6.Балантидиазға қарсы қолданылатын дәрілер.
Балантидиаздың қоздырғышы инфузория Balantidium coli болып табылады, негізі тоқ ішекті зақымдайды. Оны емдеуге тетрациклиндерді қолданады.
7. Лейшманиозға қарсы қолданылатын дәрілер.
Лейшманиоздың екі түрі болады: 1) тері лейшманиозы, оның қоздырғышы Leishmania tropica, содан соң 2) ішкі мүше лейшманиозы, оның қоздырғышы Leishmania donovani.
Ішкі лейшманиозда сурьмадан жасалған дәрі – солюсурьмин (Solusurminum). Бұл дәрі тері лейшманиозға да қолдануға болады. Жаңадан басталған тері лейшманиозы сол жаралы жерге акрихиннің (Acrichinum) инфильтраттық ерітіндісі және мономицин қолданылады.
Солюсурьмин – комплексті зат, ішінде ең қажеті сурьма (21-33%) және глюкон қышқылы бар. Бұның 20% - 10 мл ампуласы тамыр арқылы егуге арналған (тері астына егуге болмайды). Висцеральдық лейшманиоздың мөлшерін 0,1 ден 0,15 г/кг, осыдан асырмай беріп отыру керек. Лейшманиоз асқынып кетсе екінші қосымша инфекция пайда болады, ол кезде антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қолдану керек.
Акрихин (мепакрин және т.б.) 0,05 - түймедағы, ертеден келе жатқан безгекке қолданған дәрі. Қазіргі кезде тері лейшманиозына, лямблиозға, псориазға, ал көбінесе ішек құрттарына (глисттерге) қолданылады. Бір ерекше жанама әсері адамның бүкіл денесі сап-сары болып, қышып бөрте бастайды, сондықтан да бұны қазіргі кезде көп қолданбайды.
20 тарау. Ішекқұрттарға (құрттарға немесе гельминттерге) қарсы қолданылатын дәрілер.
Ішекқұрттардың орналасуына байланысты ішектік және ішектік емес гельминтоздар болып екіге бөлінеді.
Ішектік гелминтоздар:
а/ домалақ құрттар (нематодтар) – аскаридоз (аскаридтер), энтеробиоз (острицалар), трихоцефаллез (власоглав), странгилоидоз (ішек угрицтері) және трихостронгилоидоз (трихостронгилидтер);
б/ жалпақ құрттар (цестодтар) – дифиллоботриоз (кең лентецтер), тениоз (қаруланған цепеньдер), тениаринхоз (қаруланбаған цепеньдер) және гименолепидоз (тапалды цепеньдер);
в/ сорғыш құрттар (трематодтар) – метагонимоз (метагонимдер).
2. Ішекті емес гелминтоздар:
а/ нематодтар – фаляриатоз (лимфатикалық жүйеде), трихинеллез (еттерде және ішектерде);
б/ цестодтар – цистицеркоз (еттерде, мида, көзде және т.б.), эхинококкоз (бауырда, өкпеде, мида және т.б.);
в/ трематодтар – шистосомоз (қан тамырларында), фасциолез (бауырда, өт қабында), описторхоз (бауырда, ұйқы безде), клонорхоз (бауырда, ұйқы безде) және парагонимоз (өкпеде, мида, лимфатикалық түйінде және т.б.).
Осылардың бәрі гельминтоздық аурулардың қоздырғыштары болып табылады. Гельминтоздық ауруларға қолданылатын дәрілер келесі топтарға бөлінеді:
1. Ішектік гельминтозды емдеуге қолданылатын дәрілер:
а) нематодозға әсер ететін дәрілер: мебендазол (Mebendasole), альбендазол (Albendasole), пирантел (Pirantel), левамизол (Levamisolum), пиперазин адепенаты (Piperazini adipinas), нафтамон (Naphtammonum).
б) цестодозға әсер ететін дәрілер: фенасал (Phensalum), празиквантель (Praziquantel).
в) трематозға әсер ететін дәрілер: празиквантель.
2. Ішек емес гельминтозды емдеуге қолданылатын дәрілер:
а) нематодозға әсер ететін дәрілер: дитразин цитраты (Litrazini citras), мебендазол.
б) цестодозға әсер ететін дәрілер: альбендазол, мебендазол.
в) трематозға әсер ететін дәрілер: празиквантель, хлоксил (Chloxylum).
Гельминттік ауруларды емдеу үшін, әуелі қандай ішек құрттары қай жерге орналасқанын білу керек. Ол үшін ішек анализін жасау, нәжісті (үлкен дәретті) зерттеу, асқазанды дайындау, диетаны сақтау, содан соң дегельминтизацияға (гельминттерді сыртқа айдауға) кіріскен дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |