ІV бөлім. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының міндеттері
Студенттердің өзіндік жұмысы - болашақ мамандарды даярлаудың аса маңызды жолдарының бірі, жас тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, қалыптастырудың міндетті шарты және құралы болып табылады. Оны оңтайландыру-елеулі тәжірибелік міндет және маңызды ғылыми мәселелері. Жоғарыда айтылған ойларға сүйене келе, біздің ойымызша, жоғары оқу орнындағы өзіндік жұмыстың мазмұны, сипаты, әдістемесі мен оны ұйымдастыру кәсіптік бағытта жүргізілсе, оқу-тәрбиелік іс-әрекеті қорытындылары жоғары болар еді. Студенттердің өзіндік жұмыстар қатарына мыналарды жатқызуға болады:
-Өзіндік тапсырмаларды орындау кезінде студенттің кәсіптік-ақпараттық ой-өрісінің, сенімінің және көзқарастарының негізін қалайтын кәсіптік білімдерді игеруі;
-студенттердің өз бетімен тапсырмалар жүйесін орындау барысында өздерінің танымдық іс-әрекеттеріне сай, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білімдерін бекіту;
-болашақ мамандардың теориялық және тәжірибелік тапсырмалар орындау арқылы өз бетімен кәсіби ойлануын дамыту;
-студенттердің кәсіби бағдарлануын, қабілеттілігін, мүмкіндігін, кәсіби ынтасын ескеріп, өзіндік жұмыстарды, жекелеген тапсырмалар орындай отырып, танымдық ізденімпаздылығы мен шығармашылық бағытын қалыптастыру;
-жоғары оқу орны түлектерінің кәсіби шеберліктерінің көрсеткіші ретінде көрінетін өзіндік жұмыс үрдісінде жеке адам қасиеттері мен кәсіптік маңызды қасиеттерін қалыптастыру, дамыту;
-озат педагогикалық тәжірибе мен прогрессивті ғылыми идеяларды тәжірибеде шығармашылық түрде пайдалануға баулу.
Өз бетімен орындайтын жұмыс аспектілерін қарастыра отырып, жеке тұлғаның дамуына мынадай тұжырымдар жасадық:
1.Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы-болашақ мамандарды даярлаудың аса маңызды жолдарының бірі, жас тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, қалыптасудың міндетті шарты және құралы.
2.Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге сәйкес, білімін, іскерлігі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп, ізденімпаздығы мен шығармашылығын дамытып отыратын маман-қоғамның әлеуметтік тапсырмасына айналып отыр. Яғни, қазіргі маманға қойылатын негізгі талаптың бірі-танымдық ізденімпаздылығы негізінде өзінің білімін жетілдіріп отыру.
3.Жеке адам туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық және т.б. әдебиеттерді талдай отырып, жеке тұлға дамытушы, өзін жетілдіруші жүйе екенін көрсетті. Ол түрлі іс-әрекетпен айналысқанда, әсіресе,дұрыс бағытталған өзіндік білім алу үрдісінде жүзеге асады.
4.Жеке тұлғаның әлеуметтік және психикалық қалыптасуы белгілі бір уақытпен шектелмейді, даму адам өмірінің барлық кезеңдерінде жүзеге асады. Өз бетімен білім алу әрекеті белгілі бір кезеңдерде жеке тұлғаның дамуы үшін қажеттілікке айналады.
5.Педагогикалық психология зерттеушілері көрсеткендей, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруға байланысты болады. Өз бетімен білім алуға дайындығын қалыптастыру оқытудың ұйымдасқан үрдісінде жүзеге асырылуы тиіс, өйткені бұл әрекет стихиялы(кездейсоқ) түрде игерілмейді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:
-пәндік жарыс пен сайыс ұйымдастыру және жүргізу;
-студенттердің ғылыми үйірмелерінің жұмысына;
-түрлі деңгейдегі ғылыми-техникалық баяндама дайындау және қатысу;
-республикалық және халықаралық конференцияға қатысу;
-ғылыми мақала мен тезис дайындау және жариялау;
-курс жұмысы мен диплом жобасы сайысын ұйымдастыру және өткізу, қатысу;
-мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісім бойынша жұмысқа тарту;
Арнайы ғылыми-зерттеу зертханасында өткізілетін зерттеуге тікелей қатысуы, ұйымдастыру типі және іс-шаралар жүйесімен қамтамасыз етіледі де, үш топқа бөлінеді: оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы; оқу мерзімінен тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысы; ғылыми, ғылыми-техникалық жалпы ұйымдастыру шаралары, оның ішінде СҒЗЖ жүйесін дамытуды ынталандыратын жарыс, ғылыми конференция, семинар, ғылыми еңбегінің нәтижелілігін және тиімділігін анықтайтын іс-шаралар.
Оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы өндірістік, тәжірибелік, зертханалық жұмыстарды, ғылыми зерттеу сипаттағы курстық және бітіру біліктілк жұмыстың орындалуын қарастырады.
Оқу мерзімінен тыс уақытта орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысының формасы: ғылыми семинардағы, конференциялардағы жұмысы; топпен немесе жеке қатысуы; студенттік ғылыми қоғамда, конструкторлық , жоба, технологиялық зертханада және үйірмеде, ғылыми-техникалық зертхана орталығында және т.с.
Ғылыми-зерттеу жұмысының үдемелі формасы: арнайы бағытталған өндірістік тәжірибе кезеңінде ұйымдастырылатын студенттік шығармашылық топтар; ғылыми үйірмелер. Онда студенттер отандық шетелдік арнайы әдебиеттер бойынша андатпалар мен рефераттар жасайды. Сынақ жүргізу дағдысын және алынған нәтижелерді өңдеуді меңгереді. Үйірме отырыснда, кафедраның ғылыми семинарда пайдаланатын көрнекі құралдар, зертханалық құрылғылар және оқытудың техникалық құралдарын жобалайды және дайындайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін белендіруде ұйымдастыру жаппай іс-шаралардың ролі маңызды:
-жылсайынғы өткізлетін студенттік ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасауы;
-ғылыми шығармашылық көрмесі;
-студентті ең жақсы ғылыми-зерттеу жұмысы сыйлығын алуға ұсынуы;
-ғылыми зерттеудің есебінің нәтижелі аяқталған кезеңінің сәтті болуы;
-баяндамасының нәтижесін талқылағаннан кейін орындалған жұмыстың жан-жақты бағасын, жетістіктері мен кемшіліктерін айқындайтын ғылыми жетекшінің болуы:
Мадақтау мен ынталандырудың негізгі формасы:
-ғылыми жұмыстарды орындау үрдісінде, пәедік, курстық жұмыстар және тәжірибелік бағалау кезінде алынған нәтижелер бойынша есебі;
-үлгерімдері жоғары студенттерді мемлекеттік және атаулы шәкіртақыларға және түрлі мекемелер мен қорлар ұсынатын шәкіртақылар алуға ұсынуы;
-ең жақсы студенттер жұмысын жеңімпазды марапаттайтын сайыстарға, көрмелерге және өзге де ұйымдастыру жаппай іс-шараларға ұсынуы;
-студенттердің түрлі отандық және шетелдік ғылыми форумдарда қатысу үшін іс-сапарға жіберуі;
-университетте студентті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік құрастыру жұмыстарына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуі;
-ғылыми-зерттеу жұмысына жеткен табысы үшін студентті құрмет грамотасымен, дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталуы;
-студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тартуда және СҒЗЖ ұйымдастырудағы оң өзгерістерді атап өту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |