Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі



бет34/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81
стандарт акуш гин

Іс-әрекет алгоритмі.
1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қажеттілігін және емшараның орындалу барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.
2. Зәр қуығын босатудың қажеттілігі туралы хабарлаңыз.
3. Орынтаққа клеенка мен астына салғышты төсеңіз.
4. Әйелге гинекологиялық орынтаққа арқасымен, аяқтары жамбассан және тізе буындарында бүгілген, ашылған, тізе асты шұңқырлар тіреуішке тірелген жағдайында жатуға көмектесіңіз.
5. Қараған кезде тыныс алуы кеңінен болуын, түсіндіріңіз.
6. Сарпайды қарауға дайындаңыз, сыртын және санның ішкі беткейін корнцанг және шарик көмегімен дезинфекциялық ерітіндімен сүртіңіз.
7. Қолдарыңды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
8. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
9. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз.
10. Оң қолмен ұқыпты қынапқа Куско айнасын енгізіңіз: басында ұзынша орналастырып, сосын көлденең жағдайға ауыстырыңыз, ал қынапта оны жатыр мойнына жеткізбей, ашыңыз.
11. Айнаны винттің көмегімен ашық түрінде бекітіңіз.
12. Қынапқа Фолькман қасығын (пинцетте болады) кіргізіңіз, қынаптың төменгі бүйірлі қабырғасына сәл жанап ұқыпты түрде жағынды алыңыз.
13. Жазушаларды езбей, заттық әйнекке жұқа қабатпен жағындыны жағыңыз.
14. Егерде қынапта көп бөлінділер болса, онда жағындыны алардың алдында қынапты ұқыпты түрде пинцетке мақта тығынды алып (жақсы көріну үшін) құрғату қажет.
15. Айнадағы винтті ашыңыз.
16. Қынаптағы айнаны біртіндеп жабып ұқыпты түрде шығарыңыз.
17. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және оны КБУ салыңыз, ал айнаны, Фолькман қасығын, пинцетті және корнцангті 3% хлорамин ерітіндісіне бір сағат бойы салып қойыңыз.
18. Қолыңды сабындап жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
19. Зертханаға жолдаманы дайындаңыз:
Кабинет нөмірі
Ф.И.О.
Жасы
Жұмыс немесе оқу орны
Жағындның мақсаты (мазок на степень чистоты)
дата
акушердің, медбикенің, дәрігердің қолы
20. Жағындыны зертханаға жіберіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет