Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


-57. Стандарт «Жатыр мойнын екі жармалы гинекологилық айна арқылы қарау»



бет32/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81
стандарт акуш гин

3. 1 -57. Стандарт «Жатыр мойнын екі жармалы гинекологилық айна арқылы қарау»
Мақсат: Жатыр мойны және қынап патологияларын анықтау
Ресурс:

  • Перчатка

  • Стерильді қынаптық айналар (екі жармалы Куско айнасы)

  • Іс-әрекет алгоритмі:

1. Әйелді гинекологиялық креслоға жатуын айтыңыз.
2. Стерильді перчатка киіңіз
3. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз

  1. Оң қолға екі жармалы Куско айнасын жабық күйінде алып, қынаптың бүйір қабырғасымен жатыр мойнына қарай енгізіңіз және айнаны ашып, жатыр мойнын жалаңаштаңыз.

  2. Анықтаңыз:

  • Жатыр мойны және қынаптың шырышты қабаттарының түсін;

  • Патологиялық өзгерістердің бар-жоқтығын (тыртық, полип, эрозия);

  • Жатыр мойнының формасы (конус, цилиндр, деформацияланған);

  • Сыртқы аран формасы (домалақ, саңылау тәрізді);

  • Бөлінділер сипаты (шырышты, іріңді, қан аралас).

6. Айналарды шығарған кезде қынапқа да назар аудару керек.


3.1.58. Стандарт «Жатыр мойнын қасық тәріздес Симс айналары арқылы қарау»


Мақсат: Жатыр мойны және қынап патологияларын анықтау
Ресурс:

  • Перчатка

  • Стерильді қынаптық айналар (қасық тәріздес Симс айнасы)

  • Іс-әрекет алгоритмі:

1. Әйелді гинекологиялық креслоға жатуын айтыңыз.
2. Стерильді перчатка киіңіз
3. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс еріндерін ашыңыз

  1. Оң қолыңызға қасықтәрізді Симс айнасын алып алдымен төменгі айнаны қынаптың бүйір қабырғасымен енгізіңіз, кейін екінші үстіңгі айнаны дәл солай қынаптың бүйір қабырғасымен енгізіп жоғары тартып, жатыр мойнын жалаңаштап, қарап тексеріңіз.

5. Анықтаңыз:

  • Жатыр мойны және қынаптың шырышты қабаттарының түсін;

  • Патологиялық өзгерістердің бар-жоқтығын (тыртық, полип, эрозия);

  • Жатыр мойнының формасы (конус, цилиндр, деформацияланған);

  • Сыртқы аран формасы (домалақ, саңылау тәрізді);

  • Бөлінділер сипаты (шырышты, іріңді, қан аралас).

6. Айналарды шығарған кезде қынапқа да назар аудару керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет