І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет65/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

а) Әңгіме-сұхбат, яғни ұйымдастырылуына және мазмұнына байланысты еркін диалог. Әдісті жүргізерден бұрын зерттеуші оған жоспар құрып, қажетті мәселелерді реттеп, сондай-ақ әңгіме-сұхбатты жазып алу құралдарын даярлайды (бейнетаспа, аудиотаспа, стенография).
ә) Сұхбат – әңгіме сұхбаттың бір түрі. Зерттеушінің міндеті – зерттеу объектісінің әгімесіне қолдау көрсету. Сұхбат зерттеушінің жоғары кәсіби білігіне және тәжірибесіне байланысты нәтиже береді.
б) Сауалнама (анкета). Яғни бұл – арнайы іріктеліп алынған танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының нұсқаларының талапқа сай логикалық құрылысының жиынтығы. Анкетада сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Статистикалық сараптан өткізуді жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға жасау қиындық туғызады.
Ғылыми танымның үшінші кезеңі немесе ең жоғарғысы әдіснамалық кезең болып табылады. Танымның әдіснамалық кезеңі педагогика ғылымының категорияларымен, «белгісіз білімді білу туралы» білімдерді айқындаумен, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі ретінде белгілі теорияларды қолданумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

  1. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің құрылымы

Ғылыми жұмыстың мақсаты іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу болып табылады. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің дүниежүзілік мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен жаратылыс құрылымының жалпы және ортақ заңдылықтары сипатталады. Қолданбалы ғылым, іргелі ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, өмір-тіршіліктегі міндеттерді қарастырады. Ғылыми нәтижелер іс жүзінде қолданылады. Жалпы алғанда, зерттеу жұмысы зерттеу бағдарламасы арқылы іске асырылады. Ол негізінен жеті кезеңнен тұрады:
Алғашқы кезең зерттеу мәселесімен танысудан басталады, оның өзектілігі мен зерттелу деңгейін қарастырады. Ғылыми жұмыстың мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні анықтайды. Ғылыми жұмыстың өзіндік қарама-қайшылығы болуы тиіс, ол зерттеу жұмысын жүргізу барысында шешімін табуға тиіс.
Жұмыстың мақсаты зерттеушінің жұмыс қорытындысында алатын нәтижесін сипаттауы тиіс. Ал жұмыстың объектісі таным үдерісінің неге бағытталғанын көрсетеді. Пәні – зерттеу объектісінің нақты қарастыратын бір бөлігі. Мақсат, объект, пәнге және болжамды дәлелдеуге байланысты ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері айқындалады.
Екінші кезең әдіснама тандауға байланысты: алдыңғы тұжырымдар, теориялық ілімдер, таным әдістері, тәжірибенің болжамдық нәтижесі, т.б. Қазіргі кезде педагогакалық мәселелерді қарастыру барысында жүйелілік, кешенділік, тұтастық жекелік, іс-әрекеттілік және т.б. тұрғыдан келу іске асырылады.
Үшінші кезеңде ғылыми жұмыстың маңызды бөлігі – болжам жасау іске асырылды. Зерттеудің болжамы дегеніміз – болашақта теориялық, тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеуді қажет ететін, ғылыми тұрғыдан негізделген болжам жасаушылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет