І бөлім. Кіріспе. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, олардың интеллектісін дамыту


Ғылыми жобаларды безендіруге қажет құжаттар тізбесі мен талаптар



бет7/10
Дата19.12.2023
өлшемі285.58 Kb.
#487102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Студенттің ғылыми зеттеу жұмысы ғылыми жоба

Ғылыми жобаларды безендіруге қажет құжаттар тізбесі мен талаптар

  1. Титульды парақ

  2. Мазмұны

  3. Аннотация (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын)

  4. Кіріспе

  5. Зерттеу бөлімі

  6. Қорытынды

  7. Әдебиеттер тізімі

  8. Ғылыми жетекшінің пікірі (зерттеу жұмысына тігілмейді)

Титулды парақта:

  1. Ұйымның (мекеменің) толық атауы

  2. Жұмыстың атауы (тақырыбы)

  3. Бағыты

  4. Секциясы

  5. Автордың аты-жөні

  6. Ғылыми жетекшісінің аты-жөні 7. Қала (жарыс өтетін қала) жылы көрсетіледі.

ІІІ бөлім. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына кәсіби қызығушылығын қалыптастыру
Қазіргі жоғары білім берудің негізгі міндеті мамандарды даярлау. Дәстүрлі түсінуде мамандарды даярлау үшін – нақты білімдерді игеру жеткіліксіз болып табылады. Қазіргі күнде білім беру мекемелерінде бірінші орынға қажетті білімнен басқа, болашақ мамандардың әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық ойлауын мақсатты түрде дамыту керек, студенттерді өздігінен білім алуға үйрету, жаңа ғылыми, техникалық бастамалы пікірлерін қалыптастыру (генерировать). Дипломды кадрларды дайындаудың басты мақсаты шығармашылық әлеуетін қалыптастыру іргетасы ретінде, тиімді инновациялық қызметтің қажетті шарты болады. Мұндай мамандарды дайындаудың қиындығы терең білімдер жүйесін тереңдей меңгерумен шығармашылық қабілеттерінің дамуын біріктірілуінің қажеттілігімен байланысты.
Қазіргі жағдайларға байланысты, заманауи өндіріс тәжірибеге бағытталған, мамандардың жетіспеуін көруде. Бүгін жоғары технологиялық қалыптасуы мен шығарылуына мүмкіндік туғызатын, қолданьалы ғылыми-техникалық өңдеулердің пайда болулары үшін жағдайлар жасайтын, ғылыми кең технологияларға терең білімдердің айналу үдерісіне назарын күшейтуге қажеттілігі туындайды. Бірақ, бұл оңсыз да заманауи жоғары оқу орнының негізгі міндеті – үздіксіз өзін дамытып және өздігінен білім алуға дайын, бәсекеге қабілетті маманды даярлау ақиқат болып отыр. 
Құзыретті тұрғы оқытудың қызметтік және тұлғалық-бағдарлық технологиясын қолдануды болжайды, яғни студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының даму мәселелерін шарасыздан белсендендіреді. Ал студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының өзі болашақ түлектердің кәсіби және тұлғалық құзіретін қалыптастырудың инновациялық жүйесінің жаңа кескіндеріне ие болуда.
Жоғары оқу орнында студенттерді даярлау үздіксіз өздігінен білім алуға, ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерімен таныстыруға және қисынды ойлау мен ойлау қызметін дамытуға сүйенеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаттары болып:
– таным мен зерттеудің ғылыми әдістерін меңгерумен шығармашылық кәсіби ойлау дағдыларын қалыптастыру;
– білім беру, оқу, тәрбиелік, ғылыми және тәжірибе үдерістерінің тұтастығын қамтамасыз ету;
– әрбір студент үшін тұлғасының шығармашылық дамуына, ғылыми зерттеулерге және ғылыми-техникалық шығармашылыққа қатысуға өз құқығын жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызатын, жағдай жасау және дамыту;
– әрбір қатысу үшін ғылыми зерттеуде оның қажеттіліктері, мақсатты нұсқаулары мен қабілеттеріне сәйкес, құнды, тең және қолайлығы.
Қойылған мақсаттарға жету келесі міндеттерді шешу жолдарымен жүзеге асырылады:
– студентке ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу формасын таңдауына құқығын айқындау және ұсыну;
– қызмет тәжірибесі мен дағдыларына, ептіліктеріне, білімдеріне негізделген, кәсіп саласында ой жүгірту мен ой тұжырымдамасының, жүйелік түсінігін игеру;
– талдау, салыстыру, жіктеу, жүйелеу мен жалпылау әдістерін меңгеру;
– бір сарынды емес ойлай білуін дамыту, яғни бірдей жағдайларда зерттеу міндеттерін шешудің көптеген түрлі мақсаттарын, қарама-қайшы жағдайларда қарама-қайшы емес шешімдерін табуға және білімді тәжірибеде қолдану;
– ғылыми зерттеудің технологияларын жүзеге асыру икемділіктерін дағдыландыру, экспериментті ұймыдастыру және қою ептілігі, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өңдеу және бағалау;
– кітаппен және басқа аса заманауи ақпарат көздерімен библиографиялық, өзіндік жұмыстарында дағыдаларын дағдыландыру;
– зерттеудің ғылыми құндылығына, оның шынайылығын, мазмұндылығы мен тәжірибелік тиімділігіне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
– оқыту үдерісінде оқытушымен оның шығармашылық байланысын нығайту, ғылыми-білім беру бағытымен студенттердің тығыз байланысын орнату.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының түсінігі келесі элементтері біріктіреді:
– студенттерді зерттеу еңбегінің негізіне оқыту, оларға нақты дағдыларды ендірту;
– оқытушының жетекшілігімен ғылыми зерттеулерді орындау.
Жоғары оқу орнында оқыту үдерісінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастырылуын және жоспарлануын келесі қызмет топтары орындайды:
- білім беретін: теориялық (ғылыми факттар) және тәжірибелік (зерттеудің ғылыми әдістері; эксперименттерді жүргізу әдістемелері; ғылыми білімдерді қолдану амалдары) білімдерді меңгеру;
- ұйымдастырушылық-бағдарлық: әдебиеттерді, деректемелерді бағдарлана алу икемділіктерін қалыптастыру; өз қызметін ұйымдастыра және жоспарлай алу ептілігін дамыту; ақпараттарды өңдеу әдістерін таңдау;
- талдап-түзетушілік: студенттің рефлексиясымен, оның өзін-өзі тексерумен, өз қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды өздігінен жетілуімен; оқу-танымдық қызметін түзету мен өзін-өзі түзету байланысты
- мотивациялық: ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру үдерісінде, танымдық қажеттілігі ғылымға қызығушылығын дамыту және нығайту, жетілдіріліп жатқан ғылыми мағлұматтың теориялық және тәжірибелік маңыздылығына сендірту; зерттелініп жатқан ғылыми мағлұмат саласындағы келелі мәселелерімен, әртүрлі көзқарастарымен терең танысуға ықыласын дамыту;
- дамытушы: шығармашылық, сыни ойлаудың дамуы, қалыпты және қалыпсыз жағдайларда әрекет ете алу икемділігі, өз көзқарасын дәлелдей алуы ептілігі; мотивацияны дамыту (тануға талпыну, қызығушылығы), қабілеттерін дамыту (танымдық, коммуникативті, арнайы қабілеттерін және т.б.) түсінігі;
- тәрбиелеуші: адамгершіліктік және құқықтық сана-сезімің қалыптасуы; өзгеруші әлеуметтік ортаға бейімделу қабілеттерің тәрбиелеу; теңбе-тең өзін-өзі бағалауын, жауапкершілігін, мақсатқа талпынушылығын, өзін-өзі жігерлі реттеушілігін, қиындықтарды және басқа қабілеттер мен мінез-құлық кескіндерін жеңудегі батылдылығын қалыптастыру. Тәрбиелеуші функциясы кәсіби бейімділіктерін, кәсіби этикасын тәрбиелеуді де қосады.
Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің түрлері мен формаларын қолдану мен еңгізу бойынша бірнеше бағыттарды көрсетуге болады:
- зерттеу типінің міндеттерін орындаумен оқу үдерісін (дәрістерді, семинарларын, тәжірибелік және лабораториялық сабақтарын) ұйымдастырудың дәстүрлі академиялық формаларын байыту;
- ғылыми қызметке студенттерді тартудың оқудан тыс формаларын дамыту (мәселен, ғылыми баяндамалар, мақалалар жазу, мәлімдемелер дайындау; олимпиадалар және ғылыми конференцияларының өткізілуі; ГРАНТтар алу үшін жобалар дайындау; оқытудың факультативтік формалары; жоо - өндірістің және басқаларының ғылыми ынтымақтастықтарының формалары);
- студенттердің (ғылыми-зерттеу үйірмелері, жас зерттеушілер ұжымдары және т.б.) ғылымитәжірибелік қызметінің коллективті формаларын жоғары оқу орны үшін көп таралмаған ерекшеліктерін енгізу.
Студенттерді ғылыми шығармашылыққа тартудың формалары мен әдістерін оқу үдерісі мен сонымен қатар, білім алу кезінде жүргізілетін оқу жоспары мен жұмыс жоспарларына (ғылыми зерттеу негіздері бойынша арнайы дәріс курстары, ғылыми зерттеудің элементтерін оқу сабақтарының әртүрлі түрлерін, студенттердің оқу-зерттеу жұмысы) ғылыми- сәйкес, ғылыми-зерттеу жұмысына тартуды бөлуге болауды, сонымен қатар сабақтан тыс уақытта студенттермен орындалатын, ғылыми-зерттеу жұмысы.
Оқу барысында орындалатын, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысның маңызды формасы болып, лабораториялық жұмыста ғылыми зерттеу элементтерін ендіру керек. Мұндай жұмыстарды орындағанда студент жұмысты орындау жоспарын өздігінен құрастырады, керекті әдебиеттерді іріктеп алады, математикалық өңдеулері мен нәтижелерін талдауды жүргізеді, есеп дайындайды.
Төмен курс студенттері үшін оқу үдерісінің шеңберінде СҒЗЖ негізгі формалары болып рефераттарды, ғылыми іздену элементтерімен жеке үй жұмыстарын дайындау, пән үйірмелеріне қатысу. 
Оқудан тыс уақытта орындалатын; СҒЗЖ негізгі формасы болып, студенттерді кафедрада жүргізілетін, ғылыми зерттеулерді орындау үшін тарту.
Студенттердің зерттеушілік ептіліктері мен шығармашылық әлеуетін белсендендіретін, тиімді әдістер мен формаларын негізінде, келесілерін бөліп көрсетуге болады: эвристикалық әдістерді қолдану, студенттермен пікірталастар жүргізу және ұйымдастыру, пікірталастарға қатысуға мамандарды тарту; зерттеу жобаларын дайындауға студенттерді тарту; студенттерді жобалық оқыту шеңберінде шағын зерттеуші топтарының жұмысына тарту.
Бұл оқыту әдістер мен формалары студенттердің өнімді ойлауын дамытуға, олардың оқуда дербестігін, жаңа ойларды ұсынуды ынталандыруға мүмкіндік туғызады.
Сол себептен, болашақ мамандарды дайындау үдерісінде, егер студенттер ғылыми-зерттеу қызметінің сан алуан формаларына қатыстырылса, ғылыми жұмыс нәтижелі болады. Сондықтан студенттерді оқытудың барлық кезеңінде ғылыми қызметін орындауда болашақ мамандарды даярлауды жүйелі және мақсатты жүзеге асыру, ғылыми қызығушылықтарын, қабілеттерін, мүмкіндіктерін және студенттердің ғылыми жұмысының тәжірибесінің есебінде шығармашылық топтарын жасау; оларды ғылыми жұмыстың әдістемесімен қаруландыру; практикаға ғылыми нәтижелерді ендіруде жетістік жағдайларын жасау; ғылыми мәселелерді шешуде шығармашылық қызметін және зерттеушілердің дербестігін ынталандыру керек.
Студенттің ғылыми-зерттеу мәні, біріншіден, оны орындау үдерісінде әрбіреуі зерттеу ептіліктері мен дағдыларының нақты тізбесін меңгеруі көрінеді. Жұмысты, жақсы қорғау (дегенмен бұл да маңызды) үшін емес, қызықты зерттеу жасау, ал бұл үшін өңдеуде оқыту мен тәрбиелеудің нақты мәселелерінің негізінде әрбіреуі келесілеріне үйренулері керек:
әдебиетті өздігінше іріктеу;
– патентті іздеу жүргізу;
– ғылыми әдебиетті конспектілеу және талдау;
– ғылыми жаңалықпен жұрт алдына шығу;
– зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысын жүргізу;
– зерттеу тақырыбы бойынша құжаттаманы зерттеу және т.б.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, оқу, ғылыми және тәжірибелік үдерістері қызметтік әртүрлі формаларымен, шығармашылық еңбектің дағдыларын алуға мүмкіндік тудыратын табиғи байланысты, сонымен қатар, олимпиадаларға, жарыстарға, көрмелерге, студенттік семинарлар мен ғылыми конференцияларға, ғылыми-білім беру форумдарына қатысуды; ғылыми-зерттеу тәжірибелерін ұйымдастыруды; зерттеу жоспарының бітіруші біліктілік жұмысының орындауды; ғылыми басылымдарды дайындауды; ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға қатысу; оқу-ғылыми және оқу-өндірістік орталықтарының шеңберінде зерттеу және жобалық жұмысын жүргізуді болжайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ұйымдастыру формалары – ғылыми зертханалар, үйірмелер, студенттік ғылыми орталықтары, жобалық және конструторлық бюросы, студенттік ғылыми қоғам – тұлғалық танытуына, ұжыммен өзара қарым-қатынасын жасауға мүмкіндік береді, өзінің ұйымдастырушылық және лидерлік қабілеттерін көрсетуге, өзіне және қоршаған ортаға сыни қатынасының дәрежесін реттеуге, төзімділікке үйретеді.
Түлектің құзіреттілігін қалыптастыру үдерісін тиімді жүзеге асыру үшін, ең алдымен, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының кешенді жүйесінің жетілдірілуінің негізіне шығармашылық қызметтің концепциясы салынуы тиіс.
Осы жобаның өзектілігі келесі тұрғыларды қарастырылады: студент тұлғасының өздігінен жетілуі; білім беру мен ғылымның интегралдау; танымдық өзектілік және оны ғылыми-зерттеу қызметіне кірістіру.
Қазіргі уақытта студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының дамуы үшін де, және білім беруде инновациялық үдерістерді ендіру үшін де кең көрініс пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет