І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет11/35
Дата19.05.2022
өлшемі417.2 Kb.
#457849
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
І тарау. Жас рпа А лтты Т рбие беруді діснамалы негіздері

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. «Құндылық» ұғымына философиялық, психологиялық, педагогикалық сөздіктерден, оқулықтардан анықтамалар іздестіру және әр тұрғыдан берген анықтамаларды салыстыру арқылы талдау жасаңыз.
2. «Мен және менің құндылықтарым» атты тақырыпта шағын эссе жазыңыз.
3. Тұлғаның құндылықтар жүйесіне сипаттама беріңіз.
4. Студент жастардың құндылық бағдарының динамикасына таладу жасаңыз.
Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы //Егемен Қазақстан. – Алматы, 27 шілде. 2007 жыл.

  2. Абсаттаров Р.Б. Национальные процессы: особенности и проблемы. – Алматы: Ғылым, 1995. – С. 114.

  3. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі. – Алматы, 2002.

  4. Нысанбаев Ә. Адам және қоғам /Человек и открытое общество. –Алматы: Қаз. Энциклопедия, 1998. -272б.

  5. Бердяев Н.А. Судьба Росии.-М.: Изд-во Шевчук, 2000.

  6. Каган М.С. Философия теория ценностей. –Спб., 1997. -С.83.

  7. Абдигалиева Г.К. Проблема ценностей в истории философии: -Алматы: Қазақ университеті, 2005. -234с.

  8. Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория, практика формирования. – Алматы, 1993. -334с.

1.8 Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесіне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері

Адам баласы естіп-білгені арқылы ғана жетілмейді,


ең дұрысы – еңбек пен іс-әрекет үстінде қалыптаспақ.
А.Энштейн

Жаңа заманның жастары мемлекет құраушы ретінде жан-жақты білімді, өз ісіне шебер, құзіретті азамат болып қалыптасуы керек. Олар өзіне қажетті білім негіздерін көбінесе бұқаралық ақпарат көздерінен табады. Өйткені ақпарат – адамзат дамуының басты факторы, қоршаған ортасының қоғамдағы рөлі, оның әлеуметтік, зияткерлік, құндылықтық, көркемдік және психологиялық қырларының қалыптасып танудағы кешенді құралы.


«Ақпарат» термині латын тілінен «inform» деген сөзден аударғанда баяндау, хабар беру деген ұғымды анықтайды. Еуропада өткен ғасыр басында «ақпарат беруші» деп үй мұғалімін, ал «ақпарат» деп ілімді, ғибратнаманы атады. Алғашында «ақпарат» термині тар мағынада тек адамдар арасындағы қарым-қатынаста қолданылған.
Ақпарат катерогиясының қолдану аясы кеңейіп, оны қарапайым «ілім, ғибратнама, хаттама» деп қарастырудан таралатын ақпараттар мөлшеріне, сапасына және жылдамдығына әсер еткен, коммуникацияның техникалық құралдарының қарқанды даму нәтижесінде жүзеге асырылды.
Ақпараттық коммуникация құралдарының тарихи дамуы ғылыми-техникалық прогрес жетістіктерімен байланысты. XIX ғасыр басында және ортасында адамзат ойының туындылары телеграф, телефон, радио сияқты техникалық жаналықтар пайда болды.
XX ғасыр өзімен бірге теледидар, спутниктік байланыс, компъютер, мобильді байланыс, интернетті алып келді. Осы техника мен технологиялық ғылым жетістіктері әлеуметтік өмір сипатына, қоғамдағы өзгерістер жылдамдығына әсер етіп, қоғамда ақпараттық коммуникациялық процестерінің дамуына алып әкелді. Коммуникацияның электронды құралдарының пайда болуы өткен ғасырда ақпараттарды тасымалдаудың зор мүмкіндіктеріне жол ашты. Коммуникация технологиялары – алдымен теледидар, кейін компъютер, әлеуметтік жүйеге терең еніп, адамдардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды.
Ақпараттық коммуникация технологияларының дамуы ақпараттардың тасымалдау үрдісін, олардың мөлшерін, сапасын (мазмұнын) және адамға әсер ету деңгейін түпкілікті өзгертті. Негізгі тенденциялар әлеуметтік коммуникация жылдамдығына, кодталатын хаттамалар мөлшерінің өсуіне, олардың тұлғаға психо-эмоционалдық әсер етуіне байланысты пайда болды. Ақпарат ұғымы коммуникация үдерісінде тасымалданатын объектілердің әртекті жиынтығын топтастырып жинаушы болды. Әлеуметтік кеңістік пен уақытта ақпараттың бүкіл жинақталған, жасалынған, айналымда болатындығы, өзінің материалды еместігіне қарамастан физикалық сезілетін құбылыс ретінде әсері барын қарастырады.
Ақпарат философиялық көзқарас бойынша шынайы өмірдің мәлімет арқылы немесе хабарлама арқылы көрінетін бейнесі, ал хабарламаның өзі – мәтін, сурет, сандар, графиктер, кестелер түрінде берілетін ақпарат. Ақпарат сөзі кең мағынада – бұл қазіргі заманғы ғылымның негізгі түсінігі, сонымен қатар материя, энергия, уақыт, кеңістік және адамның басқа адамдармен араласуы, тірі мен өлі табиғаттың сигналдарының алмасуы, адам мен аппараттардың өзара алмасуымен сипатталады. Ақпарат – бұл қоршаған ортаның көріністері мен объектілер жөнінде мәліметтер мен білімдер жиынтығы. Ақпарат – автордан шыққан және қоғамның қазынасына айналған білімнің бір түрі.
Әлеуметтік ақпарат – бұл білімдердің, мәлімдеулердің, құжаттардың жиынтығы. Ақпарат қоғамда қалыптасады және жеке адамдар ұдайы өндіреді, топтар, ұйымдар арасындағы қоғамдық қатынастарды әлеуметтік реттеу үшін әртүрлі әлеуметтік институттар қолданады.
«Медиа» термині (латын тілінде «media», «medium» - құрал, тасымалдаушы) XX ғасырда «бұқаралық мәдениет» құбылысын анықтап көрсету үшін енгiзiлген («mass culture», «mass media»). Қазіргі кезде «масс-медиа» термині бұқаралықкоммуникация құралдарын мағынасын білдіруде (БКҚ): баспа басылымдары, теледидар, радио хабарламалар, Интернет беттеріндегі ақпарат қайнарлары, сонымен қатар кино, видео, ұялы телефондық байланыс және т.б.
Бүгінгі күнде олардың маңыздылығы соншалықты, яғни басым бөлігі масс-медиаға тәуелді болғандықтан, тек «ақпараттандырылған» қоғам деп атап қана қоймай, сонымен бірге «медиаландырылған» қоғам деп те аталуда. Бұл үрдіс аталған ұғымның институциялану барысын анғартады. Медиамәдениет факторы қазіргі кездегі өркениеттік трансформациялануының басты алғышарты ретінде көрініс табады. Осы түсінікте медиамәдениет адамзат өмір сүру іс-әрекеттерімен онтологиялық түбірленген, олардың модификациясын және өзіне әралуан бұқаралық, ұлттық, элитарлы мәдениет қызметтерін жинақтаған мәдени-әмбебаптылық ретінде айқындалады.
Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз – түрлі хабар-ошарды көпшілікке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрі жария түрде жеткізу үшін құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына: баспасөз, радио, теледидар, кино, бейне-таспа, үн-таспа және көпшілікке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техниканың соңғы жаңалықтары – спутниктік байланыс, кабельді теледидар және түрлі компъютерлік интернет байланыс жүйелері қосылып отыр.
Жалпы алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда маңыздылығы олардың тікелей атқаратын коммуникативтік, ақпарат таратушылық, танымдық, қоғамдық пікір туғызу арқылы саяси билікке ықпал етушілік, қадағалаушылық, білім берушілік, әлеуметтендірушілік қызметтерімен тікелей байланысты. БАҚ – адамдарды демократия мен өркениет құндылықтарын, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және құрметтеуге тәрбиелейтін аса маңызды демократиялық институт болып табылады.
БАҚ-ның ақпараттық қызметі адамдарға түрлі әлеуметтік процестер және оқиғалар тұрғысында ой түйіндеуіне ықпал етеді, олар жөнінде әртүрлі ақпараттар ағыны ішінде бағдар алуына жәрдемдеседі. БАҚ адамдарға әлеуметтік-саяси оқиғалар және процестер жөнінде мәлімдемелерді дұрыс бағалауға және түсінуге танымдық қызметтері арқылы қол жеткізеді.
Бұл қызметтері азаматтарға БАҚ және басқа ақпарат алу көздерінен алынған мәлімдемелерді дұрыс бағалауға және жүйелеуге, күрделі қарама-қайшы ақпараттар ағымында дұрыс бағдар алуға мүмкіндік беретін білімдерден хабардар болуынан көрінеді.
БАҚ білім берушілік рөлінің маңыздылығы олардың әлеуметтендіруші қызметімен тікелей байланысты. Әлеуметтендіру адамдардың әлеуметтік нормаларды, мәдени құндылықтарды және мінез-құлық үлгілерін меңгеруін білдіреді және қоғамдағы әлеуметтік шындыққа бейімделуіне мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы түрлі ішкі және сыртқы міндеттер мен саяси-экономикалық процестерді мақсатты түрде реттеп, шешіп отыруы, қоғам мүшелерінен басқа да қоғамдық институттармен ара қатынасы т.б. күнделікті ақпарат алмасуы БАҚ-ның коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады.
БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез-келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Жоғарыда аталған БАҚ-тың көп қырлы, жан-жақты қызметі бірінші кезекте азаматтық қоғам мен мемлекет арасында қалыптасқан басты принциптерге тәуелді. Мемлекет БАҚ-ты қалай болғанда да бақылайды, ал БАҚ-тың өзі де қоғамдық пікірді қалыптастыру және бақылаудың маңызды көзі бола отырып, мемлекеттің ісіне де белгілі бір дәрежеде араласа алады.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру, яғни білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Сонымен қатар БАҚ адамзатты жаһандандыру үдерісінде ұлттардың бірін-бірін рухани және материалдық жағынан байытатын шикізат, олардың біріне бірін рухани араластыратын катализатор болып та саналады.
Ақпарат құралдары объект ретінде жалпыадамзаттық болғанымен, оның субъектісі – ұлттық, этностық, елдік сипатта болуы керек. Сонда ғана ақпараттық әлеует - елдің ұлттық өндіріс өзегі бола алады. Ахмет Байтұрсыновтың «Газет – халықтың көзі, құлағы және тілі» демекші, көп жетістіктердің болмысы мен сипатын осынау БАҚ-тың прогрестік мәнінен байқалады.
БАҚ қарапайым азаматтардың күнделікті өмір сүруі мен қажетіне керекті ақпараттың барлық түрін жатқызуға болады. БАҚ сауаттануға, білім алуға, еңбектенуге, қосалқы мамандық алуға, жұмыс пен қызмет бабына қажетті ақпарат, тұрмыстық-тұтынушылық, ресми-нормативтік, мәдени-қоғамдық, ғылыми-көпшілік ақпарат және өндірістік-технологиялық-бизнестік ақпарат ретінде адамдардың танымдық азығы болып есептеледі.
Заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының даму деңгейі мен олардың тұлғаға жан-жақты әсер ету ерекшелігі, тек адамның қоғамдық өміріне ғана емес, сонымен жеке өмірін қамтитын, яғни оның жеке өмірінің барлық саласына араласатын ақпараттық кеңістіктің қалыптасуы жүріп жатқандығын дәлелдейді. Әрине, бұл ең алдымен жастардың ұлттық санасының қалыптасуына әсер етуші фактор болып табылады.
Жаһандану үдерісі кең құлашын жайған XXI - ғасырда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның алдында тұрған міндеттердің аумағы өсіп, неғұрлым жауапты бола бастады. Елдер мен халықтардың жақындасуына белсенді ықпал ете отырып, баспасөз, электронды бұқаралық ақпарат құралдары іскерлік пен мәдени ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ғана ашып қана қоймай, оны дамытудың түрлі жолдарын ашып көрсетуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс берген игі істермен қатар жастарды теріс жолға бастайтын өзге елдерден келген кино, газет, журнал материалдары да баршылық. Сонымен қатар, қазіргі кезде адамдар арасындағы қарым-қатынаста рухани-адамгершілік құндылықтарға қарағанда материалдық құндылықтардың басым болуы да жастардың ұлттық санасына, ділі мен ұлттық мұраттарына ықпал етіп, олардың тәрбиесіне тежеу жасайды. Ал «ұлттық сана» ұғымын қарастырсақ, ол этникалық топ жөніндегі жалпы түсінікті көрсетеді. Ұлттық өзіндік сана жеке дара ұғым, алдымен ұлттық қауымның жеке мүшесінің жалпыұлттық санасының компонентін меңгеру дәрежесі, яғни ұлттық сананың өзегі болып табылады. Ол адамды рухани және әлеуметтік-саяси өмірде өзін-өзі анықтау үшін қажетті ұтымды-құнды түсініктер мен бағалау қатынастарының өзегі ретінде қатысады. Демек, БАҚ-тың жастардың ұлттық санасына әсері қандай болмақ?
Қазіргі уақыттағы БАҚ-тың негізгі қызметі – адамдардың санасына әлеуметтік-психологиялық құндылықтарды, демократиялық және нарықтық қатынастарға негізделген азаматтық қоғамның талаптарына сай келетін қоғамдық сананы қалыптастыру мен дамыту болып отыр. БАҚ-тың интеракциясы. Интеракция дегеніміз (әлеуметтік әсер) – индивидтің екінші бір индивидті (ықпал ету объектісінің) мінез-құлқына, ұстанымына, ықыласына, мүддесіне әсер ету үдерісі. БАҚ түрлі саладағы өзекті ақпараттарды тарата отырып, жастардың тұлғалық өсуіне, жалпы қоғам мен жекелеген адам санасына ықпал ете отырып, оның күнделікті тіршілігіне мінез-құлқының және өзіндік бағыт-бағдарының қалыптасуына үлкен әсер етеді. Ақпаратты қабылдау, оны түйсіктен өткізу, соған сәйкес бір іс-әрекет жасау – бұл индивидтің бүкіл өмірі барысында жалғаса беретін үздіксіз үдеріс. Сол ақпаратты таратудың бұқаралық түріне мезгілдік басылымдар (газет, журнал), радио, теледидар және интернет жатқызылады. Ғылымның дамуы, жаңа технологиялардың пайда болуы және адамдардың өмір сүру ерекшеліктері мен талғамының өзгеруіне байланысты бұл аталған бұқаралық ақпарат құралдары үнемі мазмұндық және пішіндік тұрғыдан өзгеріп отырады.
Белгілі-бір тарихи кезеңдерде бір БАҚ маңыздылығын арттырса, енді бірі керісінше жоғалта береді. Сол себепті БАҚ-ң жалпы қоғамдағы алатын орнын зерттеу – олардың адамдардың күнделікті өміріндегі қолданыс ерекшеліктерін өлшеумен байланысты болады.
Студент жастардың тұлғасының ұлттық санасын қалыптастыруда баспасөздің ықпалы өте зор. Баспасөзді өзіңмен алып жүруге, кез-келген жерде, өзіңе ыңғайлы уақытта, айналадағыларға кедергі келтірмей (поезд, метро, автобус, т.б.) оқуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқырман өз қалауынша баспа материалдарын бірнеше рет оқуына, қажеттісін сақтап, белгілеп қоюына болады. Мұның бәрі баспа құралдарымен көптеген оң байланыстар орнатуына мүмкіндік береді. Осылайша баспасөз қазіргі уақыттағы маңызды ақпарат көзі болып табылады.
Келесі жастардың ұлттық санасын қалыптастыруда уақыты бойынша екінші пайда болған ақпарат тарату құралы – радио болып табылады. Визуалдылықтың (лат. – viceo - көру) болмауы радиоға тән сипат. Бірінші қарағанда радионың бұл кемшілігі дыбысты телеарнаға қарағанда сапалы етіп іске асыруға мүмкіндік береді. Радио тыңдаушылар бар назарын бейнеге елеңдемей, дыбысты толық әрі терең қабылдайды. Радиода берілетін белгілі бір бағдарламаларды қалаған уақытта тыңдауға немесе оны кейінге қалдыруға мүмкіндік жоқ. Бұл радионың кемшілігіне жатады.
Сонымен қатар, жастар санасын қалыптастыруда маңызды орын алатын - телеарна. Қазіргі жастардың бойында елжандылық сезімін орнатып, олардың дүниетанымын, білімін мен білігін кеңейтуде телеарналарда берілетін хабарлардың маңызы ерекше. Телеарналарда жастарды ұлттық тағылым, имандылыққа тәрбиелеп, олардың интеллектуалдық ой-өрісін өсіретін танымдық бағдарламалардың көбейгендігі еліміздің экономикасының ғана емес, рухани дамуының алға өрлеуінің де бір көрінісі. Телеарна өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастап қолданысқа ене бастады. 60-жылдары кең таралған бұқаралық ақпарат құралы болып табылды. Уақыт өте келе ол қарқынды түрде дамыды. Телеарна өзінің тек жарты ғасырлық ғұмырында адамдардың негізгі әлеуметтік тұтыну тауарына айналды. Телеарнаның қоғамдық санаға әсер етуі мен көлемі жағынан ешбір ақпарат тарату құралы сайысқа түсе алмайды. Оның негізгі қызметтеріне көңіл көтеру, ақпараттық, рухани дүние мен мәдени құндылықтарды беру, тәрбиелік рекреациялық қызметтерін атауға болады.
Телеарнаны көріп отырған адам ақпаратты терең қабылдайды, ондағы қуаныш пен қорқыныш сияқты сезімдерді анық сезінеді. Көрерменнің психикасы қозу немесе кідіру жағдайында болады. Адам өлтіру, зорлық-зомбылық көрсету, алаяқтық, жалғыздық суретін көре отырып, адам өзінің психикалық процестерін теледидарға билеуге мүмкіндік береді. Қоғамда бірдей адамдар болмайды. Әр адам қайталанбайды. Ол отбасында, қоғамда, жеке өмірінде өздігінше тіршілік етеді. Оның өз мақсаттары, идеялары, ұстанымдары мен ұнатулары болады. Телеарнамен қатынасқа түсе отырып, ол өзіне құнды бір дүниелерді, өзінің идеалын табады. Біреулер үшін ол суперадамдар, батыл полицейлер немесе американдық детективтердегі гангстерлер, басқалары үшін саяси, қоғамдық қайраткерлер, үшіншілері үшін атақты киноактерлер мен модельерлер, спортсмендер, т.б. болуы мүмкін. Көрермен өзінің идеалына қалтқысыз сенеді, оның сөздері мен әрекеттерінде мін жоқ деп біледі, олардың принциптерін ұстана бастайды. Осылайша телеарнадағы идеалының ықпалы тұлғаға сендіру қызметін орындайды.
Соңғы бүкіләлемдік тенденцияға сәйкес Ғаламтор қарқынды түрде ақпараттық кеңістікті жаулауда. Технологиялар мен компъютерлендірілу заманының символына айналған бұл жүйе ақпаратпен алмасу үрдісін бұрын соңды ойға кірмеген жаңа сатыға шығарды.
Ғаламтор – деген атаудың өзі аңғартқандай, Интернет бұқаралық ақпарат көзі түсінігін кеңейтіп, ақпаратты жеткізу тиімділігі бойынша теледидарға бәсекелестік тудырып отырған жаңа коммуникациялық құралға айналып отыр. Соңғы уақытта жастардың ғаламторға тәуелді болуы, олардың ұлттық санасына өзгеруіне ықпалын тигізуде. Ғаламтор жастардың ажырамас ақпарат алмасу көзіне айналды. Ғаламторға тән сипаттар:

  • жаһандық сипаты – дүниежүзінің кезкелген нүктесінде ақпаратқа ие болу мүмкіндігі;

  • ашықтық – қол жетімділік, ақпаратты жинау мен тарату құнының төтендігі;

  • шектеусіздік – ақпараттың шектеусіз көлеміне иелік етуге мүмкіндік береді;

  • интерактивтілігі – бір адамның басқа адаммен, бір адамның көптеген адамдармен, көптеген адамдардың бір адаммен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді;

  • инфрақұрылымдық тәуелсіздігі – телефоннан басқа бірде-бір инфрақұрылымға тәуелділігі жоқ және т.б.

Қазақстандықтардың өскелең ұрпағы компьютерлік сауықтар мен компьютерлік қызметтерді: электронды ойындарды, E-mail бойынша хабарламаларды алу мен жіберуді, желімен қарым-қатынас жасауды, виртуальды дүкендерде тауарларды сатып алу мен сатуды, желінің әртүрлі сайттарында орналасқан жарнамаларды және тағы да басқаларды белсенді түрде игеріп келеді. Аталған сипаттардың бәрі ғаламтордың оң ықпалына жатса, теріс ықпалына қолданушының агрессивті мінез-құлқы мен ойын тудыратын кейбір компьютерлік ойындарды жатқызамыз. Жасөспірімдердің өмірге деген қызығушылығығының азаюы, өз әлемін құруға ұмтылуы, нақтылықты қабылдамауы, өзімен қатарластарынан гөрі компьютермен қарым-қатынасқа түскенді қалауы әлеуметтік оқшаулануға соқтырып, тұлғааралық қарым-қатынастарын қиындатады. Сондай-ақ соматикалық ауытқуларға (көз көргіштігінің төмендеуі, тез шаршағыштық, т.б.) алып келеді. Сонымен қоса интернетке тәуелділік науқастығына ұшырайды.
ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы тікелей жарнамамен байланысты болып отыр. Жарнама – қазіргі уақыттағы өміріміздің ажырамас бір бөлігі. Жарнаманы кез-келген жерден көруге және естуге болады. Атап айтсақ, теледидар, радио, баспа және сыртқы бұқаралық ақпарат коммуникациясы арқылы жарнамаланады. Жарнама тұтынушылардың сұранысын қанағаттандарады. БАҚ-тың негізгі табыс көзі болып табылады. Кейбір деректерге қарағанда негативті жарнамалар 1980 жылы 70-жылға қарағанда үш есе өскен, ал енді біреулерінде БАҚ-тағы негативті жарнаманың көлемі 1960 жылдан бері өзгермеген деседі. Үшіншілері негативті жарнамалар 1988 жылдан бастап қалыпты құбылыс ретінде қабылдана бастады.
Қазақстан Республикасындағы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң 1999 жылы 23 шілдеде қабылданды. Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді. БАҚ туралы Заңның 3 бап 3-тармағында Мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық және радио бағдарламаларының апталық көлемі уақыты бойынша басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс. Мемлекеттік тілдегі хабарларды хабар таратудың тәулік кестесіне орналастыру хабарлар эфирге шығатын бүкіл кезең ішінде біркелкі жүзеге асырылады деп көрсетілген.
БАҚ-ның әлеуметтік жауапкершілігі оның қызметіне баға беруде объективтілік, шынайылық, әділеттілік, сенімділік қоғамның және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттіліктерінің жүзеге асуына мүмкіндіктер туады. БАҚ арқылы адамдар әлеуметтік нормаларды, этикалық және адамгершіліктік құндылықтарды қабылдайды, өмірлік ұстанымдары қалыптасады.
БАҚ қоғамда болып жатқан үрдістерді бейнелей отырып, қоғамдық пікір қалыптастырады. Қоғамдық пікір қалыптастырып әлеуметтік үрдістерді басқаруға, шешім қабылдауға ықпал етеді. БАҚ – ақпараттық салада адамдардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік дамуды, қоғам талаптарына сәйкес құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Ақпараттық қоғамда жастардың ұлттық санасының қалыптасуына, оның ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандырып табысқа жетуде мол мүмкіндіктерін іске асыруына және қоғам өміріне белсенді араласуын қамтамасыз етеді.
Жаһандану жағдайында медиамәдениет жоғарғы жылдамдықтағы ақпараттық технологиялар арқылы уақыт пен кеңістікте медиақұрлықтың заттануы мен таралуын қамтамасыз етеді, заманауи адам болмысының субстанциональды негіздемесіне елеулі ықпал етеді, батыстандырылған және ұлттық сипат амбиваленттілігі бағытындағы бұқаралық мәдени сананы өзгертеді. Жаһандану – біз өмір сүріп жатқан ғаламшардағы әр түрлі ұлттардың мәдени, экономикалық және саяси интеграция үрдісі. Э. Гидденс жаһандануды төмендегідей анықтайды: «Әлемдік әлеуметтік қатынастардың жеделденуі, жергілікті болып жатқан оқиғалар бірнеше шақырымда немесе керісінше жергілікті болып жатқан оқиға алыс шалғайдағы болып жатқан оқиғалармен байланыстыра отырып, алыс мекендерді байланыстырады».
Медиаақпарат мазмұны адам зердесінде өз бейнесін табады, оның мінез-құлқына әсер етеді, шындыққа деген қатынасын қалыптастырады. БАҚ әрекетінің және Қазақстан Республикасының ақпараттық нарығының қолданылуының негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Ол сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді, цензураға тыйым салады, кез келген, заңмен тыйым салынбаған тәсілмен ақпаратты еркін алуға және таратуға әрбір адамның құқығын қалыптастырады, идеологиялық және саяси алуандықты мойындайды.
Қазақстан Республикасында 8 248 бұқаралық ақпараттық құралдары (2 513 БАҚ белсенді түрде қызмет етуде), 212 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, 2 392 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары тарайды, сонымен қатар KZ доменінде 9000-нан астам домендік атау тіркелген. Елде БАҚ-тың кең тақырыптық дифференциациясы орын алады. Қазіргі таңда баспа БАҚ-ының үлесі масс-медианың жалпы мөлшерінің 50%-ын құрайды, қоғамдық-саяси – 16%, ғылыми – 9%, жарнамалық – 10,5%, балаларға, жастарға, әйелдерге және діни мәселелерге арналғандары – шамамен алғанда бас-басына 2% басылымнан келеді.
Соңғы онжылдықта қазақстандық медиа мәдениеттің аясы коммуникацияның жаһандық жүйелерінің қалыптасуы факторларының әсерімен айтарлықтай түрленді. Телекөрініс, компьютер, ғаламтор, ұялы телефон ширек ғасырдың ішінде қазақстандықтардың маңызды бір бөлігіне қолжетімді болып қана қойған жоқ, сонымен қатар күнделікті өмірге, күнделікті әлеуметтік және мәдени тәжірибеге енгізілді.
Қазақстандық медиааймақта, жаһандық медиааймақтағы сияқты, кітап оқу Қазақстандық медиа кеңістікте жаһандық және жалпыұлттық медиаорта бірігіп, қазақстандық медиапайдаланушының сана-сезіміне, дүниетанымдық көзқарастарына, мінез-құлқына ықпал етеді. Батыс пен Шығыстың мәдениеті ғаламторда қосылып, қазақстандық медиа пайдаланушының мәдени санасына аралас ықпал етуде. С. Хантингтонның ғалымдардың пікірталасын тудырған «өркениеттер қақтығысы» тұжырымдамасына сәйкес, «мәдени сәйкестік» (этникалық, ұлттық, діни, өркениеттік) заманауи көпөркениетті әлемде жетекші орындардың бірін иеленеді». Мәдени сәйкестік адамның өз қоғамының материалдық және рухани мәдениетін қабылдауы және қолдауы әрі оның бейнесіне өзінің қатысын түйсінуі.
Мәдени сәйкестіктің әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасына сәйкес, ол адамзат әрекетінің теңдестірілуі және адамдағы адамшылық өлшемі ретінде; ортақ өмір жағдайында адамдардың қауымдастығымен қалыптасқан құндылықтар жүйесін қолдау; халықтың ұжымдық жадысына ортақтық; шаруашылық және зерделік әрекеттің, білім беру мен тәрбие арқылы әлеуметтік жолмен қалыптасқан ағартушылық пен сауаттылық дамуының белгілі бір деңгейіне сүйенуде, материалды және рухани еңбек өнімдерінде, әлеуметтік нормалар мен мекемелер, рухани құндылықтарда, адамдардың табиғатқа, бір-біріне және өзіне қатынасы тұтастығында, көрініс тапқан адамзат өмірінің ұйымдастырылуы мен дамуының биологиялық жолдан тыс тәсілді ұстануды, адамдардың табиғатқа, досына, өзіне деген қарым-қатынасы тұтастығында; белгілі бір мәні бар рәміздерді меңгеру мен қолдау көрсетуде қарастырыла алады. Алайда адам санасына ақпараттық тасқынның әсер етуі этномәдени өзіндік сәйкестікті барған сайын қиындатуда.
Ақпарттың құндылығы адам өмірі үшін маңызды болып саналады, адам ақпартты тек генетикалық жолымен ғана емес, сонымен бірге оқу, үйрену мен өзін-өзі дамыту барысында пайдаланады. Әлеуметтік тәжірибе арқылы ақпарат сақталып, тасымалданып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып мұраға қалдырылып отырған. Ақпараттың арқасында әр жаңа ұрпақ әлеуметтік өмірдің жетістіктерін бойына сіңіріп қоғам мен өркениеттіліктің дамуына жол ашады. Ақпараттың құндылылығы мен пайдалылығы, өзектілігі мен толық шынайылығы адамның ақпараттық сұранысын қанағаттандыра отырып, ой- өрісінің дамуына әсер етеді.
Сондықтан, ақпараттың сапалық ерекшеліктерін, табиғатын және ықпал ету ерекшеліктерін білу арқылы ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте маңызды. БАҚ арқылы әлеуметтік өмір, білім, әр саладағы жетістіктер көпшілікке таралып қоғамның ақпараттық сұранысын қамтамасыз етеді.
Американдық ғалым Р. Харрис БАҚ-ң адамзатқа әсерін бірнеше топқа бөледі:

  • ақпараттардың әсерімен тұлғада мінез-құлықтың өзгеруі, яғни қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға көрген немесе оқыған жағдайлар себеп болады;

  • ұстанымдық, БАҚ-нан таралған ақпараттар тұлғаның қандай да бір объектіге көзқарасын жоғары немесе төмен баға беруіне итермелейді;

  • когнитивті, БАҚ арқылы біздің танымдық ойлау білімдеріміздің өзгеруіне әкеледі;

  • физиологиялық, БАҚ әсерімен тұлға ағзасында әр түрлі деңгейдегі өзгерістерді тудырады.

Қазіргі ақпараттар ағымы заманында бұқаралык ақпарат құралдары мемлекет өмірінде шешуші рөл атқарады. Қоғамдық-әлеуметтік құрылымда ақпарат қоғамның маңызды әлеуметтік құралы. Олар адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын білуіне, өз мұрат-мүдделерін қорғауына, күнделікті болып жатқан оқиғалар турасындағы ой-пікірлерін қалыптастыруына мүмкіндік беретін маңызды институттардың бірі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет