Iii «акушерия және гинекология» ПӘні бойынша кәсіби стандарттар «Фельдшер», «Акушер» біліктілігі


Стандарт «Сүтті қолмен сауу тәсілі»



бет30/81
Дата04.04.2024
өлшемі221 Kb.
#497599
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
стандарт акуш гин

Стандарт «Сүтті қолмен сауу тәсілі»



Мақсат: әйелді қалған сүтті саувп тастау тәсіліне үйрету.
Ресурс: Таза ыдыс және сүлгі.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Қолыңызды жақсылап жуыңыз.

  2. Сүтті сауу тыныш және таза жерде жүргізіледі. Таза ыдыс қолданылады.

  3. Сүтті сауар алдында сүт бездеріне 3-5 минут ылғалды жылы дәке салынуы керек.

  4. Сүт бездерін баяу ақырын ұшына қарай пальпациялап және массаж жасау керек.

  5. Сүт безі ұштарын да массаж жасау керек.

  6. Алдымен 2-3 тамшы сүтті шығару керек.

  7. Үлкен саусақты сүт безінің ұшынан жоғары қою керек.

  8. Сүт безін кеуде клеткасына қарай баса отырып, қалған саусақтармен сүт безінің ұшына қарай қысуы керек.

  9. Осы тәсілді ритмді түрде қайталау қажет.

10. Екі сүт безін әр 5 минут сайын қайталап алмастырып сауыңыз.
11. Сауып болған 1-2 тамшы сүтпен сүт безі ұшын ылғалдап, олардың кепкенін күтіңіз.



      1. Стандарт «Босанған әйелдің жыныс мүшесін өңдеу»



Мақсат: іріңді-септикалық асқынулардың профилактикасы.
Көрсеткіштер: Қынаптық зеттеу алдында, амниоскопия алдында, босану бөліміне ауыстырар алдында, кіші және үлкен дәреттен кейін, босану алды бөлмесінде 5 сағ артық жатқан уақытта.
Ресурс: акушерлік кресло, жеке пеленка, судно, Эсмарх кружкасы с антисептикалық ерітіндісімен, стерильді корцанг, стерильді мақталық тампондар, 1% йодонат ерітіндісі, стерильді перчатка, стерильді маска.
Іс-әрекет алгоритмі.
1 .Әйелге манипуляция мақсатын, барысын айтыңыз.
2.Әйелді акушерлік креслоға жатқызыңыз, аяқтарын сан-тізе буынында бүгуін айтыңыз, астында жеке пеленка.
З.Сегізкөз астына судно қойыңыз, фартук киіңіз, қолыңызды жуып стерильді перчатка киіңіз, маска тағыңыз.
4.Эсмарх кружкасындағы антисептикалық ерітіндіні құя отырып корнцанг арқылы келесі аймақтарды жуыңыз: қасаға, үлкен және кіші жыныс еріндері, санның ішкі беті, аралық және анус аймағын жуыңыз.
5.Дәл осы ретпен құрғатыңыз.
6.Судноны алып тастаңыз
7. Сегізкөз астына стерильді пеленка төсеңіз
8.Қолғапты шешіп, ережеге сай тастаңыз. инфекции.
9.Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет