І-ші деңгей Санитарлық микробиологияның даму тарихы туралы жазыңыз. Санитарлық микробиологияға пән ретінде түсіндірме айтып беріңіз


Санитарлық микробиологиялық зерттеудің принцптері жайлы түсіндіріп, айтып беріңіз



бет23/70
Дата13.12.2022
өлшемі221.53 Kb.
#467192
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
Санитар сессия ответы толык еместт

33. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің принцптері жайлы түсіндіріп, айтып беріңіз.

Санитарлық-микробиологиялық зерттеу жұмыстарының бірінші принципі – әрбір зерттеу объектілеріне тиісті регламенттерді сақтай отыра сынамаларды дұрыс алу болып табылады. Сынамаларды алу кезінде жіберілген қателіктер зерттеу нәтижелерінің шынайылығына кері әсерін тигізеді. Алынған сынамаларды орау және тасымалдау кезінде ондағы микроорганизмдердің бір жағынан сақталуына, ал екіншіден көбеюіне жол берілмеуі қажет. Осыған орай негізгі ережелердің бірі – зерттеуге алынған үлгілерді тез арада тексерістен өткізу болып табылады. Қажет жағдайда материалдарды тоңазытқышта 6-8 сағатқа дейін ғана сақтауға болады. Алынған әрбір сынамаға жеке құжат толтырылады. Онда сынаманың атауы, нөмірі, алынған уақыты мен орны, нысанның сипаттамасы көрсетіледі және сынаманы алған қызметкердің қолы қойылады.


Екінші принцип – сериялық талдаулар жүргізу. Әдетте су, топырақ, ауа және басқа да нысандардың құрамында алуан түрлі микроорганизмдер кездеседі, бірақ олардың таралуы біркелкі болмайды. Сондықтан сынамаларды әртүрлі нысандардың әрбір жерлерінен алу қажет. Зерттеуге араластырылған үлгілердің орташа мөлшері алынады.


Үшінші принцип – сынамаларды қайтадан алу. Әдетте патогенді микроорганизмдер қоршаған ортаға (су, ауа, т.б.) аз мөлшерде түсіп, онда біркелкі таралмайды. Сондықтан сынамаларды қайтадан алу нысандардың биологиялық контаминациясын дәл анықтауға мүмкіндік береді.


Төртінші принцип – бекітілген тиісті стандарттар мен нұсқауларға сүйене отыра, стандартты және унификацияланған зерттеу әдістерін қолдану. Бұл принцип әртүрлі зертханаларда шынайы нәтижелерді алуға мүмкіндік береді.


Бесінші принцип – зерттелетін объектілерге жан-жақты санитарлық-микробиологиялық сипаттама жасау үшін кешенді тесттерді қолдану. Патогенді микроорганизмдерді анықтауда тікелей және жанама әдістер пайдаланылады. Бірінші әдістер зардапсыз микроорганизмдерді тікелей анықтауға негізделген. Екінші әдістер адамдар мен жануарлардың нәжістерімен қоршаған орта нысандарының ластану дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Жанама тесттерге микробтардың жалпы санын, санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау жатады. Жанама әдістерді қолдану арқылы сыртқы орта нысандарының патогенді микроорганизмдермен ластануына баға беруге болады.


Алтыншы принцип – зерттеуге алынған нысанға тексеріс нәтижелерінің жиынтығымен қатар басқа да гигиеналық көрсеткіштерімен бірге есепке ала отыра баға беру.


Санитар микробиолог қалыпты жағдайда зерттеу объектілерінде (шикізат, тағам өнімдері, дайын өнімдер, т.б.) жүріп жатқан биохимиялық процестерді, өндіру технологиясын, сырттан келіп түсетін микробтардың келтіретін зиянын және олардың алдын алуда қолданылатын шараларды жақсы білуі қажет.


Жетінші принцип – зерттеу нәтижелеріне сүйене нақты қорытындылар мен тұжырымдамалар жасауда санитарлық қызметтегі дәрігерлердің жауапкершілігі. Санитарлық-микробиологиялық зерттеу жұмыстарында тағамдық өнімдердің бұзылу дәрежесі, пайдалануға жарамдылығы, пайдаланған жағдайда денсаулыққа тигізетін зияны анықталады. Тағам өнімдерін, су қоймаларының суын пайдалануға тыйым салу, санитарлық сапасы төмен өнеркәсіп орындарын жабу, сатуға тыйым салу экономикаға белгілі бір мөлшерде зиянын тигізеді. Мұндай шешімге санитарлық қызметтегі дәрігерлер жауап береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет