І. Физика физика тұрмыста сынып



бет13/31
Дата03.09.2022
өлшемі252.85 Kb.
#460156
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
ФАКУЛЬТАТИВ КУРС БАГДАРЛАМА

Бағдарламаның мазмұны

1тақырып. Кіріспе «Физика біздің айналамызда». Физикалық құбылыстар. Физика менің ауылымда. Физика және ғылыми-техникалық прогресс. Техниканың негізі-физика. Қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері. Қазіргі заманның техникасы.





  1. тақырып. Адам - табиғаттың тамаша жаратушысы. Физика, атмосфера, адам. Жер атмосферасының құрылысы. Атмосфераны зерттеудің құралдары мен тәсілдері.

3тақырып. Адамның қоршаған ортамен әрекеті. Табиғаттағы конвекциялық құбылыстар. Табиғаттағы, тұрмыстағы және техникадағы жылу берілудің мысалдары.





  1. тақырып. Физика ауыл шаруашылығында. Ауаның ылғалдылығы және оны өлшеу. Ауаның ылғалдылығының адам өміріндегі, табиғаттағы және ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтаудағы маңызы. Үйдегі, мектептегі, даладағы салыстырмалы ылғалдылықты өлшеу. Салыстырмалы ылғалдылықты анықтауға есептер шығару.

5 тақырып. Физика өсімдіктер әлемінде. Өсімдіктерде байқалатын физикалық құбылыстар. Өсімдіктер-биосфера компоненті. Адам өміріндегі өсімдіктер мен орманның маңызы. Жергілікті жердегі дәрілік өсімдіктер. Өсімдіктер әлеміндегі гравитация.





  1. тақырып. Жануарлар әлемі және адам. Биосфераның дамуындағы жануарлардың маңызы. Үй жануарларының адам үшін маңызы. Адам өміріне үй жануарларының тигізетін жағымды және жағымсыз факторлары.




  1. тақырып. Адамның физикалық параметрлері. Адамның физикалық параметрлері: бойы, салмағы, денесінің көлемі. Адам денесінің орташа тығыздығы. Адам қозғалысының максимал жылдамдығы. Үдеу. Қуат. Пульс. Артериялық қысым. Қанның орташа жылдамдығы артерияда, венада. Адам мен жануарлардың параметрлеріндегі ұқсастық және айырмашылық. Адамның дене бітісі мен физикалық параметрлері арасындағы сәйкестікті анықтау.




  1. тақырып. Физика және денсаулық. Адамның тамақтануындағы физика. Жылу алмасу. Адам энергиясының көздері. Адам денесінің температурасы. Температураны өлшеу тәсілдері. Адам организмінің ең төзетін шектік температурасы. Тамақтың құнарлығы. Адамның жасы, бойы және массасындағы сәйкестік.




  1. тақырып. Адамның тамақтануындағы энергетикалық қорын есептеуге сандық және сапалық есептер шығару. Ас мәзірін құру.

29

  1. тақырып. Адам ағзасындағы электрлік құбылыстар. Электрлену. Кедергі. Меншікті кедергі. Мидың потенциал айырмасы. Адамның диэлектрлік өтімділігі. Авометр және оны қолдану. Адам денесі бөліктеріндегі кедергіні анықтау.




  1. тақырып. «Менің физикалық сипаттамаларым» (жоба қорғау)




  1. тақырып. Ұзындықты, уақытты өлшеудің ежелгі және қазіргі тәсілдері. Өлшеу жүйесінің шығу тарихы. Өлшемдердің метрлік жүйесі «Қобыланды батыр» жырында. Кішкентай денелердің өлшемдерін және үлкен қашықтықтарды анықтау тәсілдері (штангенциркуль, трангуляция, радиолокация, эхолокация). Тәулік - уақыттың табиғи бірлігі. Маятниктік сағаттар, олардың қолданылуы.

13 тақырып. Табиғаттағы қозғалыс түрлері. Жануарлардың, құстардың, балықтардың қозғалыс жылдамдығы. Кейбір жан-жануарлардың жылдамдықтары, қуаты туралы мәліметтер. Жылдамдықты салыстыруға есептер шығару.


14 тақырып. Мектепте жүргендегі қозғалыстың орташа жылдамдығын және қолдың саусақтарының максимал қозғалыс жылдамдығын анықтау.


15 тақырып. Тірі табиғаттағы қарапайым механизмдер. Жануарлар өміріндегі әртүрлі құралдар (өткір тырнақтар, тістер, мүйіздер, т.с.с). Жәндіктер қалай ұшады? Ньютон заңдарының тірі табиғатта қолданылуы. Жүзу, ұшу және Ньютонның ІІІ


заңы. Үдеудің тірі ағзаларға әсері. Өсімдіктер әлеміндегі қарапайым механизмдер. 16 тақырып. Адам ағзасындағы және күнделікті өмірдегі рычагтар.


Рычагтардың тепе-теңдік шарты адамның бас сүйегінде. Деформация (адам денесіндеі сығылу және созылу деформациялары). Ньютон заңдары адам ағзасында. Рычагтың тепе-теңдік шартына, деформация түрлерін анықтауға және адам ағзасына Ньютон заңдарын қолдануға сапалық, сандық есептер шығару.


17 тақырып. Қазақтың ақын-жазушыларының еңбектеріндегі «Кинематика. Динамика» заңдары. Жыл мезгілдеріне арналған Абайдың («Қыс», «Күз», «Көктем», «Жаз», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай»), М.Мақатаевтың («Нұр жауып тұрған көктемде» әні, «Қайран жеңгем», «Таудағы нөсер») өлеңдері және Крыловтың мысалдары («Аққу, шортан, Һәм шаян»). Абай және Мұқағали өлеңдерінен физикалық құбылыстарды табу және олардың мағынасын физика тұрғысынан түсіндіру. Адам ағзасына дәрі егудегі жылдамдықты, үдеуді анықтауға есептер шығару.


18 тақырып. Адам өміріндегі үйкеліс. Үйкелістің ерекшеліктерін ескеру және тұрмыста қолдану. Жүрген кездегі үйкеліс. Адамның өкшесінің пішіні және үйкеліс. Қанның тамырлар жүйесі арқылы қозғалысы. Үйкелісті ескере отырып, аяқ киім тігуде қолданылатын материалдар. Тежеуіш құрылғылар. Техникалық құрылғылардағы үйкеліс. Автомобиль шиналары. Үйкеліс және автомобиль жарыстары. Майлау.


19 тақырып. Өсімдіктердің және жануарлардың ағзасындағы үйкеліс күші. Тірі организмдердің ішкі ағзаларындағы және қозғалысы кезіндегі үйкеліс мәселелері. Өсімдіктер әлеміндегі үйкеліс және физикалық құбылыстар. Сұйықтардың түтік бойымен бірқалыпты қозғалысы. Балықтар, дельфиндер - нақты жүзгіштер. Жануарлардың қозғалу тәсілдері.





  1. тақырып. Адамның ағзасындағы тербелістер. Жүрек- тербелмелі жүйе. бір тәуліктегі жүрек жұмысы. бір тәулікте жүрек арқылы өтетін қан. Есту мүшесі және дыбыс байланыстары-тербелістің табиғи шығарушысы және қабылдаушысы.

30
Тонометрдің көмегімен артериалдық қысымды өлшеу. Артериалдық қысымның физикалық күшке тәуелділігін бақылау.





  1. тақырып. «Дыбыстар әлемі». Дыбыс және оның сипаттамалары: қаттылығы, биіктігі, тембр. Жануарлар, құстар әлеміндегі дауыстар. Теңіздегі дыбыстар құпиясы: ультрадыбыс, инфрадыбыс және оны қолдану. Жаңғырық. Демонстрациялар: адамның, құстардың, жануарлардың дауыстары жазылған дискіні тыңдау.

22 тақырып. Тербелістер мен толқындар халықтық педагогикада. Қазақтың бесігі. Қазақтың ұлттық ойыны «Алтыбақан». Музыкалық аспаптар: соққылайтын аспаптар (бубен, барабан, ксилофон), үрлемелі аспаптар (сыбызғы, кларнет, саксафон, сырнай), клавиштік аспаптар (пианино, клавесин), шекті аспаптар (скрипка, гитара, домбыра, қобыз). Ұлттық аспаптар (домбыра, қобыз). Қазақтың ақын жазушыларының поэзиясындағы тербелістер мен толқындар («Ләйлі–Мәжнүн дастанынан үзінді», «Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады..., Абай, Мағжан, Мұқағали өлеңдері).


23 тақырып. Табиғаттағы электрлік құбылыстар. Тәуелсіз разрядтың түрлері солғын разряд, электр доғасы, ұшқындық разряд). Найзағай бұлты. Найзағай. (найзағайдың түрлері, найзағай түсуден ауыл жағдайында сақтану жолдары) Гало. Сағым. Полярлық шұғыла. «Эльма әулиенің жарығы».


24 тақырып. Тірі ағзалардағы электрлік құбылыстар. Электр тогының физиологиялық әсерлері. Жануарлардың жүйке жүйесіндегі электрлік құбылыстар. Ұлпалардың электрлік қасиеттері. Демонстрация: Электр және магниттік құбылыстарға тәжірибелер.


25 тақырып. Тұрмыстағы электрлік құрылғылар: олардың маңызы, орны және адамға әсері. Стандарттар және электротехникалық құралдар және олардың құжаттары туралы жалпы түсінік (құралдардың физикалық сипаттамалары, яғни


құжаты, құжаттағы шартты таңбалар, сандық-дыбысты белгілер). Электр құралғыларымен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігін сақтау ережелері.


26 тақырып. «Сандық технология «иә» немесе «жоқ».


Заманауи құрылғылар. Қалтадағы қауіп (ұялы телефондар, олардың түрлері, адам ағзасына әсері). Компьютор. Интернет. Компьютерге тәуелділік. Жоғарғы жиілікті токтармен қыздыру. Микротолқынды пештер адамға зиянды ма? Жоғарғы жиілікті токтармен қыздыру құрылғыларымен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігін сақтау ережелері. Тақырыпқа байланысты тиімді және тиімсіз жақтарын дәлелдейді.


27 тақырып. Өндірістегі электртехникалық құрылғылар (Үлкен Нарын май зауытына экскурсияға бару). Электрсеператорының жұмыс істеу принципін бақылау. Сүт өнімдерін жасау технологиясымен, технологтардың қызметімен танысу. Ауыл шаруашылығындағы және өндірістегі центрифуга.


28 тақырып. Электр энергиясын тұрмыста және ауыл шаруашылығында қолдану. «Электр тогы жұмысы мен қуаты» тақырыбына есептер шығару. 1 тәуліктегі тұрмыстағы электр тогының жұмысының құнын есептеу. Электр энергиясын үнемдеу. Қазақстан Республикасындағы энергия мәселелері және оны шешу жолдары (ата-аналар, мұғалімдердің қатысуымен қоғамдық білім байқауы) .


29 тақырып. «Экология мәселесі менің ауылымда». Ауыл шаруашылық техникалары. Жылу қозғалтқыштарын ауыл шаруашылығында қолданудың және


31
тиімділігін арттырудың тәсілдері. Свинчатка ауылындағы (ауылдың аты өндірілген қорғасынға сәйкес қойылған) қорғасын, уран өндірген «Почтовый ящик 45» атты құпиялы шахта жөнінде деректер. Шахтада жұмыс істеген жерлесіміз Полина


Антиповна Решетниковамен сұхбат. Чернобыль апатына қатысқан Катонқарағайлықтар, жерлесіміз Абраимов Асхат Ақошұлы туралы естеліктер. Аймақтағы радиация мәселесі.





    1. тақырып. Ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын отынның түрлері. Құрылғыларда отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін, пайдалы әсер коэффициентін есептеуге әртүрлі типтегі есептер шығару, кестедедегі мәндерімен салыстыру.

31 тақырып. Танымдық ойын «Табиғаттың әсемдігін сипаттайтын физикалық құбылыстар». «Геометриялық оптика заңдары» (көлеңке, ала көлеңке, Күннің, Айдың тұтылулары, толық шағылу) және «Жарықтың толқындық қасиеттері» (интерференция, дифракция, дисперсия) тақырыптары бойынша.





  • бөлім: «Кім шапшаң?» (тақырыптарға байланысты топтарға викториналық сұрақтар, теоретиктер сайысы), ІІ бөлім: «Кім епті?» (табиғаттың әсемдігін сипаттайтын тәжиребелерді көрсетуден экспериментаторлар сайысы), ІІІ бөлім: «Ертегінің шындыққа айналуы» («Ер Төстік», «Алтын балық», «Ұшқыш кілем», «Қорқақтың көзі үлкен », «Алдар көсе» т.с.с) ертегілерінің шындыққа айналғанын дәлелдеу, эрудиттер сайысы), ІV бөлім: «Кім тапқыр?» (жарық құбылыстары байқалатын мамандықтарды атау: фотограф, дәрігер, полиция қызметкері т.с.с.) V бөлім: «Физика – өте әдемі ғылым» (лириктер сайысы, яғни өлең құрау). VІ бөлім: қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.




    1. тақырып. Ежелгі халық астрономиясы. (ежелгі халық астрономиясына саяхат жасау). Күн- тіршілік көзі. Қазақ астрономиясы. Ертегі: «Ай неге жалаңаш?», Ата-анадан Айға бата сұрау. Шоқжұлдыздар (біздің елді мекенде көрінетін шоқжұлдыздар). Халқымызға белгілі болған Күн жүйесінің жеті нысаны. Ұлттық

күнтізбе. Ежелгі астрономия мен қазіргі астрофизиканың дәстүрлері мен жетістіктері.


33 тақырып. Ауыл шаруашылығына қажет мамандықтар (Үлкен Нарын аграрлы-техникалық колледжіне ашық есік күніне бару) Экскурсия.





  1. сабақ. Қорытынды сабақ «Физика менің өмірімде» (жоба қорғау). «Физика менің өмірімде» курсының мен үшін маңызы (рефлексия).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет