Кеңес дәуіріндегі Қазақстандық мектеп пен педагогиканың дамуы:
Тәжібаев Төлеген –қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, академик(1910 -1964).Т. Тәжібаев жауапты қоғамдық, мемлекеттік қызметтер атқарумен бірге, зор ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның К. Д. Ушинскийдің психологиялық көзқарастары туралы зерттеулерінің зор ғылыми маңызы болды. Ол жас ғалым – психологтарды даярлауда көп еңбек етті. Тәжібаев Қазақстандағы педагогикалық ой – пікірдің, оқу – ағарту ісінің дамуы және мектептер тарихын, Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын жан – жақты зерттеген ғалым. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу – ағарту ісімен педагогикалық ой – пікір дамуы жөніндегі зерттеулері көлемді, әрі маңызды зерттеулер қатарынан саналады.
Сембаев Ібнияұлы – қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым. (1905 - 1989).
Монография, оқулық, әдістемелік құрал, көптеген әдістемелік әдебиеттер шығарылды. Профессор Р. Г. Лембергтің «Дидактикалық очерктері» (1964ж) шықты, Ә. Сытдықовтың «Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеалары мен ағартушылық қызметі» (1964ж) шықты, Төлеген Тәжібаевтің «Қазақстанның ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы халық ағарту ісі мен мектептері» (1962ж), Ә. Сембаевтың «Қазақстанда совет мектептің даму тарихы» (1962ж) сияқты монографиялар жарық көрді.
Жас ұрпақті өмір мен еңбекке дайындаудың негізгі жолы – сегіз жылдық орталау мектептер мен жалпы білім беретін политехникалық он жылдық еңбек мектептері деп көрсетілді.
Мектептің міндеті – жастарды материалистік көзқараста тәрбиелеп шығару, олардың ақыл-ой жағынан да, дене құрылысы жағынан да жан-жақты дамуын қамтамасыз ету болды.
1967-1975 жылдардың арасында мектептерде жаңа оқу жоспары мен бағдарламаларға көшуге жағдай жасалды.
Бастауыш білім жүйесін төрт жыолдан үш жылға көшіруге байланысты тәжірибе жұмыстары айрықша орын алады. 7 сыныптан бастап факультативтік сабақтары енгізілді.
1960-1970 жылдарында Қазақстанда (бүкіл Кеңес мемлекетінде) мынадай мектеп жүйесінің құрылымы: сегіз жылдық мектептер, орта мектептер, мектептің басқа түрлері: жұмысшы жастар мен село жастарының мектептері, кешкі мектептер, сырттан оқитын мектептер, техникумдар, училищелер, жоғары оқу орындары.
Білім беру салаларының дамуына үлкен үлес қосқан «Жалпы және кәсіптік мектептің реформасы» жарық көрді. (1984 жылы ЦК КПСС «Основная направления реформы общеобразовательной и профессиональной школы»).
Бұл құжат 8 бөлімнен құрылған. 2 бөлімінде жалпы орта және білім беру құрылымы анықталған: бастауыш мектеп (I-IV кл); орта мектебі (V-IХ кл); орта мектеп және кәсіптік мектеп (Х-ХІ кл), орта кәсіптік-техникалық училищелер, орта арнайы оқу орындары. Әсіресе еңбек оқытуына көңіл бөлінген: Оқу-өндірістік кешен, Жазғы еңбек ұйымдарын т.б. ұйымдастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |