34. Қандай микроорганизмдер суда үнемі болады анықтаңыз.
Топырақтағы сияқты суда микроорганизмдер өмір сүретін орта болып табылады, микроорганизмдер суда да өмір сүреді, көбейеді, көміртек,азот, темірдің және т.б. процесстеріне қатысады. Көбінесе микроорганизмдер суға топырақтан түседі, кейбіреулері ауадан шаң арқылы түседі. Микроорганизимдер тұрмыстық сарқынды суға түседі, олардың 1см ішінде миллион және миллиардтаған бактериялар кездеседі. Ағынды сулар арқылы водоемдарға органикалық заттар түседі, олар флуресцируюлық таяқшалар –Pseudomonos туысы, бактериялардан Aeromonos туысы, микрококк, сарцин көбеюуіне ықпал жасайды. Таза водоемдарда 80% дейін аэробты сапрофитті микрофлоралар коккты формаға ауысады, қалған 20% таяқша тәріздес болады. Әруақытта болатын су бактерияларына: Azotobacter, Nitrobacter, Microccus roseus, Pseudomonos flurescens, Bact. Aquatalis, Proteus vulgaris, Spirillum және т.б жатады. Сапрофиттен басқа суда инфекционды ауру туғызатын бактериялар болады.
Су микроорганизмдердің тіршілік етуі үшін қолайлы орта болып табылады. Микроорганизмдер суқоймаларға топырақ бетінен әр түрлі ағыстармен, ауамен және т.б. түседі. Судағы микроорганизмдер саны оның шығуымен байланысты. Ең көп микроорганизмдер беттік суларда артезиан ұңғымаларының суында кездеседі. Микроорганизмдер саны мардымсыз, өйткені топырақ қабаты арқылы өтіп, олар топырақта кідіріп қалады. Ағын сулардағы микроорганизмдердің саны мен құрамы олардың жағалауы елді мекен мен кәсіпорындарға жақын орналасқанына байланысты болады.
Су, әсіресе тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия мен басқа ішек инфекцияларының эпидемиясы кезінде патогенді микроорганизмдердің өте қауіпті таралу көзі болып табылады.
35. Қандай микрофлора микроорганизмдердің санитарлық көрсеткіші үшін ұсынылған анықтаңыз.
36. Санитарлық баға беру үшін суға қандай әдістер пайдаланылады айтып беріңіз.
Судағы патогенді микроорганизмдерді анықтау үшін егіндіні дифференциялды-диагностикалық және элективті қоректік орталарға егіп идентификациялық әдістермен анықтайды.
Су инфекциялық ауруларды, эпидемияларды, эпизоотиялардың таралу көзі болады. Суға санитарлы-бактериологиялық баға беру үшін келесі зерттеулерді жүргізеді.
1.1мл МАФАнМмөлшерін анықтау
2.Коли-титр мен коли-индексін анықтау
3.Судағыпатогенді микроорганизмдерді анықтау үшін эпидкөрсеткішке жүгінеді. Суға санитарлы –микробиологиялық зерттеу жасау үшін 500мл су алады. Оларды батометр арқылы өлшеп алады. Батометр –стерильді пробкасы бар ыдыс, ол металлдан жасалады. Керекті тереңдікте жіп арқылы оның пробкасын ашады. Өзен көлдерден суды 10-15см тереңдікте алады.
Су құбырындағы судың МАФАнМмөлшерін анықтау. Петри табақшасына асептикалық ережелерді сақтай отырып, 1мл су енгізеді. Оның үстіне балқытылған +50°Стемператураға дейін салқындатылған ЕПАқұяды. Кейін 24-48 сағатқа +30°Стемпературада термостатта инкубирлейді. Белгіленген уақыттан кейін өсіп шыққан колония санын есептейді. Егіндіде кем дегенде 30-300 дейін колониялар өсіп шығуы мүмкін. Ашық су қоймаларындағы судың МАФАнМ мөлшерін анықтау. Зерттеу жүргізер алдында оны алдын ала стерильді сумен араластырады. Соңғы екі ерітіндеден 1мл стерильді табақшаларға құйып, үстіне +50°Стемпературадағы ЕПА құяды. Кейін +30°Стемпературада 24-48 сағат бойы инкубирлейді. Кейін өсіп шыққан колония санын есептейді. Стерильді сумен араласқан мөлшеріне көбейтеді. Есепке 30-300 дейін өсіп шыққан колониялар ғана алынады.
-Судың коли-титрін және коли-индексін анықтау.-Коли-титр –ішек таяқшасы табылған судың ең аз мөлшері.
-Коли-индекс –1000мл судағы ішек таяқшасының саны
Коли-титр мен коли-индексті 2 әдіс бойынша жүргізеді.
-Мембранды фильтр әдісі
-Ашыған сынама әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |