І бөлім. Кіріспе. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, олардың интеллектісін дамыту



бет2/10
Дата19.12.2023
өлшемі285.58 Kb.
#487102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Студенттің ғылыми зеттеу жұмысы ғылыми жоба

Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық дүние немесе рухани кұбылыс, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.
Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.
Білім - адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі — таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады. Таным — адамның санасындағы ақиқаттылык және нағыздықтың оны одан әрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі кырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді.
Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:
— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің барлық түрлерімен қауышады);
— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үшін бір жаңалық ашады).
Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттың сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады.
"Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек:
— бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері;
— кез келген танымдық мән бар ақпарат;
— практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік.
Таным дегеніміз— нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары шындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан больш жатады. Әйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сиякты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек.
Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психиқалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоцияльқ қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. Сананың мазмұны — сыртқы дүниені адамның мақсатты бағытталған бейнеленуі негізінде алынған ақпарат. Бұл — сананы қарастырудың гносеологиялық аспектісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет