Инклюзивті оқыту негізінде балалардың
қандай
да
бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік
қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі
бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Тəжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір
бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың
даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай
балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады.
1
1
2
Əлеуметтік жағынан осал топтардың балаларына кімдер жататындығын таратып жазыңыз. ХАЛЫҚТЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК
ОСАЛ
ТОПТАРЫНА КІМДЕР ЖАТАДЫ
? 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
1-1) Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне
теңестірілген ардагерлер;
1-2) Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының
ардагерлері;
2) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
3) Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде
аталған
кейбір
созылмалы
аурулардың
ауыр
түрлерімен
ауыратын адамдар жатады;
5) Жасына байланысты зейнеткерлер;
6) Кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма
тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдар
әскери қызметке шақырылған кезде жасы мерзімді әскери
қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады;
7) Қандастар;
8) Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған
адамдар;
9) “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе
бұрын “Батыр Ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана
даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп
балалы отбасылар;
10) Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті
орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе
жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін
қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың
отбасылары;
11) Толық емес отбасылар.
1
1
3
«Инклюзия» терминін түсіндіріңіз жəне мысал келтіріңіз. "Инклюзия" ағылшын тілінен аударғанда (inclusive) - "қосу"дегенді білдіреді,
француз тілінен
(inclusif) - енгізілген. Ал латынша include-қорытындылаймын , қосамын
дегенді білдіреді. Жалпы айтқанда -енгізілген білім, оқу орындарында ЕБҚ
бар балалардың оқу процесін сипаттау үшін қолданылатын термин.