- бала комфорттық зонадан шығып, яғни өз үйінен, ата-анасынан бөлініп
мектепке келгенде,жаңа ортаны бірден қабылдамау;
- мұғалімге жағымсыз мінез-құлық таныту; (ұру, айқайлау, жүгіріп кету)
- өз сыныптастарын бірден достары екендігін қабылдамау;
- оқу құралдарын ұсынғанда алғашында орындағысы келмеуі; (оқулықты
жырту,қаламсаптарды сындыру)
Осының барлығы мектепке əлеуметтік-психологиялық бейімделу
процесінің- кеш дамуы мен тежелуіне əкеп соқтырады. Аутизммен
ауыратын балалардың көпшілігінде интеллект, жақсы механикалық есте
сақтау жəне қалыпты қабылдау сақталады, бұл оларға оқу материалын
сəтті меңгеруге мүмкіндік береді. Кейбір аутист балалар математика
данышпандары болуы мүмкін, ал басқалары сурет салуда өте жақсы
болуы мүмкін (ұсақ моторикасында проблемалары жоқ балалар).
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біздің ойымызша, жалпы білім
беру ұйымдарының мұғалімдері аутистік ауытқуы бар баланы мектепке
қабылдағаннан кейін қиындықтарды жеңу жəне олардың мектеп
ортасына
бейімделу
үдерісін
жеделдету
мақсатында
жоғарыда
аталғандарды ескеруі қажет. Мұғалім аутизм мəселесіне қатысты
заманауи көзқарастардан хабардар болуы, өз білімінің шекарасын үнемі
кеңейтуге ұмтылуы жəне осы салада үнемі қосымша білім іздеуде болуы
керек.
Ата-аналар
мен
мұғалімдер
арасындағы
ынтымақтастық,
серіктестік жəне тығыз қарым-қатынас аутизммен ауыратын баланың
мектепке бейімделуінің табыстылығының негізі болып табылады.
1
2
5
Достарыңызбен бөлісу: