Ибб сессия нжгадс


Арнайы білім берудің Францияда ұйымдастырылуы жайлы жазыңыз



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата29.05.2024
өлшемі4.15 Mb.
#502067
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
ИББ СЕССИЯ НЖГАДС

Арнайы білім берудің Францияда ұйымдастырылуы жайлы жазыңыз
Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру. Франциядағы арнайы
білім
беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар
балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында
ауытқулары бар
балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда:
1.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте
немесе
одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары,
тəрбиелеу
жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым
сыныпта
оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан адаптациялық
орталыққа
барады.
2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім
алады
жəне қосымша арнайы бағдарлама бойынша қиды. Мысалы, көруі
бұзылған бала
қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек, мұғалімнен
қосымша
сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.
3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама
бойынша оқиды (əдетте психикалық дамында кешігушілік бар балалар).
Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз
жасындағы
оқушылармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (əдетте
ойлау
қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне
қатысады:
біріккен таңғы ас, тəрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық жəне
басқа да іс-
шараларға қатысу.


.
1
2
9
Баланың сенсорлық дамуын түсіндіріңіз
.
Балалық шақ – баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып
табылады. Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы
қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-əрекетте бала оның түсін, түрін, қасиеттерін біле бастайды.
(Т.Фуллер)
Баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар:
Біріншісі – заттар мен құбылыстардың əртүрлі қасиеттері жөніндегі
түсініктерді меңгеруі;
Екіншісі – қоршаған ортаны толықтай жəне жекелей қабылдауға жаңа
əрекетін игеруі.
Сенсорика латын тілінен аударғанда «сезім мүшелері арқылы орындайтын
қабылдау» деген мағына береді. Сенсорика – функциялардың бірі,
сезгіштік пен қатар қоршаған орта туралы мəлеметті қабылдауының
əдісінің бірі. Сенсорика К.Г.Юнга типологияларда «сезіну» деп аталады.
Сенсорика əлемі – бұл сезім мүшелері арқылы қоршаған ортадағы
заттардың пішінін, түсін анықтау. Сенсорикада саусақ моторикасы жұмыс
істейді. Жоғарыда келтірілген бірқатар түсінік сенсорика əлеміне тəн. Ал,
сенсорикалық кезеңдер қалай болмақ? Осыған тоқталып кетейік.
Мектеп жасындағы балаларда сенсорлық қабылдаудың дамуы қандай да
бір заттың сыртқы қасиеттерi туралы түсініктерді қалыптастырады.
Мысалы: кеңiстiкте пiшiнге, түс, шамаға, жағдай олардың, сонымен бiрге
иiс, дəм жəне т.б. Балаларды сенсорикалық жағынан дамыту үшін,
бірнеше ұстаным бар. Заттардың көлемі, қалыбы, түсімен таныстыру.
Тілдің дыбыстық саралауын жүзеге асырып əн-күйлік есту мен
қабылдауды қалыптастыру. Сенсорикалық қимылмен балаларды
іс-əрекеттерін үйрету. Қоршаған ортамен байланысты сенсорика бойынша
жалпылауға үйрету. Заттардың сапасы мен мəндері туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Сенсорлық қабілеттің бастауында ерте жаста жететін сенсорлық дамудың
жалпы деңгейі жатыр. Сенсорлық тəрбие бойынша 2-3 жасқа дейінгі
бағдарламаның талаптары:
· 8 түсте бағдарлау, олардың атауларын атау, үлгі бойынша тандау;
· үш жəне одан да көп қарама-қарсы шамаларда бағдарлау;
· əртүрлі шамадан 5-8 сақиналардан тұратын пирамиданы жинау;
· жазық суретпен көлемді, геометриялық пішіндерді, кескінді арақатынасын
белгілеу, үлгі бойынша қою (əртүрлі шамаларды қосымша беттерге жайып
қойып немесе тақтайшада ұқсас формаларға орналастыру);


· 4 бөліктен тұратын ойып жасалған суреттерден, бүтін қойма текшелерді
құру;
· форма бойынша заттарды танып білу (текше, кірпіш, шар, призма);
· жазықтықтағы пішіндерге (шеңбер, сопақша, шаршы, тік төртбұрыш)
байланыста бағдарлау;
· түс, пішін, шама бойынша біркелкі заттарды салыстыру, арақатынасын
белгілеу, топтау;
· заттардың пішіндерін саусақтармен сұлба бойынша жиектеу;
· парақ шеңберінде тік, көлденең, дөңгелек, қысқа жəне ұзын сызықтарды
өткізу.
Сенсорика сипаттағы дидактикалық ойындарға тоқталсақ:
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар үшін сан туралы білімдерін
кеңейтуге жəне бекітуге үлкен мүмкіндіктер береді: «бір» жəне «көп»;
заттардың теңдігі туралы, өрнектерді түсіну: сонша – қанша, тең, көп –
бірдей. Заттар салыстырып, олардың шамаларын сіңіру: ұзын – қысқа,
бірдей, жоғары – төмен, кең – тар, жуан – нəзік, көбірек – аз. Пішінді
анықтау: шеңбер, шаршы, үшбұрыш. Кеңістіктің бағыттарын танып білу:
алға, артқа, оңға, солға. Уақытты бағдарлау: таңертең, күн, кеш, түн.
Əлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде,
балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған
тəжірибесі көбейеді. Балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен
танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына əкеліп
соғады. Яғни, балаға əлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге
деген құштарлығы арта түседі.
Əр жаста сенсорлық тəрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады,
сенсорлық мəдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады. Бір жас кезінде
негізгі міндет балаға заттардың қасиеттеріне назар аударуын дамыту,
жеткілікті байлықты жəне сыртқы ортаның алуан түрлілігін ұсыну болып
табылады. Балада ұстау қимылдары қалыптаса бастағанда, бұл мақсатқа
тағы бірі қосылады – балаға заттың пішіні, көлемі жəне кеңістікте
орналасуына ұмтылу қимылдарын дағдыландыру қажет. Ақырындап
мұндай дағдылар бала үшін нақты мəн бере бастайды («кішкентай» – бұл
бір қолмен ұстауға болатын нəрсе, «үлкен» – екі қолмен, «домалақ» –
толықтай алақанмен ұсталады, «төртбұрыш» – затты саусақпен екі
жағынан ұстайтын нəрсе т.б.). Осы кездегі сенсорлық тəрбиелеу – жалпы
тəрбиелеудің негізгі түрі.
Үш жастағы балалар қарапайым өнімді əрекеттерді орындай алады
(мозаика құрастыру, құрылыс материалдарынан қарапайым заттарды
жинау). Бірақ ол кезде олар көрген заттар мен қолданылатын
материалдардың қасиеттеріне аса назар аудармайды, өйткені олардың
маңызын түсінбейді жəне оған назар салмайды. Сондықтан балаларды


қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету кезінде, əр бала пішін,
көлем, түс – заттардың тұрақты белгілері екендігін ұққан жөн. Үш жас
кезінде балаларды сенсорлық тəрбиелеудің дайындық кезеңі аяқталады
жəне ары қарай олардың сенсорлық мəдениетті жүйелі меңгеруді
ұйымдастыру басталады.
Қорыта келе, сенсорикалық қабілетті дамытудың бірден-бір көзі –
балабақша. Балабақшада бастау алатын бұл кезеңдер бала дамуында
маңызды рөл атқарады.
1
2
10


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет