І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Зерттелетін үлгілерді алу кезінде қате жүргізілсе қандай жағдайға алып келетіні туралы жазыңыз



бет22/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70
Санитар сессия ответы толык еместт

30. Зерттелетін үлгілерді алу кезінде қате жүргізілсе қандай жағдайға алып келетіні туралы жазыңыз.


31. Неге үлгілерді алу кезінде үлкен мөлшерде үлгілерді алу керек екенін анықтаңыз.


32. Санитарлық микробиологиялық зерттеуде қандай әдістер қолданылады анықтаңыз.
Әр түрлі физиологиялық топқа жататын микроағзаларды зерттеу
Виноградский мен Бейеринктердің зерттеулері нәтижелерінде өңделген жинақтаушы культура (дақылдау) техникалары негіз болды.
Жинақтаушы дақылдар (культура). Жинақтаушы дақылдау әдісі теория және практика жүзінде қарапайым әдістердің бірі болып саналады. Жинақтаушы дақылдау үшін белгілі бір ағзаның басқа ағзаларға бесекелестік қабілетін қалыптастыратын қолайлы жағдайлар жасалады. Бірқатар факторларды сараптай келе, яғни, энергия, көміртек, азот, электрондар акцепторлары көздері, атмосфералық газ, жарық, температура, рН көрсеткіштері қолайлы жағдайды тудырады және ортаны аралас ағзалар популяцияларымен өңдеуді (инокуляция), мысалы, топырақ немесе ил (тұнба). Осындай ортаға төзімді ағза ортада қарқынды өсе бастайды да, басқа ағзаларды ығыстыра бастайды. Белгіленген сұйық және қатты орталарға ағзаларды бірнеше рет ауыстырып дақылдауының нәтижесінде басым болып келетін немесе жинақталған дақылдарды немесе микроағзалардың штамдарын бөліп алуға болады. Жинақтаушы дақылдау әдісін пайдалана отырып табиғатта кездесетін түрлерін қоректік орта қажеттілігіне байланысты микроағзаларды бөліп алуға болады.
Таза дақылдар (культура). Таза дақыл – бір ғана жасушаның немесе клонның ұрпағы деп сипаттама беруге болады. Таза дақылдарды алк, олардың тазалығын дәлелдеу және ластаушы компоненттерден сақтап қалу – микробиологтың негізгі міндеті. Микроағзалардың таза дақылдарын қатты қоректік ортаның бетінде немесе өте сирек жағдайда орта ішінде бөліп алады. Таза дақылдарды бөліп алу – бір ғана жасушаны жасушалар популяциясынан бөліп алудан басталады. Аэробты бактерияларды Кох әдісі бойынша бөліп алады. Кох әдісінің негізі - дайындалған суспензияны Петри табақшасындағы орта бетінде жайуынан немесе бір тамшыны орта бетінде тозақ көмегімен жаға бастайды.
Анаэробты бактерияларды дақылдауда 45°С – қа дейін балқытылған агарлы ортаға микроағзаларды орналастырады және оны оттексіз жағдайда өсіреді.
Аралас дақылдар (культура). Табиғи популяция – микроағзалардың аралас түрлерімен сипатталады. Осы ағзалар арасында әрекеттесудің бірнеше түрлері орын алады, яғни бәсекелестік, комменсализм немесе мутуализм. Микроағзалардың бәсекелестік, комменсализм немесе мутуализм және басқа да әрекеттесу формаларын зерттеу барысында аралас дақылдар әдісін пайдаланады.
Микроағзаларды дақылдау. Аэробты микроағзаларды дақылдау міндетті түрде арнаулы қондырғылар немесе құрал жабдықтар қажет. Аэробты микроағзаларды қоректік орта бетінде, яғни беттік дақылдау, және қоректік орта түбінде, яғни, түптік дақылдау әдісмен өсіруге болады. Аэробты микроағзаларды дақылдауда пайдаланылатын қондырғы және құрал жабдықтар.
Микроағзалардың бәсекелестік, комменсализм немесе мутуализм және басқа да әрекеттесу формаларын зерттеу барысында аралас дақылдар әдісін пайдаланады.
Микроағзаларды периодты дақылдау. Периодты немесе үздікті дақылдауды тұйық жүйе деп қарастыруға болады, өзінің даму барысында 4 кезеңнен құралған – бастапқы, экспонециалды, стационар және өлу Дақылдардың аталған кезеңдердегі тіршілік сипаты алуан түрлі және өсу қисығымен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет