Iiksh 4344– «індеттану және індетке қарсы шаралар» (ПОӘК)



бет30/37
Дата15.09.2023
өлшемі4.84 Mb.
#477680
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
umkd-2022-2023 vm 4 kurs 7 sem

Тапсырма: Студенттер өндірістік тәжірбиеде кездескен шаруашылықтағы немесе жеке сектордағы кездескен инфекциялық ауруға қатысты індеттанулық зерттеу актсын толтыру керек.

9- сабақ




Тақырыбы: Мал шаруашылығы қалдықтарын залалсыздандыру
Сабақтың мақсаты: Мал шаруашылығы қалдықтарын залалсыздандыру шараларын меңгеру.
Сұрақтар: 1. Көңді зарарсыздандыру.
2 . Жануарлардың өлексесін зарарсыздандыру.
Сабақтың мазмұны: Мал шаруашылығы қалдықтарын залалсыздандыру және пайдаға асырудың аса зор санитарлық, экологиялық және экономикалық маңызы бар. 10 мың тайынша бордақылайтын бір кешен 100 мың тұрғыны бар қаланың тұрмыстық қалдығына пара-пар қалдық береді. Мал шарушылығы қалдықтарының ішінде орынды көң алады. Ол инфекция қоздырушыларының ең маңызды тарату факторы болып табылады, өйткені онда микробтардың сақталуына жағдай өте қолайлы.
Малдың көңінде болатын микробтар өте көп және алуан түрлі. Сиырдың нәжісінің 16%-дайы бактериялардың үлесіне тиеді. Бұл 1 грамға шаққанда 40 млрд микробқа дейін жетеді. Көңде кейбір зардапты саңырауқұлақтар, мысалы дерматомикоздардың қоздырушылары өсіп-өне алады.
Көңді зарарсыздандыру. Көңді зарарсыздандырудың биологиялық, химиялық және физикалық жолдары бар.
Биологиялық немесе биотермиялық зарарсыздандыру көңдегі микробтардың тіршілік әрекеті әсерінен іске асады және бұл ең жеңіл әрі тиімді әдіс болып табылады. Биотермиялық жолмен ылғалдылығы 70%-дан аспайтын қатты көңді немесе сұйық көңнің қатты фракциясын зарарсыздандырады. Зарарсыздандыру көңнің қызынып, темпаратурасы 60℃-қа жеткен күннен басталады деп есептеліп, жылдың жылы уақытында екі ай, ал суық уақытында үш айға дейін созылуы тиіс. Бұл мерзімде көң зарарсызданып болады деп есептелінеді. Ал егер көң жұқпалы ауруларға шалдыққан малдан алынған болса, сақтау мерзімі одан да ұзақ болуы керек. Туберкулезден басқа спора түзбейтін ауру қоздырушылары үшін биотермиялық процестің ұзақтығы 12айдан кем болмайды, ал туберкулез кезінде бұл мерзім 2 жылдан кем болмауы керек. Биотермия кезінде аурған малдың қиын сау малдың қиымен жабу керек. Өйткені көңнің сыртқы қабаты тобарсып кебеді де, биотермиялық процесс ойдағыдай жүрмейді.
Егер көңнің ылғалдылығы 70%-дан артық болса, бірақ 88%-дан аспаса, онда оны ылғал сіңіретін сабан, ағаштың үгіндісі, ескі құрғақ көң сияқты заттармен араластырып ылғалдылығын 70%-дан аспайтын деңгейге төмендетеді де, үйіндіде ұстайды. Бұндай әдісті компастау деп атайды. Компастау мерзімі 6 ай, оның 2-3 айы жылдың жылы мезгілі болу керек.
Сұйық көңді арнаулы симдылықта аэрациялау арқылы биотермиялық жолмен зарарсыздандырады. Арнаулы қалқып жүретін аэратор қалақшалары айналған кезде көңнің төменгі қабаттарының ауамен жанасуын қамтамасыз етеді. Аэрацияның дұрыс жүргендігінің белгісі – көңнің қатты фракциялары симдылықтың түбіне шөкпей, көңнің температурасы жоғары дәрежеде болуы.
Химиялық зарарсыздандыру ерекше жағдайда, жұқпалы ауруға шалдыққан малдың көңін зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Көңді химиялық жолмен дезинфекциялау үшін сусыз аммиак, формальдегит, хлорлы әк қолданылады.
Көңді туберкулез микобактериялары және басқада спора түзбейтін зардапты микробтармен ластанған кезде сусыз аммиакпен дезинфекциялайды. Ол үшін көңнің 1 м³ көлеміне 30 кг дезинфектантты қосып, жабық сиымдылықта немесе пленкамен жабылған көң қоймасында 5 тәулік ұстайды.
Аммиак өте күшті, қопарылыс қаупі бар у. Оны арнаулы автоцистернамен тасымалдайды. Ал көңге дезинфектантты цистернадан тікелей ұшы ине тәрізді труба арқылы көңмен толтырылған симдылықтың түбіне береді. Бұл жұмысты арнаулы дайындығы бар маман противогаз бен комбинезон, алжапқыш, рәзіңке қолғап киіп атқарады. Осылайша өңделген көң топырақтың астына соқамен аударған кезде тасталынады.
Сұйық көң, егер онда спора түзбейтін туберкулезден басқа аурулардың қоздырушысы болса, формальдегидтің көмегімен зарарсыздандырылады. Үнемі араластыра отырып, көңнің әрбір кубометріне құрамында 38% формальдегид бар 7,5 л формалин қосады. 72 сағат ұстағаннан кейін дезинфекция аяқталды деп есептелінеді.
Көң садырасын садыра жинаушта хлорлы әк қосып дезинфекциялауға болады. 20 кг садыраға белсенді хлорлы 25 %-тен кем емес хлорлы әкті спора түзетін қоздырушылар үшін 0,5 кг қосады.
Физикалық зарарсыздандыру. 54 мың және 108 мың шошқаға арналған ірі кешендерде көң ағысты бу қондырғылары арқылы 110-120℃ темперетурада 0,2 мПа қысым жағдайында зарарсыздандырылады. Экспозициясы 45-60 мин.
Топалаң, қарасан, маңқа, делбе, мандам, құтырық, жыбырлақ, секіртпе, сиыр обасы, солма сияқты аурумен ауырған малдан алынған көң тек қана өртеу арқылы ойдағыдай зарарсыздандырылады. Көңді өртейтін бір қатар күрделі және қарапайым қондырғылар болады. Теміржол станцияларының дезинфекциялап жуатын пункттерінде көңді өртейтін арнаулы пеш орнатылады. Ең қарапайым әдіс – жерден қазылған ошақ. Оның тереңдігі 75 см, ені 75-100 см. Түбінен 45-50 см биіктікте металл біліктер орнатып, оның үстіне көң салынады. Астына отын тасталып, жағылады. Көңнің тез жануы үшін оны құрғақ қоқыс немесе сабанмен араластырған жөн.
Жануарлардың өлексесін зарарсыздандыру. Мал өлексесін зарарсыздандырудың қазіргі кезде үш түрлі әдісітері қолданылады. Олар: ветеринариялық-санитариялық утил заводтар мен цехтарда пайдаға асыру, өртеу және биотермиялық әдіспен зарарсыздандыру. Өлексені жерге көмуге соңғы кезде тиым салынған. Өйткені өлексе көмілген жер ұзақ мерзімге шаруашылық айналымынан шығып қалады және адам мен жануарлардың денсаулығына зиянды болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық утил заводтарының 6 түрлі типтік жобасы бар. Олар әрбір сменада 1,5 тоннадан 3 тоннаға дейін ет-сүйек ұнын шығаруға есептелген. Заводты дөңес жерге, қоғамдық үй-жайлар мен мал фермаларынан кемінде 1000 м, ал мал кешендерінен 3000 м қашықтықта салады.
Ветеринариялық-санитариялық утил завод мал өлекселері мен басқада қалдықтарды жинап, залалсыздандырады. Өзі қамтитын територияда (әдетте бір әкімшілік ауданда) тиісті ветеринариялық-санитариялық тәртіп орнатады, ет-сүйек ұнын, техникалық және жемдік май, тері, желім өндіруді қамтамасыз етеді. Мұндай заводтарда малдың өлімінің себептерін анықтайды. Жұқпалы аурулар айқындала қалған жағдайда ветеринариялық қызымет орындарына хабарлап, аурудың тез жойлуына ықпал жасайды.
Шикізатты жинау. Заводтың қызметін пайдаланатын шаруашылықтар ведмостволық бағынштылығына қарамастан өзіндегі мал шаруашылығы қалдықтарын заводқа өткізіледі. Оларға мал өлекселері мен қасапхана тастандыларын жерге көмуге немесе басқадай жолмен жоюға тиым салынады.
Өлексені жинау үшін әртүрлі шаруашылықтар, кей жағдайда жеке ірі мал фермалары өзінің немесе бірнеше шрауашылыққа ортақ шаруашылық аралық өлексе жинау пунктін салады. Пункт типтік жобаға сәйкес, тұрғын және қоғамдық үйлерден 500 м қашықтықта 3 түрлі салынады.

  1. Бір қабатты өз канализациясы бар тоңазытқыш камерасыз.

  2. Бір қабатты электроэнергиясы мен тоңазытқыш камерасы және өз канализациясы бар.

  3. Лапаспен жабылған әрқайсысының симдылығы 360 кг 8 контейнер қойылған алаңшық.

Малдың өлексесін жинау пунктіне мал өсіретін шаруашылық өзі, ал қалалар мен поселкелерде әкімшілік тағайындаған мекеме жеткізеді. Қожалықтар басқада мал иесі өлексені 12 сағаттың ішінде, шалғайдағы мал отарларынан 24 сағатта жинау пунктінде арнаулы көлікпен жеткізуге тиісті. Ол үшін жын мен қан сорғаламайтындай етіліп, кузовы темірмен қапталған арнаулы автомашина пайдаланылады. Ірі қара өлексесін тиеп-түсіру үшін машинаға шығыршықты білік орнатылады. Ұсақ малдың өлексесін жинау үшін қоқыс таситын М-20 маркалы автомобильді пайдалануға болады.
Шалғайдағы мал отарларынан, әсіресе жаздың күні шірітпей жеткізу мүмкін болмағандықтан өлексені консервілеуге тура келеді. Бұл мақсатпен параформның (құрғақ формалин) 2%-ы ерітіндісі, гексаметилентетраминнің (уротропин) 2%-ы ерітіндісі қолданылады.
Өлексені өртеу – қоздырушылары спора түзетін (топалаң, қарасан, секірітпе) немесе аса қауіпті жұқпалы аурулар (маңқа, сиыр обасы, құтырық) кезінде міндетті шара болып есептелінеді. Бұл әдіс зарарсыздандыру жағынан сенімді болғанымен экономикалық жағынан тиімсіз.
Ешқандай жағдай жоқ даладағы жағдайда өлексені өртеу үшін жер ошақты пайдалануға болады. Жер ошақты 0,5-0,7 м тереңдікте қазып бетіне көлденең темір салып, астын отынға толтырып, бетіне өлексені тастайды. Өлексені бастыра тағы да отын тастап, оны айналдыра киіз үй тәрізді етіп қаңылтыр немесе басқа да жанбайтын затпен бастыра қоршап, төбесінен шаңырақ тәрізді тесік қалдырады. Отынға от қойғанда, онымен қоса өлексе де түгел жанып кетеді. Ірі қараның өлексесін өртегенде 2,5-3 м³ отын жұмсалып, 6-7 сағат ішінде толық жанып болады.
Биотермиялық апан (Пирятин, чех, Беккари апандары) ет-сүйек ұнын жасайтын завод болмаған жағдайда өлексені зарарсыздандыру үшін аса қолайлы әдіс болып табылады. Биотермиялық апан мал қораларынан, өндіріс және тұрғын объектілерінен кемінде 300 м қашықтықта жер асты суы төмен орналасқан ауданы 594 м² жер бөлінеді. Оны дуалмен қоршап, ішінен тереңдігі мен ені 1 метрден ор қазады. Территорияның дәл ортасынан диаметрі 3 м тереңдігі 10 м апан қазылады. Қабырғасын кірпіш не басқа материалмен қалап, оны жер бетінен 40 см көтеріп, таспен көмкереді (5-сурет). Бетін қос қақпақпен жабады. Қыстың күні қос қақпақтың арасында сабанмен толтырылған бөстек болу керек. Апанның үстіне лапас орнатып, жауын-шашыннан қорғайды. Ауа соратын тақтайдан жасалған вентилияция шахтасы (25×25 см) лапастың төбесінен жоғары шығып тұруы керек. Апанның жанында өлексе соятын үйшік немесе алаңқай жасалады.
Биотермиялық апанда өлексе шіріткіш микробтардың тіршілігі нәтижесінде зарарсызданады. Микробтардың қауырт өсіп-өнуінен өлексенің температурасы 65-70℃-қа жетеді де, оның нәтижесінде барлық зардапты микробтар өліп қалады. Бұл жағдайда спора түзгіш бактериялар споралық түрге ауыса алмайды.
10- сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет