І. Физика физика тұрмыста сынып



бет16/31
Дата03.09.2022
өлшемі252.85 Kb.
#460156
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
ФАКУЛЬТАТИВ КУРС БАГДАРЛАМА

Барлығы

34



ТЕХНИКА ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА

  1. сынып

Хасенова Б.А.


Көкжыра орта мектебі, Тарбағатай ауданы.


Түсінік хат

Физиканың зерттеу ауқымы өте кең, ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады. Қазіргі уақытта физика адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде тек ғылыми-техникалық қана емес, гуманитарлық потенциалға да ие болып отыр. Бұның өзі физикалық білімнің табиғатты қорғаумен байланысты әлемнің бірыңғай ғылыми бейнесін қалыптастыруға бағыттау, яғни білімдерді интеграциялау керектігін көрсетеді.


Курс кіріспе және 4 бөлімнен тұрады. Курстың мазмұнына оқушының шығармашылық қабілетінің артуы мақсатында экскурсия сабақтары, жаттығу есептері, физикадан экологиялық білімдерін тексеру сұрақтары енді.




Курстың өзектілігі:

Орта мектепті бітірген жастарымыздың көпшілігі өндіріс ортасына қосылатындықтан, олардың табиғатты ұтымды пайдалану, оны ластанудан, бүлінуден қорғау, ғылыми-техникалық прогресс пен табиғи қоршаған орта жөніндегі білім-білік дағдылары болуы қажетті.


Осындай, техника және өндіріс технологиясының қоршаған ортаға әсері туралы білім - пәнаралық байланысқа әкеледі, ал пәнаралық байланыстардың оқушының ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын арттыруда, білімді бір пәннен екіншіге көшіре алу біліктілігін қалыптастыруда мүмкіндігі үлкен. Бағдарлама 34 сағатқа (аптасына 1 сағат) арналған.


Бұл білім беруді жаңарту негіздеріне жататын құзыреттіліктердің қалыптасуына бірден-бір себепші критерий. Осы арқылы курстың мақсаты мен міндеті айқындалады.




Курстың мақсаты:

Оқушының қоршаған дүние мен техника әлемі туралы және табиғатты ұтымды пайдалану, қорғау үшін қажетті экологиялық білім-біліктерін қалыптастыру негізінде қазіргі заманғы техника мен өндіріске қызығушылығын дамыту.




Курстың ерекшелегі:

Бұл бағдарламаны жаратылыстану-математика, сонымен қоса, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарға да пайдалануға болады.




Курстың міндеттері:

Оқушылардың физика, техникалық және табиғат туралы білімдерін интеграциялау, құзіреттілігін қалыптастыру. Өздігінен іздену, оқулықпен,


38


әдебиетпен жұмыс жасай білу, алған білімдерін қажетті жағдайда қолдана білу біліктілігін дамыту.


Оқушыға қойылатын талаптар:
-қоғам, адам үшін қоршаған орта күйінің сан-алуан өзгерісін білу
қажеттілігі;
-ғылыми-жаратылыстану, техникалық білімнің маңызы;

-физикалық, химиялық ластандырғыштар және табиғатты қорғауға


арналған техникалық құрылғылар;
-«Жылыжай» эффектісі, «қышқыл жаңбыр», «динамикалық тепе-теңдік» -
терминдерінің мәнін білу;
-кез-келген экологиялық шараларға қатысуға дайын болу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет