Педагогикалық технологиялар, тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуға арналған бағыт.
Өзін-өзі дамыту идеясы қазіргі заман мен практикада өте тартымды болғандығы соншалықты, әр тұлғаның шамасы кеңінен айқындалып, оны дамытуға арнайы технологиялар жасалған. Біздің елімізде ондай мүмкіншіліктер жақын арада, ХХ ғ. соңғы жылдарында ғана пайда болды, және ол демократияландыру мен ізгілік үрдістерін кең мағынада дамытумен байланысты.
Оқыту технологиясы мен тәрбиелеуге жан-жақты талдау беруге мүмкіншілігі болмай (немесе еркін тәрбие идеясынан бастап, қазіргі заманға ғылымдағы барлық гуманистік бағыттарға шолу жасау керек еді), бірақ сүйемелдеудің не екенін практикада көрсетуге тырысып, өзін-өзі дамытуға бағытталған технологияда ол қалай жүзеге асады?
Үш технологияға тоқталып өтейік: К.Роджерстің жеке бағыттағы технологиясы, күштемеу педагогикасының технологиясы [47], Г.К Селевконың тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясы.
К. Роджерстің жеке бағыттағы «технологиясы». К.Роджерс ХХ ғ. ұлы психологы болып табылады, ол гуманистік психологиямен психотерапияның негізін қалаған. Тақырыптың атында «технология» деген сөз тырнақшаға бекер алынбаған. Роджерс өз ұстанымы бойынша, әр түрлі технологиялыққа, қалыптастыруға, өзінің тұжырымдамасына қайшылығына, үйлесімді-үйлесімсіздігіне, адамға көзқарасына қарсы болады. Әрине, ол дұрыс айтады, бірақ «технология» термині қазіргі педагогикалық ғылым мен практикада нақты бекітілгендіктен, болашақта да ол белгілі қосымша түсініктерде пайдаланылады, бірқатар жұмыс жүйесін айта отырып, оқыту мен тәрбиенің ұйымдастырылуының қандайда бір жетістікке жететініне кепіл бола алмайды.
К.Роджерстің тұжырымдамасының негізі туралы қысқаша айтылған, соған қарамастан, жеке бағыттағы технологиясын ары қарай түсіну үшін қайталап, қарастыратын мәселенің мағынасын аударамыз және кеңейтеміз. Автордың пікірінше, адамның мінез-құлқына түрткі болатын жағдай – өзектілікке ұмтылу, ал өзектілікке ұмтылудың бір бөлігі – өзінің «Менін» өзектендіруге ұмтылуы (өзіндік өзектілік). Осыған байланысты К.Роджерс мынадай түсініктерді бөліп көрсетеді: «шынайы Мен», «мінсіз Мен», «әлеуметтік қоршаған орта».
Шынайы Мен – бұл өзін, сезімдерін, бағдарларын, құндылықтарын көрсету жүйесі.
Мінсіз Мен – тәжірибесі мен терең күйзелістері.
Әлеуметтік қоршаған орта – бұл нормалары, құндылықтары, көзқарастары, мінез-құлық қабілеті.
Шынайы Мен мен мінсіз Меннің арасындағы пайда болатын сәйкес келмеушілік (сәйкессіздік) адамда қорқыныш сезімін туғызады, мінезінің бейімделмеген де үлгісін көрсетеді.
Өзінің Мінсіз Менінен алыстаған сайын, әлеуметтік ортаның көңілінен шығуға ұмтылып, одан әрі бейімсізденеді, әр түрлі психологиялық қиындықтарды сезінеді. Өзінің мінсіз Менімен сәйкес өмір сүру үшін, адам субъективті еркіндікті сезінуі қажет. Қиындықтар оның еркіндікті таңдамағандығынан немесе әлеуметтік ортаға тәуелді болып өмір сүре бастағанынан туындайды.
Осыдан психотерапияға байланысты маңызды қорытынды туындайды (К.Роджерс психотерапевт екенін есімізге түсіріп қояйық): психотерапевтің негізгі міндеті – адамға өзінің тәжірибесімен түсінікте өмір сүруіне, өзімен-өзі болуына көмектесу. Бірақ, психотерапевтің өзі әлеуметтік ортаға жататын болғандықтан, ол адамды еріксіз көндіруге, кері әсер етпеуі қажет. Оның міндеті мынада: науқастың өзін-өзі анықтауына мүмкіншілік беру, өзінің ойы мен сезімін еркін білдіру, өзін қалай қабылдайтынын сезіну.
Соңында психотерапевт көмек көрсетуі қажет. Шынайы Менмен мінсіз Менді бір арнаға салуы керек. Бірақ мұндай көмек тек бірқатар үрдістері сақтағанда ғана оң нәтиже береді:
Науқасқа тұлға ретінде оң көзқарас көрсету және қабылдау;
Науқастың сезімін түсіну және оның мәніне қатысты көңіл-күйіне ортақтасу;
Психотерапевтің науқаспен жұмысында шынайы болу қабілеті.
Бұл психотерапевтік жұмысты К.Роджерс педагогикалық практикаға ауыстырады. Оның педагогикалық теориясының мәні мынадан тұрады:
1) Педагогикалық қызметтің мақсаты – тұлғаның «толық қолдануының» шартымен қамтамасыз ету, барабар және икемді, сау Мен концепциясын дамыту. Ал, оны тұлғаны қалыптастыру жолымен емес, жеке өсу жолына көмек ретінде жасауға болады;
2) Тұлғаның өсуін дамытудың қайнар көзі мен күші адамның өзінде екенін мойындайды. Сондықтан автор «қалыптастыру» терминіне қарсы шығады, бұл «білімді сіңіру» түсінігіне қарсы шыққанмен бірдей. Оның ойынша, нағыз құнды білім, тұлғаның жеке тәжірибесімен негізделген және жауапкершілікті тек өз қалауымен алуы.
3) Тұлғаның сәтті дамуының бастапқы шарты өзін-өзі қабылдауы болып табылады. Тек өзін қадірлейтін, өзіне сенімді адам ғана тура және тәуекелшіл қадамдарға бара алады, өзін-өзі дамытуға дайын болады. Соған байланысты, мұғалім мен педагогтің де рөлдері ауысады. Олардың қызметі тек білім беру, тұлғаның қабілетін қалыптастыру емес, олардың жеке тұлғаның дамуына, өзін-өзі жетілдіруімен өзіндік өзектілікке бағыт беру.
Сондықтан мұғалімдер К.Роджерсті ұстаз-фасилитатор деп атайды (фасилитатор – бұл жеке тұлғаның өсу тенденциясына ынта беретін адам).
Мұндай ұстаз-фасилитатор деген жоғары атаққа тек мынадай шарттарды орындап қана жете алады:
Бүкіл оқу үрдісі кезінде балаларға толық сенім арта алатындығын көрсету;
Оқушыларға жеке өздерінің және топтың алдында мақсаттарын анықтауға және қалыптасуына көмектесу;
Ең бірінші – әрқашан оқушылардың білім алуға ішкі түрткінің бар екенін ескеру;
Оқушыларға ұстаз әр түрлі тәжірибелерді жасаудың көзі болуы керек, ал олар туындаған қиындықтар мен шешімін таба алмаған міндеттеріне көмек сұрай алуына мүмкіншілігі болуы қажет;
Өзінде топтың эмоционалды көңіл-күйін сезініп, оны қабылдау қасиетін дамыту керек;
Топтық іс-әрекеттің белсенді мүшесі болу;
Топта өзінің сезімін ашық көрсету;
Әр оқушының күйзелісі мен сезімін түсіну үшін эмпатияға жетуге тырысу;
Өзін-өзі жақсы білу.
Ұстаз-фасилитатордың нақты үлгісі мен әдісін айтқанда, К.Роджерс өзі де әмбебап әдіс пен іс-әрекет тәсілінен бас тартқандықтан, оларға аса мән бермеді. Оның айтуынша, мұғалім әдістемелік құрал таңдауына құқығы бар, қажетті жағдайға байланысты әдіс-тәсілдерді қолдануына болады.
К.Роджерс және басқа да кемеңгер психология мен педагогиканың өкілдерінің тағы да кейбір әдістері туралы айтуға болады, ол: топтық жұмыстың (пікірталасқа байланысты) әр түрлі әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |