I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Бір аяқпен қатарынан екі адымдап жүру



бет41/75
Дата26.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#488091
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
I òàðàó äåíå øûíû?òûðó æ?éåñ³í³? ì³íäåòòåð³ ìåí ìà?ñàòòàðû

Бір аяқпен қатарынан екі адымдап жүру
Бұл жүру әдісі негізінен жатық төбелерден түскенде пайдаланылады. Мұнда үнемі бір аяқ сырғанып, екінші аяқпен қатарынан жасап жүреді. Қатарынан екі адымдап жүру кезінде мынадай қимылдар орындалады:

  1. Қозғалу алдындағы бастапқы қалып;

  2. Бастапқы қалыптан тізені бүгіңкіреп, бір аяқты тез ілгері қозғап сырғанау (бұл кезде таяқты ұстаған екі қол алға созылады);

  3. Екі аяқтың қалпын өзгерту;

  4. Сол аяқты алдыға аттағанда оң қолды соған ілесе қозғау;

  5. Таяқпен итерер мезетте адым жасайтын аяқ жерден серпілетін аяқпен қатарласады, бұдан әрі таяқпен итеріп, екі аяқпен бірдей сырғанап кете беруге болады.

Сырғанау кезінде мынадай қимыл-әрекеттердің орындалуын есте сақтау керек:

  • Екі аяқпен бірдей сырғанап келе жатқанда таяққа күш сала итеріп отыру;

  • Бір шаңғымен сырғанауға дағдылану;

  • Таяқпен итергенде аяққа көбірек күш түсіру.

Бұл қимыл-әрекеттерді тез меңгеру үшін алдымен мынадай дайындық жаттығуларын үйрену керек:



IV ТАРАУ
МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ САБАҚ

̋ Оқушылар оқыту және тәрбиелеу сыныптан тыс және мектептен тыс қоғаиға пайдалы жұмыс үрдісінде жүргізіледі. Мектептегі оқу – тәрбие жұмысының негізгі түрі – сабақ саналады ̏ деп жалпы орта білім беретін мектептердің ережесінде айтылған.


Бұл көрсеткіш толығымен мектептегі дене тәрбиесі жұмысын қарастырады. Дене шынықтыру сабағына мектептің барлық оқушылары міндетті түрде қатысуы қажет. Сабақ, сабақ кестесі бойынша белгілі бір сыныпта тұрақты уақытта өткізіледі. Бұл сабақты ұтымды ұйымдастыруға ықпалын тигізеді. Мұнда тек оқушылардың ден даярлығын ескеру қажет.
Осы аталғанның бәрі бірлесе отырып білім және іскерлік дағдыларын жүйелі түрде меңгертуді қамтамасыз етеді, оқу бағдарламасында қарастырылған, оқушылардың дене тәрбиесінің жан – жақты негізін құрайды. Бұл оқушының сабақ кезінде алған білімі мен іскерлік дағдыларын іске асыруының жемісі. Тапсырманы оқушылар өз бетімен үйде, топта және сыныптан тыс уақыттарда да орындайды. Осылайша сабақ кезінде сергіту сәттері мен үзіліс арасындағы қолданылатын гимнастикалық жаттығулармен танысады. Осылайша дене тәрбиесі пәні бойынша өткізілетін іс– шаралардың негізгі де сабақ болып табылады. Мұғалімнің қысқаша баяндау арқылы оқушылар дене шынықтыру мен спорттың мән – мағынасымен және спортшылардың жетістіктерімен танысады. Сабақ кезінде олар дене шыңықтыру жаттығуларының жаңа түрлерімен, әр түрлі ойындармен танысады, осылайша балалардың гимнастикаға, спортқа, ойынға деген қызығушылығы артады. Аталған шаралар оқушылардың дене шынықтыру мен спотртық іс – шараларға белсенді қатысуына ықпал етеді. Оқушылардың сыныптан тыс спорттық іс – шаралары, спорттық жұмыстың негізгі де – сабақ болып табылады.
Дене шынықтыру сабағында орындалатын жаттығулардың маңызы зор. Олар к.нделікті өмірде және тұрмыста қолданылады. Мектептің мақсаты – оқушылардың дене тірбиесі сабағында алған білім, іскерліктерін күнделікті өмірде, оқуда, еңбекте, демалыста тиімді пайдалануын көздейді. Осының бәрін оқушы ең алдымен дене тәрбиесі сабағында үйренеді. Дене тәрбиесі сабағының мазмұны, ұйымдастырылуы бойынша өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақ үлкен залда, алаңда, дәлізде өтеді. Ал бұл өз кезегінде дене сабағының ұйымдастырылуының негізін құрайды. Сабақта оқушылар арнаулы спорт киімдерін киеді және басқа температурадағы кеңістікте болады. Сабақ кезінде оқушылар тұрақты бір орында емес, жаттығу жұмыстарына байланысты орындарын ауыстырып отырады және бір – бірімен жан – жақты қарым – қатынасқа түседі. Сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен сабақ түрленіп отырады. Дене шынықтыру сабағы оқушылар ағзасының қимыл – қозғалыста болуымен ерекшелінеді. Басқа сабақтарға қарағанда бұл сабақта әр оқушыларға көңіл бөлу талап етіледі. Осы ерекшеліктер мұғалімге зор жауапкершілік жүктейді.
Дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар:
а) белгілі міндеттің болуы, сабақ мақсатының орындалу барысында барлық оқушының қамтылуы;
ә) сабақтың әдістемелік талапқа сай құрылуы;
б) өткен сабақты қайталай отырып жаңа сабақты толық қамту және келесі сабақтың мазмұны мен мақсатынан хабардар болуы;
в) өтілетін материал оқушылардың жас ерекшеліктеріне , жынысына, дене дамуы мен даярлығына сай келуі;
г) сабақтың оқушыны қызықтыратындай және белсенділігін арттыратындай болуы;
д) дененің жан – жақты дамуына, денсаулықты жақсартуға және жұлынның (арқанның) дұрыс қалыптасуына арналған жаттығулар мен ойындардың болуы;
е) дене тәрбиесі сабағы сабақ кестесіндегі басқада сабақтармен ыңғайласып, тұрақты жүргізілуі;
ж) сабақтың тәрбиелік маңыздылығының болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет