І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы


І кезең. Оқушыларды негізінен өзінің айналысында не болып жатыр, осыны түсінуге баулы керек. ІІ кезең



бет80/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

І кезең. Оқушыларды негізінен өзінің айналысында не болып жатыр, осыны түсінуге баулы керек.
ІІ кезең. Экологиялық міндеттерді анықтап, оларды шешу жолдарын белгілеуге, қоршаған ортаның жағдайын айқын парасаттылықпен және сын көзбен бағалай білуге үйрету.
ІІІ кезең. Жоғары сынып оқушыларын өзінің тұрғылықты мекені, қала мен ауылдың экологиялық жағдайын түсіне білуге үйрету.
ІV кезең. Оқушылармен бірлесе өзінің тұрғылықты мекеніне экологиялық жағдайы нашар немесе апат аймақтарды қорғауға алу жұмыстарын ұйымдастыру.
Қазіргі кезеңдегі ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім стандарттын, оқытудың озық технологияларын, экологиялық білім негіздерін оқыту үдерісіне енгізу- білім беру жүйесін дамытудың негізі болмақ. Қоғамдық құрылыста еңбек тәрбиесі- тәрбие жүйесінің негізгі бір саласы болып табылады. Мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты- оқушыларды еңбекке оқыту арқылы оған адал ниеттік қатынас орнату, еңбекті сүю, еңбек адамдарын құрметтеу еңбектің қарапайым әдістері мен құралдарын пайдалана білуге үйрету, материалдық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға дағдыландыру.
Еңбек тәрбиесінің қызметтері:
1. Еңбек – практикалық - өндірістік әрекет ретінде адамның дене құрылысының дамуына жағымды әсер етеді.
2. Еңбек – адамның ақыл-ой қабілетін, оның зеректігін, шығармашылық тапқырлығын дамытады.
3. Еңбектің тұлғаның адамгершілік тәрбиесіндегі маңызы ерекше.
4. Еңбектің маңызды қызметі оқушыларда жолдастық қарым- қатынасты, ұжымшылдықты және өзара талап етушілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
5. Еңбек тәрбие факторы ретінде тұлғаның өмірлік бағытын анықтауға және мамандығын дұрыс таңдауға әсер етеді.
Еңбек әрекетінде оқушыларды тәрбиелеу нәтижесінің жемісті болуы, негізінен оның педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.
Мектептегі еңбек тәрбиесінің негізгі жүйесіне еңбекке оқыту және оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбек әрекеті жатады. Оқушыларды еңбек үдерісіне қажетті жалпы, политехникалық және арнаулы білімдермен, біліктілік пен дағды мәселелерімен қаруландыру еңбекке оқытудың негізгі педагогикалық міндеттерінің бірі болып саналады.
Мұғалімнің еңбекке баулу сабағын өткізудегі көздейтін басты мақсаты- ең алдымен, оқушыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелеу. Бұл үшін оқушылардың:
- еңбек материалдары мен құралдарын жұмыс үстелінде дұрыс орналастырып, жұмыс бітісімен оларды өз орындарына қайта қою;
-жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасы ережелері мен тазалық- гигиеналық талаптарын орындау;
-өзінің жұмыс орнын тиімді пайдаланып, дағдыларын қалыптастыруға баса назар аудару. Сол арқылы оқушылар әрекетін әсем бұйымдар жасауға бағыттай отырып, еңбек сүйгіштікке, инабаттылыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеу білуге дағдыландырады.
Оқушылардың еңбек әрекетіндегі қоғамдық пайдалы еңбектері үлкен маңызға ие болып, өзінің мазмұны мен формасы жағынан жан-жақты болып келеді. Ол қоғамдық маңызына қарай үш түрге жіктеледі:
1. Мектеп ұжымының пайдасына негізделген қоғамдық пайдалы еңбек. Бұған өзіне - өзі қызмет ету жұмыстарын жатқызамыз.
2. Республика көлемінде өткізілетін жастардың қоғамдық негізде ұйымдастырылған қозғалыстары.
3. Өндірісте жұмыс істеу. Ауылшаруашылығына көмектесу.
Еңбек тәрбиесі дегеніміз оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру және оның әр түрімен ынтыландыру үдерісі, атқарып отырған жұмыстарына оларда шынайы жағымды қарым-қатынастарын орнату, жоғары нәтижеге жетуге деген белсенділіктері мен шығармашылықтарын ояту.
Педагогикалық категория ретінде кәсіби бағдар оқушыларды мамандықтың және еңбектің әр түрімен таныстыру, қабілеттері мен бейімділіктеріне сай оларға болашақ мамандықты таңдауға көмек көрсету үдерісі ретінде қарастырылады. Солардың негізінде ол халық шаруашылығы мен мәдениетінің негізгі салаларымен оқушыларды таныстырады, кәсіби бейімділігі мен қызығушылығын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет