І. Физика физика тұрмыста сынып



бет10/31
Дата03.09.2022
өлшемі252.85 Kb.
#460156
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
ФАКУЛЬТАТИВ КУРС БАГДАРЛАМА

Жиыны

51


















ФИЗИКАЛЫҚ ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫ

  1. класс

Кубикенова А.А.


Ю.Гагарин атындағы орта мектебі, Зайсан ауданы.


Түсінік хат

Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында білімдерін дамыту-бүгінгі педагоги каның ең көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылып отыр. Қазіргі кезеңде ұстаздық кәсіптің өзі мол шығармашылық мүмкіндікті, бейімділікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білуді қажет етеді. Соның бастысы - оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі бағдарлы курстар сабақтары. Физика пәніне тән ерекшелік ол - оқушы бойында зерттеу, болжау, қорытынды шығаруды тәжірибемен ұштастыру болып табылады. Аспаптармен жұмыс жасау, өлшеу дағдыларын қалыптастыру басты міндет. Кейбір дұрыс пішінді геометриялық


22


фигуралардың аудандарын, көлемін есептеуді оқушылар бастауыш сыныптарда үйренеді. Алайда өлшем бірліктерін айналдыруда қиналады. Физика курсын оқығанда оқушының білімі терең, әрбір практикалық, зертханалық жұмысының нәтижесі нақты болу үшін оқушыға ең бірінші өлшем бірліктерімен, аспап көрсеткіштерімен жұмыс жасау, қателіктерді қалай есептеу керек екенін үйретуіміз қажет.

Бұл курс бағдарламасы 7-сыныпқа арналған. Курс оқушылардың математика және жаратылыстану пәндері бойынша алған біліміне сүйенеді. Бағдарлама аптасына 0,5 сағаттан барлығы 17 сағат. Әрбір тақырып үш бөлімнен тұрады. Теориялық, практикалық және өздік жұмысынан.


Физика курсын алғаш бастаған оқушылардың физикалық шамаларды өлшеу дағдысын дамыту мақсатында құрылған.




Курстың мақсаты.

Табиғатты зерттеудің алғашқы қадамдарын үйрету. Физикалық аспаптармен өлшеу жұмыстарын жүргізу және алынған мәліметтер бойынша есептеу дағдыларын қалыптастыру.




Міндеттері:
-оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой өрісін кеңейту;
-табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;

-теория мен практиканы ұштастыру мақсатында есеп шығару мен зерттеу жұмыстарын орындауға бағыттау;


-пән бойынша алған алғашқы танымдық қабілеттерін дамыта отырып, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;


-пәнаралық байланыстарды бекіту және қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже.

-Берілген курсты оқу барысында оқушылардың берілген тақырып бойынша білімі тереңдейді.


-Қоршаған ортада өтіп жатқан құбылысқа мұқият қарауға үйренеді.


-Өз беттерінше эксперименттер жасап, алғашқы ғылыми іздену жұмыстарымен айналысады.


Аталған курс меңгерілгенде оқушы физикалық заңдылықтар мен өзгерістерді дұрыс пайымдап, физикалық есептеулерді меңгеріп, нақты болжамдар мен есептеулерді шығаруды үйренеді. Есептеу және аспаптармен жұмыс істеу сауаттылығы артады.




Пәнаралық байланыстар: математика, дүниетану, жаратылыстану


Қолданылатын тәсілдер: Сөздік (әңгіме, лекция), көрнекі (схема, сурет), практикалық (тәжірибе, жазба жұмыстары), топтық іздендіру, талдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет