Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Сыртқы акушерлік тексеріс (Леопольд-Левицкий тәсілдері)»



бет5/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.9. Стандарт «Сыртқы акушерлік тексеріс (Леопольд-Левицкий тәсілдері)»


Зерттеу мақсаты: жатырдағы ұрықтың орналасуын анықтау.
Ресурс: кушетка, фантом, кукла.
Іс-әрекет алгоритмі.
1 .Әйелге зерттеу туралы айтыңыз.
2. Әйелді кушеткаға аяқтарын жазып жатуын айтыңыз.
3.Кушеткаға әйелдің бетіне қарап отырыңыз.
4. Бірінші тәсіл бойынша жатыр түбінің биіктігін және ондағы ұрық бөліктерін анықтау. Ол үшін екі қолдың саусақ ұштары бір-біріне бағытталып, жатыр түбіне орналасуы керек және саусақ ұштары бір-біріне жанаспауы тиіс. Жатыр түбі биіктігінің төс сүйекке және кіндікке қатынасын анықтаңыз және жатыр түбінде орналақан ұрықтың қай бөлігі екенін анықтаңыз.
5. Екінші тәсіл арқылы ұрықтың орналасуын, позициясын анықтаңыз. Ол үшін екі қолдың алақандарын жатырдың бүйір беттеріне қойыңыз. Егер жатырдың бір жақ бүйірінде жазық және дөңес бөлік анықталса, ол ұрықтың арқасы, ал егер ұсақ бқліктер анықталса ол ұрықтың аяқ-қолдары деп есептеледі. Және егер қрықтың арқасы жатырдың сол жақ бүйірінде анықталса ол – 1 позиция, арқасы бері қарап жатса алдыңғы түрі, артқа қарап жатса артқы түрі деп есептеледі. Дәл солай егер ұрықтың арқасы жатырдың оң жақ бүйірінде анықталса ол 2 позиция, арқасы алдыға қараса алдыңғы түрі, артқа қараса артқы түрі деп есептеледі.
6. Үшінші тәсіл арқылы ұрықтың жамбас астауына келіп тұрған бөлігін анықтау. Ол үшін оң қолдың үлкен саусағын қасаға сүйектің бір жағына қарама-қарсы жаққа қалған 4 саусақты орналастырыңыз. Егер осы саусақтар арасында дөңгелек пішінді, қатты және қозғалмалы мүше анықталса ол ұрықтың басы, ал егер дғес, ірі және қозғалмайтын жұмсақ бөлік анықталса ол ұрықтың жамбасы деп есептеледі.
7. Төртінші тәсіл арқылы ұрықтың кіші жамбас астауына қатынасын анықтау. Бұл тәсіл 3 тәсілдің жалғасы деп есептеледі. Ол үшін әйелдің аяқтарына қарап тұрыңыз және екі қолдың саусақ ұштарын бір-біріне жақындата қасаға сүйекті ішіне қарай басыңыз. Сол кезде ұрықтың келіп тұрған бөлігінің кіші жамбас астауына қатынасы анықталады.
8.Алынған мәліметтерді медициналық құжаттарға тіркеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет