І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет72/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Қажымас ерік-жігер – дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды әс-әрекетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетанып элементі тетінде реориялық ойлау дегеніміз – адамның білімдері, болмыстың құбылыстарын шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінша жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілетті.
Арман-мұрат өмірлік мақсаттар ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.
Адамның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оынң мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. әлеуметтік орта – адамды әлеуметтік өміріндегі қршаған қоғамдық қатынастардың дамының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі. Әлеуметтік орта қоғамдық-экономикалық формация түрінде, қай тап пен ұлтқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмыстық және көбінесе тәуелді.
Қоғамдық-экономикалық формация өзіндік тарихи, демографиялық, географиялық және ұлттық нақтылығында, өмір салтының белгілі бір түрін,ойлау мен мінез-құлық амалдарын тудыратынәлеуметтік ортаны қалыптастырады. Сонымен, қоғамдық-экономикалық формация – әлеуметтік орта – өмір салты – жеке тұлға – дүниетаным ұйтқысы, жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі жолы. Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана ісерлі және тиімді болып келеді.
Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі, дүниетанымдық сана, сезім мен ерік-жігердің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады.
2. «Дүниетаным – философия, философия сияқты ол да бүтінге, жан-жақтыға, соңғыға қарай бет алады, ол тек космос туралы білімдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан, субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір формаларынан тұрады (Г.Мейер)». Философияның өзі де – дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы.
Философия сияқты дүниетанымның басқа да формалары бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның дүниетанымның басқа формаларынан айырмашылығы – оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Ал оның ішінде, натуралистік формадан өзгешелігі, ерекше категориялық аппараты бар, ал ол өз дамуы барысында барлық ғылымдарға, азамат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді. Философияның мәні «дүние-адам» мәселелері туралы ойлар.
Философия екі құбылысқа негізделеді:

  1. Философия – бүтін дүние және адамның осы дүниеге қатынасы туралы ақпарат;

  2. Философия – таным принциптерінің комплексі, таным іс-әрекетінің жалпы әдісі.

Осыдан барып философияның көптеген қызметі екі топқа бөлінеді: дүниетанымдық, әдіснамалық.
Философияның адам мәселесінің маңыздылығына орай бірінші орында гуманистик қызметі тұр. Гумандылық (лат. Humanus – адамгершілігі бар) – адамгершілік деген мағынаны білдіреді, ол – гуманизмнің түрлі бағыттарының арман-мұраты. Оның басты мақсаты: адамға тән құндылық қабілеттігінің, сезім мен парасатың үйлесімді дамуы, адами мәдениеттің, өнегелік пен оған лайық адамдар мен тұтастай жаратылысқа қатысты мінез-құлықтың жоғары деңгейде дамуы. Адамгершілік – адамдармен қарым-қатынас жасағаннан пайда болатын игілік сезімі; ал екінші жағынан – адамдармен іштей және жалпы түрде қатынас жасау мүмкіндігі, азаматты жануарлардан ерекшелендіретін, тек адамға ғана қасиеттер жиынтығы (Конт).
В.С. Соловьевтің пайымдауынша: «адам өміріне ақыл-ойдың маңызды мәселелерін, ақиқат шындығы, құбылыстардың мәні мен парасаты туралы мәселелерді шеше алатын, сонымен қатар, қалауға шартсыз мақсат қоя отырып, қызмет-әрекеттің жоғарғы қалпын анықтай отырып, бүтін өмірдің ішкі мазмұнын аша отырып, ерік-жігердің жоғары талап-тілектерін қанағаттандыра алатын жоғары деңгейдегі наным-сенім мен орныққан көзқарастар сөзсіз қажет...». «Қоғам үшін де, жеке индивид үшін де дүниетанымсыз өмір дегеніміз бағыт-бағдарыдың жоғары сезімінің патологиялық бұзылуын білдіреді» (А.Швейдер). Философияның гуманистік қызметінің мәні, міне, осы.
Философияның келесі бір дүниетанымдық қызметі – әлеуметтік-аксиология. Оның өзі де бірнешеге бөлінеді, олардың ішіндегі ең маңыздылыры: құрылымдық-құндылықтық, интерпретаторлық және сыншылдық қызметтер. Біріншісінің мазмұны Жақсылық, Әділеттілік, Шындық, Сұлулық сияқты құндылықтар туралы түсініктердіталдау болып табылады; бұған, сондай-ақ, әлеуметтік арман-мұрат туралы түсінік те жатады.
Қоғамдық арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат негізгі адамгершілікке байланысты белгіленеді, ал оған шартсыз мағынасындағы, шексіз қабілеттігіндегі жеке тұлға ұғымы жатады. Қоғамда жеке тұлғаның өмірлік міндеттері қайталанып қана қоймайды, оның арман-мұратқа ұмтылысындағы күш-жігері де толығады, қалыптасып келе жақтан жеке тұлғаның өмірі индивидуалдық өзін-өзі танытуға талпыну мен шартсыздық пен жоғары даралыққа ұмтылу сияқты тербелісте болады. «Жеке тұлғаны» шартсыздық принципі қажет болған сайын бүкіл адамзаттық, ғаламдық ынтымақтастық арман-мұратына әкеледі... қоғамдық арман-мұратқа еркін универсализм принципі деп анықтама беруге болады. (П. И. Новогородцев).
Жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы білімдер дегенді және оларды құбылыстарды тану мен бағалау үшін және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктері дегенді білдіреді. Ол білімдердің ақиқаттылығына және оларды қызмет-әрекеттің құралы ретінде пайдаланудың нәтижелігіне деген сенімділігінен тұрады. Жеке тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық-мазмұндық категория емес , ол, сандай-ақ, психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды-жігерілік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет