Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз - олардың бойында болуға қажетті ізгі қасиеттерді сіңіру.Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда «Адамгершілік-мінез- құлық дағдалары мен әдеттерін қалыптастыру,адамгенршілік сезімдерд дамыту,моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру немесе мінз құлық дағдылары мен әдеттері,мінез білімдерін,моралдық процестерді қалыптастыру процесі»деп анықтама берілген болса,қазақ педогогика энциклопедия сөздігінде «Адамгершілік тәрбиесі - мақсатқа негізделген көзқарасты,сенімді,парасатты.мінез-құлық дағдылары мен әдістерін қалыптастыруға және адамгершілік сенімді,ұлттық сананы,қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі»деген анықтама беріледі.
Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңбекке, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесіжекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді. Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениеті жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы білімменкемелдендіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек үдерісінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады. Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлың дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан. Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі - ұлтжандылық, елжандылық, отаншылдық (патриоттық) қасиеттер.
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың ақыл-ой ку¬пан, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мүғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім ңорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ыңпал етеді. Адамның ақыл-ойы - барлың адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі. Педагогтар және психологтар ойды және оның жеке түрлерін дамытуды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |