Зерттеудің құрылымы және қисыны
Зерттеу проблемасымен танысу. Оның өзектілігін негіздеу, зерттелетін пәннің мақсатын, міндетін анықтау;
Негізгі теориялық ережелерді, әдістерді, біртекті ойды таңдау;
Зерттеу болжамын құру;
Зерттеу әдістерін таңдау, тәжірибе жасау;
Түрлендіру және өңдеу, қорытынды жасау;
Тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Тақырыпты негіздеуге қойылатын талаптар
Жұмысқа кіріспестен бұрын, алдымен зерттеу тақырыбына қатысы бар ғылыми әдебиетпен танысу және зерттеудің ғылыми аппаратын жасау керек.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу қажеттілігі;
Тәжірибеде бар және ғылымдағы сұрақтарды өңдеу деңгейі арасындағы қайшылықтарды шешудің жолын іздеу;
Ғылыми ізденісті қолдану, яғни зерттеу мақсаты;
Болжам – проблемада қалыптасқан сұраққа болжамды жауап беру;
Зерттеу міндеттері – зерттелетін тақырыптың мәнін ашу, мақсатқа жету үшін міндеттерді шешу;
Зерттеу әдісі мен процедурасы – әдістер қолдану арқылы тапсырмаларды шешу жолдарын қарастыру.
Алынған нәтижелерді талдау, қорытынды жасау.
Зерттеу әдістері
Бақылау – айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашкы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады.
Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау үшін зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.
Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше кұрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттык элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін.
Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бұл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі әр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің кез алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектиқалық бірлігін көрсетіп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |