І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


Дәріс № 4 Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны



бет74/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Дәріс № 4 Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
Жоспары:

  1. Тәрбие арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет ретінде

  2. Жалпы азаматтық құндылықтар. Жеке тұлға және оның құндылық бағдары.

  3. Ұлттық тәрбиелік әлеует.

  4. ТПҮ тәрбие мазмұныдарының түрлерінің өзара байланысы.



Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру үдерісі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие үдерісі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке түлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Мақсат дегеніміз - бір нәрсеге ұмтылу, іске асыру. Бүл түрғыдан алғанда тәрбие мақсаты - жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Жалпы азаматтық құндылықтар. Жеке тұлға және оның құндылық бағдары. Жалпы адамзатттық құндылық бағыттары адамның мінез-құлқының ең маңызды қоғаушы күші болып табылады және іс-әрекетінің салдарын анықтайды. Құндылық бағыттары субъектінің іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адам,оның қажеттіліктері мен қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын ретінде сипатталады. Яғни, жеке тұлғаның құндылық бағыттарыныің әлеуметтік –этикалық мазмұның қамтамассыз ететін іс-әрекеттің алуан түрлерінің интеграциясы, факторы болып табылады.
Жеке тұлғаның құндылық бағыттарын оның дуниетанымымен байланыстыруга болады. Өйткені, жеке тулғаның құндылық деңгейі оның дүниетанымына тікелей байланысты. Дүниетаным ұғымының түбірі –дүние. «Дүние» араб тілінен аударғанда өмір, тіршілік сөздерінің мәнін береді.Ал жалпы алғанда оны қоршаған орта табиғат, табиғат. Әлем ретінде қабылдауға болады. Дүниетанымның екінші құрамы – «таным» ұғымы. «Таным»- филосифиялық ұғым. Ол қоршаған ортадығы материялдық шындықтың адам санасында бейнеленуін көрсетеді. «Дүниетаным-философия және сол сияқты ол да бүтінге.жан-жақтығы.соңғыға.ақырғыға қарай бет алады. Ол тек космос туралы білімдерден ғана емес. Сонымен қатар бағалаудан. Субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір формаларынан тұрады» (Г.Мейер). Философияның өзі де дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге қатынасына деген көзұарастар жиынтығы.
Көптеген ғалымдар (В.Т.Афанасьев, Л.П.Буева, В.В.Журавлев, А.Н.Леонтъев , В.П.Тугаринов, М.Орынбеков, т.б) дүниетаным мәселесін әр түрлі аспектіде қарастырып,оны қоғамдық сананы саралау тқрғысынан зерттеу қажеттілігін ескерткен.Дүниетанымға қысқаша энциклопедияда «жеке адам және оның қоғамдағы орны,сана-сезімдік қалпы туралы ұғымдардың жиынтығы»деген анықтама берілген.Яғни ол сана ядросы ретіндесипат алады.Дүниетаным ұғымына кеңірек тоқталатын болсақ,ол-дүниеге нақты тарихи маңызы бар көзқарастың,табиғат пен қоғам дамуының заңдлықтарына,өмірдің әлеуметтік экономикалық құрлысына,адамның белсенді өмір көзқарасарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жуйес қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі,тұтастығы.Ал ғылыми дүниетанымы – қоғамдық сананың ең жалпы және жоғарғы формасы.дүниетаным неггізінде дүниеге көзғарас,демек дүнеи туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы топтастылрылған.Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің және күнделікті көзқарастарды меңгерудің нәтежиесінде қалыптасады,сонымне қатар қоғамның жаңаруы,қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтежиесінде жетіледі.Жаңа ғылыми фактылар,қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаналықтары,өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірбиесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып,нақтылайды және өзгеріске ұшыратады
Адамның дүниетанымдық көзқарасы оның тікелей өмірлік тәжірбиесінен бастау алады және соған негізделеді.Жеке тұлғаның дүниеттанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.
Жеке тұлғаның дүниетанымы,дүниетанымдық білімдер мен сенімдер дүниетанымдық білімдер мен сенімдер дүниетанымдық көзқарастардың кең көлемге ие болуы және тереңдеуі қажеттілігінен тұрады.Ал қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде сипат алады.Сенім мен арман мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін құрайды,ол –қызмет-әрекеттің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтынжалппы принциптер.
Жеке тұлғаның дүниетанымдық тұрғыдан даму мәселесін жетілдіруді психология ғылымы айқындайды.Жалпыадамзаттық құндылықтардың тұлғаны қалыптастыруға негізі екендігі ғылымда дәлелденген.
Жеке тұлғаның дүние танымы- ақиқаттың жалпы көрінісінің жоғарғы денгейімен суреттелетін әлеуметтік мәдениетпен интелектуалды және имоцианалдық – жігер сипаттарын топтастыратын феномен.Яғни жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қортыланған білімдермен оларды пайдалану біліктілігі,олардың ақиқаттығы мен нәтижелілігіне деген сенім,нұсқауларды қажет ету,жалпылама принцептермен арман –мұрат,қызмет –әрекетке деген даярлық сипаты компоненттер өзара байланысты болып келеді.
Психологтар «құндылық»ұғымының жеке адамдарға қатысты жеке мәнің сипаттауға тоқталады. Сонымен «құндылық дегеніміз –тарихи айқындалған қоғамның немесе топтың адам-дарына шыңдық ,мақсат және идеал ретінде пайдалы және қажетті құбылыстардың түйіні.Құндылық-тек өмірдегі бар нәрсе емес,оны жүзеге асыру,ол үшін күресу қажеттілігі.
Дүниетаным дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес,сонымен қатар қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік,әлеуметтік,гуманистік құндылықтарды- өмірдегі мінез-құлықтың бағытын таңдауы,оның қоғам мен өз-өзіне деген жауапкершілікті қатынасын анықауы.Дүниетанымдағы құндылық бағдар сананың қайнар бұлағы,ол адамның мәдениетті,өркениетті қалыптасуынан және оны дамытуға талпынған іс-әрекетінен көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет