3.1.62. Стандарт «Cervix – Brush пайдаланып онкоцитологичға жағынды алу»
Зерттеу мақсаты: онкологиялық ауруларды ерте анықтау.
Ресурс: гинекологиялық кресло, стерильді пелёнка, лоток, стерильные перчатка, Куско айнасы, пинцет, 4-6 дәкелік тампон, заттық әйнек, этил спирті 96°, наркоз үшін эфир, фиксатор.
Іс-әрекет алгоритмі.
Әйелге түсіндіріп, келісімін алыңыз.
Гинекологиялық креслоны жеке клеенкмен немесе стерильді пелёнкамен жабыңыз.
Гинекологиялық креслоға әйелді арқасымен жатқызыңыз.
Қолыңызды жуып, өңдеңіз.
Лотокқа перчатка, Куско айнасын, пинцет және 4-6 дәкелік тампондарды салыңыз.
Заттық әйнек дайындаңыз (жуып, спирт немесе эфирмен сүртіп, құрғату), фиксатор, Cervex – Brush стерильді қаптың ішінде
Стерильді перчатка киіңіз.
Оң қолыңызға Куско айнасын алыңыз.
Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен .жыныс еріндерін ашыңыз
Айнаны жабық күйінде қынаптың бүйір қабырғасымени енгізіңіз.
Айнаны артқы күмбезге дейін енгізіңіз
Жармаларды ашыңыз.
Бұрамаларын бекітіңіз.
Жатыр мойнын және қынапты қарап-тексеріңіз.
Жатыр мойнын қарағанда оның бетіндегі шырышқа да мән беру керек.
Егер шырыш көп болса оны жұмсақ мақталық тампонмен алып тастау керек.
Cervex – Brush пакетін ашыңыз.
Cervex – Brush қынапқа және ары қарай жатыр мойнының каналына енгізіңіз.
Cervex – Brushты жатыр мойнының каналына енгізген соң оны 5 рет айналдыра баяу айналдырыңыз.
Щётканы алып шығыңыз.
Щёткадағы шырыгһшыт заттық әйнекке ұзыннан жағыңыз.
Жағындыны фиксатормен бекітіңіз.
Айна жармаларын босатыңыз.
Айнаны шығарыңыз.
Дез.ерітіндіге салыңыз.
Әйелдің тұруына көмектесіңіз.
Перчатканы шешіп, ережеге сай тастаңыз..
Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеп құрғатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |