздіксіз бақылай отырып зерттеу оқыту үдерісін, екі-үш оқушының сабақтағы,ойындағы, сыныптан және мектептен тыс оқу-тәрбие үдерісі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу барысында іске асырылады;
монографиялық бақылай отырып зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;
дискретті (үздік-үздік) бақылай отырып зерттеу нысананы ұзақ уақыт бақылу барысында пайдаланылады.
бақылай отырып ұзақ уақытты қамтуы мүмкін, атап айтқанда, жарты жыл немесе бір жыл. Бақылай отырып зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейіннен қайтадан жалғастырылады;
бір бағытты бақылай отырып зерттеу жалпы тұтастықтан зерттеу мақсатына сай бір құбылсты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
бақылай отырып зерттеу, іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады және мұндай зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
Эксперимент – ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: шынайы педагогикалық құбылыстарды эксперименттен өткізу. Өзіндік диагностикалық «карталар», қарастырылған сауалнамалардың мазмұнын сипаттайтын «бөлімдер», «сурет» қолданылады. Ол педагогикалық үдеріс барысында, яғни оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, практикалық және оқушылардың белгілі бір топтарын бөліп зерттеу кезеңінде іске асырылады. Екіншіден, қалыптасқан болжамды эксперименттік тұрғыдан тексеру. Ол зерттеу нысанасының педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді.
Келесісі – жаңадан ұсынылған үлгілер мен жобаларды іске асыру барысында пайда болған педагогикалық құбылыстарды эксперименттен тексеру.
Келесісі – сұрақ-жауап әдістері. Бұл әдіс ауызша (әңгімелесу), интервью (сұхбат), жазбаша (анкета) түрде жүргізіледі.
Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |