Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі



бет33/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81
стандарт акуш гин

3.1.59. Стандарт «Бимануальді зерттеу»


Зерттеу мақсаты: ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.
Ресурс: гинекологиялық кресло, жеке пелёнка, бір реттік қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Зерттеу қажеттігін әйелге түсіндіріңіз.

  2. Қуықты босату туралы әйелге ескертіңіз.

  3. Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызу (арқасымен, аяқтары тізе-сан буынында бүгілген), жеке пеленкаға жатқызу.

  4. Зерттеу кезінде әйелдің тынысының еркін болуын ескертіңіз.

  5. Бір реттік қолғаптарды киіңіз.

  6. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз.

  7. Оң қолдың ортаңғы 3 саусағын кейін 1 саусақты қынапқа енгізіңіз. Ал үлкен саусақ қасаға сүйегіне жанасуы керек.

  8. Қынапқа енгізілген саусақтармен қынап және қынап күмбездерін зерттеңіз.

  9. Кейін, енгізілген саусақтарды жатыр мойнының астынағ яғни артқы күмбезге баса отырып, сол қолыңызды құрсақтың төменгі бөлігінен жатырды пальпациялаңыз.

  10. Осылайша, жатырды пальпациялау арқылы оның орналасуын, көлемін, консистенциясын, қолғалғыштығын және ауыру сезімінің бар-жоғын анықтаңыз.

  11. Жатырды пальпациялай отырып, оның бұрыштарынан екі жақта аналық без және жатыр түтіктерін пальпациялаңыз. Қалыпты жағдайда жатыр түтіктері пальпацияланбайды. Ал аналық бездерді пальпациялай отырып, оның көлемін, піщінін, қолғалғыштығын, ауыру сезімінің бар-жоғын анықтаңыз.

  12. Қолыңызды қынаптан шығара отырып, қолғапта қалған бөлінділер сипатына назар аударыңыз.

  13. Қолғаптарды ережеге сәйкес тастаңыз.

  14. Қолыңызды сабынмен жуыңыз.



3.1.60. Стандарт «Қынап тазалығына жағынды алу»


Мақсат: Микроскопиялық зерттеуге материал алу..
Ресурс:  гинекологиялық орындық, аспап-құралдары бар (айналар, пинцеттер) стерилді үстел және жұмсақ мүліктер (шариктер, сүлгілер), жарық беретін шам, заттық әйнектер, Фолькман қасығы, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, зертханаға жолдама, дезинфекциялық ерітінді, клеенка, астына салатын төсеуіш, корнцанг, орамал, сабын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет